Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Мемлекеттік бағдарламалар » "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы"

"Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 тамызындағы № 817 кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚАУЛЫСЫ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « 31» желтоқсандағы

№ 1548  қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 19 маусымдағы

№ 636 қаулысымен

бекітілген

 

 

 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

 

  1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы                                14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы

Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне

қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Бағдарлама мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Бағдарламаның міндеттері

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;

кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі                           2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;

атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері

 

1-кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

2016 жылға қарай:

кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;

жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.

2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

Қаржыландыру көздері және көлемі

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте:

2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;

2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;

2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;

2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

2. Кіріспе

1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.

Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты арттырылуда.

Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы             (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.

Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.

Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және    2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендеді.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде:

1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ – 34 жасқа дейінгі адамдар;

2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер (тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзінің тұтынуы үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері);

3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмаған және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды;

4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткір болып отыр. Бұл:

жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндірістік базаға;

көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағанына;

өткізу нарықтарынан шалғайлығына;

ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігіне;

қаржылық қызметтердің жеткілікті қолжетімді болмауына (ауылда екінші деңгейдегі банктер жоқ) байланысты.

Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары қолданылады. Олар:

еңбек ресурстарын дамытуды (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);

жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);

жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);

еңбекке ынталандыруды күшейтуді (кәсіби бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) болжамдайды.

Орын алған проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігін ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.

 

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары

1. Бағдарламаның мақсаты

3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

 

4. 2016 жылға қарай:

1) кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;

2) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды;

2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер индикаторлары Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

5. Бағдарлама шеңберінде:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %;

2) жұмыссыздар: 2013 жылы – 15,0 %, 2014 жылы – 18,0 % және          2015 жылы – 21,0 %;

3) табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері: 2013 жылы – олардың жалпы санынан 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.

 

3. Бағдарламаның міндеттері

6. Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;

2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту.

3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Бағдарламаны іске асыру оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығын дамытуға бағытталған.

7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру;

3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.

8. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

республикалық деңгейде:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК);

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы);

облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;

кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады.

5. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету

9. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын  1 ақпанға дейін алдағы қаржы жылына қаржыландыру лимитін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныс енгізеді.

Қаражат өңірлер арасында мынадай тәртіппен бөлінеді:

80 % – халықтың санына барабар түрде;

20 % – өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне байланысты. Жұмыс нәтижелері ретінде Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру және жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, табысы аз халықтың санын қысқарту бойынша көрсеткіштер ескеріледі.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасынан:

кемінде 10 % - Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге;

50 % асырмай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жіберіледі, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың кемінде 70 %-ы Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, ауылдық  жерлерге жіберілуге тиіс.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ын қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.

Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің жалпы сметалық құнынан кемінде 10 % мөлшерде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар белгіленген лимиттерді негізге ала отырып, Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, алдағы қаржы жылына бюджеттік өтінімді қалыптастырады және тиісті орталық мемлекеттік органдарға бюджет заңнамасында белгіленген нысандарда жыл сайын 15 сәуірге дейінгі мерзімге ұсынады.

Тиісті орталық мемлекеттік органдар Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарлама операторына бюджет заңнамасында белгіленген нысандарда бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 1 мамырға дейінгі мерзімге ұсынады.

Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органға ұсынады.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты  республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу, онымен қоса облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Өңірлер бөлінген қаражаттан бас тартқан немесе тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама операторы ВАК-тың қарауына қаражатты басқа өңірлерге қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізеді.

Республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады, бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.

Лимит бойынша ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардың арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалады:

1) жұмыссыздық деңгейі;

2) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың қатысушылардың жалпы санындағы үлес салмағы;

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесін ұлғайту;

4) еңбекке қабілетті азаматтардың халықтың аз қамтылған құрамындағы үлесін қысқарту;

5) Бағдарламаның әрбір бағыттарында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;

6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өткен адамдар ішінен Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;

7) инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының (тұрақты және уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшері.

Республикалық меншіктегі объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2013 жылы басталған жобалар жұмыстар толық аяқталғанға дейін қаржыландырылады.

 

6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі

10. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу үшін:

1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

2) мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы ақпаратты қамтитын жалпыұлттық дерекқорды (бұдан әрі – Жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жалпыұлттық дерекқор:

1) нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындарын;

2) нақты мамандықтар мен елді мекендер бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің жедел (1 жылға арналған) болжамын;

3) мамандықтар топтары және облыстар бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің орта мерзімді (5 жылға арналған) болжамын қамтитын болады.

Жалпыұлттық дерекқорды және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдалатын жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді.

7. Бағдарламаға қатысушылар

11. Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

12. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық мынадай санаттарға:

1) жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныбын бітірушілерді, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;

2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге;

4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;

5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;

6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;

7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;

9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;

10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын  бюджетке өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен  өтейді.

 

8. Бағдарламаның негізгі бағдарламаларын іске асыру

1. Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

13. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады);

5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру).

14. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 13-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады.

Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 13-тармағының 1) және              3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншікте тұрған объектілер бойынша іске асырылады.

15. Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді:

1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;

2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;

4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және  отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;

5) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;

6) жобалардың іске асырылуын жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктері;

7) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;

8) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.

16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші – мердігерлерге жібереді.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.

17. Жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органға – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы бойынша жобаларды, өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған жобалар қаралмайды.

18. Жобаларды қарау барысында өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган жобалардың осы Бағдарламаның 13-тармағы 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган 13-тармақтың               4) тармақшасына сәйкестігін тексереді және тиісті қорытындылар әзірлейді.

19. Жобаларға теріс қорытындылар берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.

Оң қорытынды берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар Бағдарлама операторына қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін жібереді.

20. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселесі жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган ұсынған қорытынды негізінде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды қарайды.

21. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) құрылыс кезінде кемінде 30 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда (қалада), оның ішінде уақытша тіркеумен тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.

22. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органдардың және Бағдарлама операторының келісімімен көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жібере алады.

23. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың   5-күніне өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға, ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша Келісімге қосымшада көрсетілген нысан бойынша есепті денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органға ұсынады.

Есептерде:

1) жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық еңбекақысының мөлшері;

3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;

4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына құрылған жұмыс орындары және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан  Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

24. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық мемлекеттік органдар жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Бағдарлама операторына Бағдарламаның 23-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес есептер ұсынады.

Инфрақұрылымдық жобаларға қатысу тетігі.

25. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуға тілек білдірген және оған мүмкіндігі бар Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).

26. Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек ресурстарына жұмыс берушілердің қажеттілігін есепке алып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.

27. Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

28. Инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшысының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

29. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

30. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органдар мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.

 

2. Екінші бағыт:
кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

31.    Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.

 

Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау

32. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.

33. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу;

2) микрокредиттер беру;

3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;

4) жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу.

34. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.

35. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларымен айқындалады.

36. Микрокредит беру шарттары:

1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында           0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;

3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi;

4) микрокредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгіленеді;

8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді;

10) микрокредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш беруге және 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар.

37. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жабдық алу шарттары:

1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді болжайды.

Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.

Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.

Жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2)      Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу кәріз, жылумен және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр желiлерiн алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін блок модульдермен (арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды  көздейді.

Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.

38. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.

Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.

39. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды.

Бұл ретте инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай, берілетін микрокредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.

40. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;

2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді. Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;

3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды;

4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.

Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;

5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, микрокредит ұсыну туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады.

41. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға тілек бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.

Уәкілетті жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті курстарынан өткені туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер бола алады;

4) микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;

микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;

5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;

6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;

инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;

7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.

Тірек ауылдарды кешенді дамыту

42. Тірек ауылдарды кешенді дамыту ауылдарды мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен тірек ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

43. Тірек ауылдық елді мекен – ауылдық елді мекендердің белгіленген тобына мемлекеттік, білім беру, медициналық, қаржылық-делдалдық, мәдени-демалыс және сервистік қызметтердің кең ауқымын көрсететін дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымы бар жайластырылған елді мекен.

44. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

45. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек ауылдарды айқындау, тиісті қорытындыны келісу әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес баға беру үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі   уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қоса тірек ауылдар тізбесінің жобасын жібереді.

46. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға енгізу үшін және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен тірек ауылдарды таңдап алады.

47. Тірек ауылдың мастер-жоспары тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады, ол кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған.

Тірек ауылдың мастер-жоспары:

тірек ауылдың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне талдауды;

оның экономикалық қызметтің нақты түрін мамандануын ескере отырып, тірек ауылды дамыту мүмкіндіктері мен шарттарын айқындауды;

қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ жеке инвестицияларды  қамтитын мастер-жоспарды іске асырудың тетіктері мен құралдарын;

инвестицияларды тартуды көздейтін тірек ауылды дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың қадамдық жоспарларын, шикізат базасын, қайта өңдеуді дамытуды, ілеспе және қосалқы өндірістерді, инфрақұрылымды дамытуды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және табысы аз азаматтарды ауылды дамыту жөніндегі жұмыстарға тартуды;

қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларының көлемдерін және басқа қаржыландыру көздерін, іске асыру мерзімдері мен жауапты орындаушыларды айқындауды қамтиды.

48. Тірек ауылдың мастер-жоспарында көзделген іс-шараларды қаржыландыру Бағдарламаны, сондай-ақ қолданыстағы басқа мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бөлінген жалпы лимиттер шегінде жүзеге асырылады.

49. Тірек ауылдың мастер-жоспарын іске асыру барысында Бағдарламада көзделген құралдар шектеусіз қолданылатын болады.

50. Тірек ауылдардағы жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушыларды қосымша ынталандыру:

1) 5 жылдан аспайтын мерзімге 5 млн. теңгеге дейінгі сомада микрокредит беру;

2) бір айға дейінгі мерзімге кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, бизнес-жоспар даярлауға көмек көрсету, жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер және ИКИ дамыту, Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу;

3) Бағдарлама қаражатынан тыс тірек ауылдарда жобаларды іске асырып жатқан адамдарға берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

4) тірек ауылдарда тұратын және Бағдарламаға қатысушы болған адамдарға өздерінің таңдаған Бағдарлама бағыттарына сәйкес мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ұсынылады.

51. Тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі функцияларды іске асыруды қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

52. Тірек ауылдарда тұратын адамдардың екінші деңгейдегі банктер кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру тетігі, тәртібі, шарттары мен көздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің     2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Бизнестің 2020 жол картасында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

53. Мастер жоспарды әзірлеу тәртібі:

1) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ауыл округтерінің әкімдері тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлейді;

2) тірек ауылдың мастер-жоспары жергілікті қауымдастық жиынына талқылауға шығарылады және жеке және заңды тұлғалар  ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында іске асырады;

3) жергілікті қоғамдастық жиынында мақұлданған тірек ауылдың мастер-жоспары аудандық комиссияның қарауына шығарылады және оң қорытынды алынғаннан кейін өңірлік комиссияның қарауына жіберіледі.

4) өңірлік комиссияның оң қорытындысын алған тірек ауылдың мастер-жоспары тиісті орталық уәкілетті органдармен бірлесіп қаржыландыру және ВАК-тың қарауына енгізу жөнінде қорытындыны бағалау, ұсыну үшін Бағдарлама операторына жібереді.

5) ВАК мақұлдаған мастер-жоспарды аудан (қала) мәслихаты бекітеді және жергілікті атқарушы органдар іске асырады.

54. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады.

55. Тірек ауылды дамыту жөніндегі ұсынылатын шаралар пилоттық режимде 2014 жылы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) сыналатын болады.

3. Үшінші бағыт:

жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

 

56. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

57. Үшінші бағыттың мынадай құрауыштары бар:

1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

58. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;

2) тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;

3) кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;

4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.

Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау

59. Кәсіптік бағдарлау кәсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау Жалпыұлттық дерекқордағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Кәсіптік бағдарлау жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адам санаты арасында жүзеге асыратын болады.

60. Кәсіптік бағдарлауды жүргізуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар немесе мемлекеттік сатып алу туралы және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және/немесе үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

61. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

62. Кәсіптік бағдарлау 2014 жылы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өтеді.

Кәсіптік оқыту:

63. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

64. Оқуға үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлерді де жұмыс беруші іріктейді.

Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды өз бетінше таңдайды.

Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.

65. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

66. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы:

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды;

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды;

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды.

67. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне байланысты белгілейді.

Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және өңірлік комиссиямен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды.

68. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген тұрақты жұмыс орнына жібереді.

69. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдарды оқыту толық аяқталғанға дейін жүзеге асыратын болады.

Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу

70. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау        6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Субсидиялау мөлшері, экологиялық үстемелер бойынша төлемдерді есепке алмағанда, айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.

71. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілген жалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы                    19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.

72. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіби оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетінше не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.

73. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

74. Іске асыру тетігі:

1) үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:

ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;

3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер мәлімдеген мамандық бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі;

4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде  білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер де әлеуметтік келісімшарт тараптары бола алады.

Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;

5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.

 Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек

ресурстарының ұтқырлығын арттыру

75. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілер мен өз еркімен қоныс аударатын азаматтардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдауды алу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.

76. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:

1) бір ауданның ішінде;

2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.

77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі  уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.

78. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.

79. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;

2) қызметтік тұрғын үй беруді;

3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;

4) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды;

5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтиды.

80. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын азаматтарды  қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.

Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жатақханалардан бөлме беріледі.

Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.

81. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;

2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер Халықты жұмыспен қамту орталықтарына:

мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете отырып;

Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді;

3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бөледі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына, құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық талаптар қояды;

4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет және жұмыс берушінің барабар түрде салған қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады;

5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады:

тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі;

қоныс аударған азаматтардың міндетті түрде жұмысқа орналасуы;

жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері;

тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшін таңдау, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады;

6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.

82. Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:

1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;

2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, құжаттарды қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;

3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:

өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды;

аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

4) Бағдарлама операторы, өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үміткерлерді қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады;

5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыс орталықтарының шегінде тұратындар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге рұқсат беріледі;

6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөніндегі       іс-шараларды қамтиды;

7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

9. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

83. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.

84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражатты бөлуді келіседі;

2) Бағдарламаны орындаудың негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша есептерін тыңдайды;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін қарайды және келіседі;

85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында:

1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

2) ВАК-пен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу және Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлу туралы ұсыныстар дайындайды;

3) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді;

5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) әзірлейді және бекітеді;

6) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;

7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде Бағдарламаға қатысушылардың бір облыстан басқа облысқа көшуін келіседі.

86. Өңірлік комиссиялар:

1) Бағдарламаға қатысушылардың тізімін келіседі;

2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;

3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін келіседі;

4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі;

5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшерін келіседі;

6) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

7) Бағдарлама операторына Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі бойынша жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде ұсыныс енгізеді;

8) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;

9) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы  туралы есептерін тыңдайды;

10) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.

87. Аудандық (қалалық) комиссиялар:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

3) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.

88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:

1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобалар мен іс-шаралар жоспарын Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;

3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.

89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:

1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн көрсету, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;

2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;

3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына мониторинг жүргiзу және заңнамаға сәйкес оның талаптарын орындамаған жағдайда санкция қолдану;

4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау.

90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.

10. Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету

91. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  1. нақты кәсіптер бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктерін жедел және орта мерзімді болжау;
  2. кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту;
  3. тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
  4. Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында Бағдарламаның іске асырылуына кешенді мониторинг жүргізу, оның ішінде нақты уақыт режимінде Жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу; Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК тиісті дерекқорын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды;
  5. «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын және «Жұмыс» ақпараттық порталын қолдау;

6) Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады;

7) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында елді мекендердің даму әлеуетін айқындау бойынша зерттеу.

Бағдарлама операторының көрсетілген бағыттарды іске асыруы үшін Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым айқындалатын болады.

92. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

  1.  Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру

93. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру еңбек белсенділігі мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта шартты әлеуметтік көмекті енгізу көзделуде. Ол атаулы қолдаудың шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі) қағидатына өтуді болжамдайды.

Отбасын жандандырудың әлеуметтік келісімшарты еңбек әлеуетін жандандыру және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың өзара міндеттемелерін, әрекеттерін көрсете отырып, әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер көрсету есебінен отбасының өмірлік қиын жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады. 2014 жылы шартты әлеуметтік көмек көрсету Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жамбыл облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.

Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.

 

  1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

94. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын болады.

Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.

 

2020 жылға дейін жұмыссыздықтың 5 % деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары

Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485

адам

13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

95. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар.

96. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.

Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады,  кредиттер бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.

97. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.

14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

98. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:

1) 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;

2) 2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;

3) 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;

4) 2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі            іс-шаралар жоспары

 

Р/с№
 

Iс-шараның атауы

 

 

 

 

Шығыстар

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

 

Орындау мерзiмi

 

1

2

3

4

5

6

1. Ұйымдастыру iс-шаралары

1

Сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға арналған тұрғын үйлердің (жеке немесе көппәтерлі), жатақханалардың  үлгілік жобаларын әзірлеу

-

ӨДМ

жобалау-сметалық құжаттама

2014 жылғы 4-тоқсан

2

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелеріне, әлеуметтік келісімшарттың нысанына, әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының өтініштеріне (хабарламаларына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекмині

бұйрық

2014 жылғы 1-тоқсан

3

Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық ұсынымдарды бекіту туралы

-

Еңбекмині, ҰКП

бұйрық

2014 жылғы 1-тоқсан

4

Пилоттық режимде кешенді дамыту үшін тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлеу

-

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері

тірек ауылды дамытудың мастер жоспары

2014 жылғы 2-тоқсан

5

Іріктелген тірек ауылдарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын сынақтан өткізу

2014 жылға көзделген қаражат шегінде

Еңбекмині, ӨДМ,

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

2014 жылғы

2-жартыжылдық

6

Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

 

«ЖҚП АТО» АҚ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Еңбекминіне ұсыныстар

2014 жылғы

4-тоқсан

2. Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру

7

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, ӨДМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 

2014 жылғы

1-тоқсан

 

3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

8

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

 

 

 

 

Еңбекминi, БҒМ, Қаржымині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 

2014 жылғы 1-тоқсан

 

 

4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

9

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, ӨДМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 

2014 жылғы 1-тоқсан

 

5. Ақпараттық жұмыс

10

Халықтың жұмыспен қамту мемлекеттік саясаты мәселелерінде хабардарлығын арттыру

 

Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

 

Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар

 

 тұрақты

11

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін құру

2013–2015 жылдарға көзделген қаражат шегінде

Еңбекминi

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы

2014 – 2015 жылдар

                   

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ӨДМ

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҰКП

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«ЖҚП АТО» АҚ»

«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы



____________________