Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қалалық басқармалар » "Жұмыспен қамту орталығы" ММ » Міндеттері мен мақсаты

Міндеттері мен мақсаты

Орталықтың негізгі міндеті:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.    
Негізгі функциялары:
1.Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету;
2.Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау;
3.Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді тіркеу;
4.Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларды санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;
5.Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету;
6.Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасау, қатысушылар қабылдаған міндеттемелердің мониторингін жүргізу;
7.Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
8.Бағдарламаның жекелеген қатысушыларын оқыту және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім жасасу;
9.Оқуды аяқтаған немесе тиісті кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларды ұйымдардағы бос жұмыс орындарына, еңбекақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға ұзақтығы 9 айға дейінгі уақытша жұмыстарға орналастыруға жәрдемдесу;
10.Жеке ісін ұйымдастыруға ниет еткен Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру және микрокредиттеу мүмкіндігін қарастыру үшін микрокредиттік ұйымдарға/кредиттік серіктестіктерге жіберу;
11.Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына немесе қайта құруға өтінім тізбесін қалыптастыру және оны инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
12.Экономикалық төмен әлеуетті елді мекендерден ерікті түрде көшуге ниет білдірген Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру;
13.Экономикалық жоғары әлеуетті елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы ұйымдардың еңбек ресурстарына деген сұранысын және олардың жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігін айқындау;
14.Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде көшіп келуіне жәрдемдесу және оларға Бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету;
15.Бағдарламаға қатысушыларына Бағдарламаны іске асыру аясында құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдемдесу;
16.Бағдарламаға қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ басқа да қалалық деңгейде көзделген мемлекеттік қолдау түрлерін алуына жәрдемдесу;
17.Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдық жұмыс орындарының, Бағдарламаға қатысушылардың, оларға қатысты қабылданған мемлекеттік көмек шараларының, әлеуметтік келісімшарттардың орындалу барысының жалпыұлттық дерек қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
18.Қалалық комиссияның отырыстарында қарау үшін Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде материалдар даярлау;
19.Қалалық деңгейде Бағдарламаны іске асыру мониторингі, әкімшілікке талдау және статистикалық ақпарат даярлау және ұсыну;
20.Азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау болып табылады.