Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Қалалық басқармалар » "Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Жалпы мәлімет

      Текелі қаласының әкімшілігінің № 126 қаулысымен 13 мамыр 2011 жылы «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Орталықтың құрылтайшысы Текелі қаласының әкімшілігі болып табылады.Орталықтағы штат саны – 5 бірлік.
«Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры – Жантекеева Камшат Жұмабекқызы
Орталыққа қатысты мемлекеттік басқармасының органы «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Орталықты ұстау кезіндегі шығындарды қаржылау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
Орталықтың заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Текелі қаласы, Төле би көшесі, 40 үй, 47 пәтер, байланыс телефон,факс: 8(72835)4-32-24.

Өмірбаян
Басшысы – Жантекеева Камшат Жұмабекқызы
Мен  Жантекеева Камшат Жұмабекқызы 1984 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.
2001 жылы Зайсан қаласының М. Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сыныбын бітірдім.
2001 жылы Д. Серікбаев ат Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы оқуды аяқтап, «Инженер- эколог» мамандығын алдым, ал 2009 жылы Ө. А. Жолдасбеков ат экономика және құқық академиясына оқуға түсіп, 2011 жылы «Құқықтану» мамандығына ие болдым.
2008 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Зайсан аудандық зейнетақы мемлекеттік төлеу орталығында біліктілігі орта деңгейдегі маман болып қызмет атқардым. 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың шілде айына дейін Текелі қалалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс атқардым.
2011 жылдың шілде айынан Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығында маман ретінде қызмет атқара бастадым, 2014 жылдың тамыз айынан Жұмыспен қамту орталығында директор болып тағайындалдым.
Отбасы жағдайым-бойдақпын.