Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қалалық басқармалар » Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну
(ҚР ӘҚБтК 286-бабы)
 
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепілгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома – жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Е.Нағашбеков

БҰЛ КҮРЕСТЕН САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ДА СЫРТ ҚАЛМАЙДЫ
 
Текелі қаласы бойынша салық басқармасы өзiмiздiң iшкi құрылымымыздағы сияқты, басқа да мемлекеттiк органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңiл аударып отырады. Осы жағдайлармен күрестiң тиiмдi нәтижесi бiзден салық қызметi органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнiнде кешендi шаралар қабылдауды талап етедi. Осыған байланысты, жемқорлыққа жол беретiн “орындар” талданып, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар жоспары жасалады.
Мемлекет басшысының 2008 жылғы қарашаның 6-да “Нұр Отан” ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сөйлеген сөзiнде мемлекеттiк қызметкерлердiң басшылыққа алатын 8 этикалық нормалары жарияланды. Олардың iшiнде қойылған талаптардың бiрi – адал болу, заңдармен толық келiсiмде өмiр сүру, егер “мемлекет мүддесiне зиян келтiрiп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерге дайындықты көрсе” оған дереу араласу. Мемлекет басшысының осы форумда берген тапсырмаларын орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiмен жұмыс жоспары бекiтiлiп, басшылыққа алып орындау үшiн барлық салық органдарына жiберiлдi.
Салық төлеушiлердiң көпшiлiгi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстiң 312-бабы (пара беру) мен 313-бабының (парақорлыққа делдал болу) салдары неге әкеп соғатынын, оның мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүддесiне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысқа жататынын, оған құқық қорғау органдары қылмыстық iс қозғайтынын шындап түсiнбейдi және бiле бермейдi.
Алайда, сыбайлас жемқорлық сияқты қасiреттi тек қана мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының күшiмен жеңу мүмкiн емес. Азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас арқылы және сөз жоқ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс жолға қоюға болады.
Қорыта келе мынаны атап өткiм келедi, салық органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету – бұл тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, ол – қоғам үшiн ашықтық, қызметтiң айқындығы, әрi елiмiзде салық мәдениетiн көтеру болып табылады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы Е. Стамбеков

 

Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 562 бабына сай тек төмендегі себептермен ғана салықтөлеушілер ретінде тіркеу жүргізіліп, ЖСН нөмірі бар тіркеу куәлігі беріледі:
  1. Резидент емес заңды тұлға;
  2. Резидент емес салық агенті болып табылатын тұлғаға;
  3. Резиденттің кәсіпкерлігі тұрақты болып танылған сақтандыру ұйымы немесе брокері;
  4. Резидент банктерде ағымды счет ашушы шетелдік тұлға
  5. Қазақстан көздерінен тыбыс алушы, Қазақстан Республикасында мүлігі бар немесе заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылатын тұлғаға;
  6. Дипломатиялық және соған теңестірілген шетелдің өкілділіктері салықтөлеуші ретінде тіркеуге жатады.
Тіркеу куәлігін алу кезінде салықтөлеуші нотариалды рассталған жеке басының куәлігі мен мемлекеттік тіркеуді расстайтын құжаттың нотраиалды көшірмесін ұсынады. Басқа да себептермен тіркеу куәлігі , яғни ЖСН берілмейді.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы Ж. Құрмағалиев

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заңның 2 бөлімі 3 бабы бойынша
өзгерістер туралы
 
Құрметті салықтөлеушілер, Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басмқармасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заңның 2 бөлімі 3 бабы бойынша өзгерістер жүргізілгенін хабарлайды, яғни : «Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісі болып тапқан табысы көрсетіледі. Ал тапқан табысы болып, салықтөлеушінің өзінің әлеуметтік аударымдарға деп белгілеген , осы заңның 15 бабы 2 бөлігінде көрсетілеген мөлшері жатады»
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы Ж. Құрмағалиев

 


 

Салықтөлеушілер назарына
 
Қосылған құн салығын төлеушілер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:
дара кәсіпкерлер;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент - заңды тұлғалар;
қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
2) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ
Сулейменова Роза Мусекеновна

 

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі (23-бап)
 
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
 
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.
Ескерту. 463-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
2. Мыналардан:
1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;
салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;
соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;
5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;
6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан;
9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу
 
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші бойынша жүргізіледі.
Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептеулі тұратын салық органы ұлттық валютада жүргізеді.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.
Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ол ұсынылған күнге дейін артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.
Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша - осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
өтінішсіз - жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
(Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 599-бабынан)
 
 
Н.Мұсаева
Текелі қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқарсамының
бас маманы

 

Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері
 
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.
Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті резидент емес болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды.
Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.
Егер мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының салық мiндеттемесiн орындау толығымен сенімгерлiкпен басқарушыға жүктелген болса, сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқығы бар.
 
Текелі қалсы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ
 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жолын кесуге, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы лауазымды адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен тікелей айналысатын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден, шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция секілді арнайы органдар бар. Бірақ, бұл тек қана осы органдардың қызметі деп түсінсек, қателесеміз. Сыбайлас жемқорлықпен әрбір мемлекеттік орган, әр мемлекеттік қызметші күресуі тиіс. Сонда ғана қоғам үшін қауіпті болып табылатын дертпен өз дәрежесінде күресіп, өз құқығымыздың бұзылмауына қол жеткізе аламыз.
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталынуы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, аталған жоспардан туындайтын мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің мамандары тарапынан басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою, жемқорлық фактілерін болдырмау, сыбайластық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде техникалық оқулар оқып, кеңестер беру ұдайы жүргізіліп тұрады.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Шетелдік табыс көздерінен қаржыландыру бойынша салықтық есеп беру туралы
 
Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен төлем жүйесі» туралы Заңының шеңберінде шетелдік табыс көздерінен түскен төлемдерді салықтық бақылау мақсатында заңшығарушы актілерге, атап айтсақ Салық кодексіне сәйкестік толықтырулар енгізілген.
Өзгерістер енгізу туралы заң осы жылдың 10 тамызында ресми басылымдарында жарияланды. Заңға сәйкес түзетулер және толықтырулар 2016 жылдын 11 қазан айынанбастап енгізілді.
Салық кодексінің 14, 20, 77, 557, 627 баптарына жеке және заңды тұлғалардың, шетелдік табыс көздерінен қаржыландырылатындығы туралы мәлімет етуі, мемлекеттік кіріс органдарына, сонымен қатар салық регистрлерін құру және белгілі бір деректер базасын жүргізу туралы толықтырулар енгізілген.
Бұл өзгерістер салық есептілігін тапсыратын бизнесмендерге қатысты емес. Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке және заңды тұлғалар шетелден қаржыландырылса және үш түрлі жағдайда ғана салық есептілігін тапсыруы қажет:
Заңды қызметін көрсету, қоғамның пікір-ойын білу үшін сұрақ-жауап алу, ақпарат таратып сараптама жасауда.
Мемлекеттік кірістер органдарында қосымша тіркелудің қажеті жоқ, салықтөлеушінің кабинетінде сәйкес ақпаратын электронды жүйемен немесе жазбаша түрде жіберуі тиіс.
Заңды түзетулерге сәйкес мерзімдерді және ескертулер мен мәлемдемелер беру тәртібін реттейтін қажетті актілер қарастырылған.
Сонымен, операция жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, Мемлекеттік кіріс органдарында жеке және заңды тұлғалар, шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелді кұйымдардың, шетелдіктер ақша мен мүлікті алынуы туралы деректердің қажетті салмасы бар хабарлама шетел мен халықаралық мекемелерден және азаматтығы жоқ адамдар алынуы тиіс.
Сонымен қатар, есеп берілген кварталдың екінші айының 15-інен кешіктірмей, шет мемлекеттерден алынған басқа да активтер халықаралық және шетелдік азаматтығы жоқ адамдардан жеке және заңды тұлғалар ақша түсімдері және шығындары туралы Мемлекеттік кіріс ақпаратты органдарына ұсынуға міндетті болады .
Сондай-ақ, шетелдік көздерден шығыстар мен қаражаттарды қалай туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалардың есебінен жарияланған ақпараттық-материалдарын тарату немесе орналастыруды жүзеге асырған тұлғалар туралы ақпаратты қамтуы тиіс екенін атап өткен жөн.
Іске асырылған шаралар туралы хабарлама түрінде және салықтөлеушілердің құқығына кедергі салмай, айқын, шығыстарды алу тәртібін, сондай-ақ халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Кодексының кейбір баптарына әкімшілік заңбұзушылық туралы толықтырулар енгізілген. (2014ж 5 шілдесі) 220 бап, 460-1 бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген мерзімде хабарлама берілмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органдарында шет мемлекеттерден халықаралық және шетел ұйымдарынан шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша немесе басқа мүлік , сондай-ақ оларды алғандығы туралы дер кезінде немесе мүлдем берілмеген болса жеке тұлғаларға елу, кіші кәсіпкерлікпен айналысатындарға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (жүз), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200(екі жүз), «р» кәсіпкерлікпен айналысатындарға 350 (үш жүз елу) бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тартылады.
Нақты берілген баптың бірінші бөлімінде көрсетілгендей шындыққа жатпайтын немесе қасақаа өтірік берілген мәлеметтер үшін жеке тұлғаларға жүз, кіші кәсіпкерлікке немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріе- төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- жеті жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тартылып, жұмысы тоқтатылады.
Нақты берілген баптың бірінші және екінші тармақтарында келтірілген әрекеттер, әкімшілік жаза берілгеннен кейінгі бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға – жүз елу,кіші кәсіпкерлікпен айналысатындарға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тартылады.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының жетекші маманы Ж.Құрманғалиев

 

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
 

 

Құрметті салықтөлеушілер, «Кәсіпкерлер кодексі» ҚР Заңының 35 бабына сай міндетті мемлекеттік тіркеуге, келесі талаптарға сай жеке кәсіпкерлер жатады:
  1. Тұрақты түрде жұмысшы еңбегін пайдаланатын;
  2. Жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық кірісі бар дара кәсiпкерлер жатады (12 * жалақының ең төмен мөлшерi = 293 508 тг)
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жеке тұлғаға жеке кәсіпкерліктің тұрақты аймағы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе кез-келген «халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне хабарлама қалдырсаңыз жеткілікті. Мемлекеттік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы естеріңізге салады, Қазақстан Республикасының құқық-бұзушылық кодексінің 269 бабы бойынша Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу – ескертуге, бір жыл ішінде қайталап жасалса – 8 АЕК (18 152 тенге)ретінде айыппұл салынады.

 

Кешенді шаралар күшейтілуде
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Алматы облысы Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жоспарлы жұмысын іске асыруда бірқатар мақсатты шаралар белгіленді.
«Жемқорлыққа – жол жоқ» деген тақырып аясында лециялар оқылып, тәжірибелік семинарлар өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу барысында семинарлар өткізудің негізі - мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің саналарын парақорлық секілді жамандықтардан таза ұстауға үндеу, қашанда тазалықтың мерейі үсем болатынын, адалдық арқылы жұмыс істеді түсіндіру болып табылады. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»» Заңының талаптарын орындау барысында мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар жауапкершіліктерін көтеруге де бағытталған. Олар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған байланысты салық органдары сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алу және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Заңның осы талаптарын орындау мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Басқармада салық төлеушілер үшін сенім телефоны (4-25-18) жұмыс істейді. Басқарманың жұмыс жоспары бекітілген және «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп халықтарды қабылдауға тізім жасалған, оған жауапты қызметкерлер белгіленген. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басшылық тарапынан ұдайы техникалық оқулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
Кез келген мемлекет секілді, Қазақстан үшін де сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріетін, саясаттың, эконмиканың дамуына кері әсер ететін кесел болып саналады. Сондықтан, салық органдары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп қана қоймай, ашылған дәйектерді дер кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап отыру, елге ерекше әсер ететінін білу міндет. Осы қадам арқылы біз халықтың сенімін күшейтіп, сыбайлас жемқорлықпен күресудегі белсенділікті артырамыз.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
(ҚР ӘҚБтК 283- бабы)
 
1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы С. Сулеймен

 

Жеке кәсіпкерді тіркеу
 
Жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу  мемлекеттік кіріс  органдарымен жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен берілген салық өтінішінің немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген салық өтінішінің негізінде жүргізіледі, тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК 463  бабының 1-ші бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бесайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
 
Такси жүргізушілері көбінесе патент негізінде  арнаулы салық режимі таңдайды, себебі  патент негізінде арнаулы салық режімінің шарттары келесідей:
1)қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2)жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
3)салық кезеңіндегі шекті табысы ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады(2017 жылға 7 337 700 теңге);
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады және бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.
Мысалға: жеке кәсіпердің табысы 50000 теңге құраса, төленетін салығы 1000 теңге құрайды.
Ал 2018 жылдан бастап  салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.
Туындаған сұрақтар боыйнша Текелі қаласы,Тәуелсыздыккөшесі 10 үй,  4-39-41 телефон  мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласа аласыз.

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарының түсіндіруі бойынша хабарлайды:
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 238-бабы 19-тармағына сәйкес шетел валютасымен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.
Салық кодексінің 276-бабы 1-тармағының жетінші абзацына сәйкес осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген электронды нысанда жазылып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 45-тармағында 2)-тармақша сәйкес, "Валюта бағамы" деген 33.2-жолда:
егер жеткізуші, ол үшін Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық салу режимі көзделген жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда - өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес қолданылатын валюта бағамы;
өзге жағдайларда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша айналым жасау күнінде белгіленген валютаның нарықтық бағамы көрсетіледі.
Жол, егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "ӨБК қатысушы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле" Е ұяшық немесе "Экспорттаушы" G ұяшық немесе "Халықаралық тасымалдаушы" "Н" ұяшық белгіленсе және "Валюта коды" деген 33.1-жолда "KZT"-ден өзгеше мән көрсетілсе, осы жол толтырылады.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 263-бабы 12-тармағында қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайтындығы белгіленген.
Мынадай:
1) өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасасылған (жасалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) тауарларды Салық кодекстің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) Салық кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
4) Салық кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Қағиданың 18-тармағында ұқсастық талап ету көрсетілген.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, «валюта бағамы» 33.2 жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтында орналасқан орташа-өлшемді валютаның бағамы ЭШФ көрсетіледі.
Бұл ретте, валютаның бағамы ЭШФ-да «Айналым жасау күні» 3 жолында көрсетілген айналым жасау күніне алынады, осылайша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтында Қазақстан Республикасы Валюталық қорында өткізілген сауда-саттықтың (осы Қор жұмыс күндерін қоса алғанда сауда-саттық өткізеді) өткен күндегі орташа-өлшемді валютаның бағамы орналастырылады.
Мысалы: 2017 жылғы 1 қарашадағы күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтында 2017 жылғы 31 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Валюталық қорында сауда-саттықтың қорытындысы жөнінде қиындатылған орташа-өлшемді валюта бағамы орналастырылады.
Өнімнің бөлімдері туралы келісімге (келісімшартқа) қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер ЭШФ-ға валюта ставкасын өздігінен анықтауға айрықша құқығы бар, ал өзге салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-не валютаның ставкасы 238-баптың 19-тармағына сәйкес және Салық кодексінің 276-1-бабы 1-тармағының жетінші абзацына автоматты режимде қойылатындығын қосымша хабарлаймыз.
 
Жетекші маман Ахметова З.Т
 

 

Жемқорлықпен күрес – заманның басты талабы
 
Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың мемлекетіміздің дамуына, оның экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығына қауіп-қатер төндіретінін үнемі айтып келеді. Мемлекетімізде жемқорлыққа қарсы күрес саябырсыған емес және бұл бағытта пәрменді де нәтижелі шаралар жүзеге асырылуда.
 
Мемлекет басшысы 2009 жылдың 22 сәуірінде “Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы” № 793 Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат еліміздегі құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі әрі тұрақты шаралар өткізуді қамтамасыз етеді. Онда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленген, тікелей міндеттер жүктелген. Сондай-ақ, Үкіметке мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру мен міндеттерді орындау тапсырылған. Сонымен қатар, осы Жарлықта азаматтардың мемлекеттік қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен босғаннан кейін белгілі бір кезең аралығында мүліктік жағдайының ашықтығын қамтамасыз ететін құқықтық тетік әзірленбек. Мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен босаған адамдарға қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде құны ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсыну міндеттеліп отыр. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілер мен одан босаған азаматтардың табысының ашықтығын айқындап, сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру қағидасы қалыптасады.
Жарлықта “корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа” қарсы іс-қимыл шараларын белгілеу көрсетілген. Мемлекеттік органдардағы сыбайластық құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдарға қызметке тұру және қызмет өткеру үшін айрықша жоғары талаптар белгіленген. Аталған лауазымдарды атқаратын адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын арнайы тексеруді көздейтін тетіктерді қолдану мүмкідігі туралы міндеттемелер қабылдау, осындай лауазым тізбесін айқындау міндеттелген. Осы шара мемлекеттік қызметшілер қатарын жеке мүддесінен халық пен мемлекет мүддесін жоғары қоятын лайықты азаматтармен жасақтауға мүмкіндік береді.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жалған шот-фактура жазып беру
(ҚР ӘҚтК 280-бабы)
 
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.
280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы А. Молақұлова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы№ 250 бұйрығының өзгерістері:
 
1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:
1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;
2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.
2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ  ЗТӘ бөлімінінің басшысы Сұлтаңғалиева Қ. Қ

 

Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы
(ҚР ӘҚтК 279-бабы)
 
1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Р.Сүлейменова

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ
 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жолын кесуге, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы лауазымды адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен тікелей айналысатын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден, шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция секілді арнайы органдар бар. Бірақ, бұл тек қана осы органдардың қызметі деп түсінсек, қателесеміз. Сыбайлас жемқорлықпен әрбір мемлекеттік орган, әр мемлекеттік қызметші күресуі тиіс. Сонда ғана қоғам үшін қауіпті болып табылатын дертпен өз дәрежесінде күресіп, өз құқығымыздың бұзылмауына қол жеткізе аламыз.
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталынуы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, аталған жоспардан туындайтын мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің мамандары тарапынан басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою, жемқорлық фактілерін болдырмау, сыбайластық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде техникалық оқулар оқып, кеңестер беру ұдайы жүргізіліп тұрады.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаныі ісі
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет екендігін атап өтілді.
Жолдаудың ережесінде айтылғандай:
- Сыбайлас жемқорлықтың тамырына толық балта шабу үшін әлі де болса құқық қорғау органдары одан әрі бірлесе еңбек еткені дұрыс.
- Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістікке алғашқылардың бірі болып жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдап, халықаралық конвенцияларға қосылды.
- Уақыт өтті, ахуал өзгерді, ендігі жерде заңнама әзірлеп, талдау мен жетілдіруді талап етіп отыр. Шенеуніктерді сыбайластық іс-әрекетке еріктік немесе еріктен тыс тиісті жағдай тұғызатын заңға тәуелді барлық актілер қайта қаралуға тиіс.
- Пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек.
- Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауларды тыйып тастайтын кез де жетті. Егер бұл көпе көрнеу жала болса, онда мұны мемлекеттік қызметші сот арқылы дәлелдеу керек. Егер олай болмаған жағдайда, дабыл тексерілуі тиіс.
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы соңғы кездерде қабылданға ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл Заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, жемқорлық көріністерді туындататын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзұшылықтың алдын алу, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық адамдар заң мен сот алдында тең.
Мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметттің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын, жеке және занды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы.
Жеке және заңды мүлделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу.
Сыбайлыс жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік міндеттері атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдармен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу.
Осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекетттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылауын қолдану.
Заңда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар мен шектеулер кеңінен айтылып, өзінің өміршендігі мен пәрменділігі одан әрі айқындай түскен.
 
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Құрметті салықтөлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы,  Сіздердің   назарларыңызға, «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 337 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығы күшіне 20 қарашада енетіндігі туралы хабарлайды. Толық ақпаратты 4-35-43 телефоны бойынша алуыңызға болады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы Ж.Құрманғалиев

 

Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару
(ҚР ӘБтК 277-бабы)
 
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы С. Сулеймен

 

 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелердің, шарттардың, актілердің және әрекеттердің жарамсыздығы
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 26-бабы)
 
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы А.Молдақұлова

 

Құрметті салықтөлеушілер, Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздердің назарларыңызға, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 287 бабы бойынша еден одағында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу - жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма пайызы, бірақ кемінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының қырық пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы, бірақ кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы Ж.Құрманғалиев

 


 

Акциз төлеушілер
(ҚР Салық кодексінің 278-бабы)
 
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5) - 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;
6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, бейрезидент заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
3. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы С. Сүлеймен

 

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу
 
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты - заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған және құрылымдық бөлімше есептік тіркеуден шығарылған кезде жүргізіледі.
Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;
2) дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі.
Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың дербес шотын жабу жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын бейрезиденттің дербес шоты – салық Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;
5) жеке тұлғаның дербес шоты:
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.
(Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 597-бабынан)
 
 
Н.Мұсаева
Текелі қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқарсамының
бас маманы

 

Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу
(ҚР ӘҚтК 26-бабы)
 
1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы – ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Есепке алу құжаттамасында тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi) есепке алу және өткізу жөнiндегi операциялардың көрсетiлмеуi – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер) құнының – үш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы Ж.Құрманғалиев

 

Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын өндіріп алу (қайтару)
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 25-бабы)
 
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не осыған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюымен заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінеді.
3. Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.
4. Тапсырылған мүлікті қайтару, есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы А. Молдақұлова

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-бабы)
 
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді.
2. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Р.Сүлейменова

 

Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын
өзге де мүлікті жасыру (ҚР ӘҚтК 275-бабы)
 
 
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының бір жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы –
екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі әрбір банктік шот бойынша әкімшілік жауаптылық жеке-жеке туындайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адамның жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.
 
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы С. Сүлеймен

 

Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 23-бабы)
 
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:
1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Н. Мұсаева

 

Қаржылық бақылау шараларын бұзу
(ҚР ӘҚтК 274-бабы)
 
1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы Е.Стамбеков

 

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
 
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.

Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.

Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері пайдалы казбалардың түріне  % мөлшерлерде белгіленеді. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің пайдалы казбалардың түріне  айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде белгіленеді.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.

 

Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік  кірістер  департаментінің
Басшысының
«06 »караша 2017 жылғы
№П-466  бұйрығына қосымш
 
2017  жылдың  қараша-желтоқсан айларына арналған
Алматы облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде
жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау
КЕСТЕСІ
 
Лауазымы
Аты-жөні
Қабылдау күні мен уақыты
 
Орналасқан орны
Қызмет
телефоны
1
2
3
4
5
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Басшысы
Нұрланбаев Ерлан
Құмарбекұлы
апта сайын,
сәрсенбі  күні
 
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 113, № 105 бөлме
24-19-13
 
 
Алматы облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Басшысының
орынбасары
Қармандаев
Қайрат
Сүлейменұлы
апта сайын,
дүйсенбі, бейсенбі күндері
 
 
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 113, № 105 бөлме
 
24-19-13
 
 
Алматы облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Басшысының орынбасары
Төлеубаев
Эрланд Құрманғалиұлы
апта сайын,
сейсенбі, жұма күндері
 
 
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 113, № 105 бөлме
24-19-13
 
Алматы облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Басшысының орынбасары
Ракишев
Рүстем
Ғалымжанұлы
апта сайын,
дүйсенбі  күні
 
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 113, № 105 бөлме
24-19-13
 
апта сайын,
сәрсенбі күні
 
Алматы облысы
Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, З.Батталханов  көшесі,11а,
№ 206 бөлме
2-08-45
Қабылдау сағат 15.00 ден 18.00  аралығында жүргізіледі.
Қабылдауға жазылу 8/7282/24-19-13,  8/72752/2-08- 45 телефондары бойынша;
Е-mail: taxalmaty@mgd.kz; gulnara.argymbayeva@customs.kz

 

Қосылған құн салығы төлеушілердің назарына
257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы
 
Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды;
4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша;
3) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;
4) комиссионер – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
5) экспедитор – көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.

 

Занды тұлғалардың назарына
266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу
 
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы –
төлемдi жүзеге асырған заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабаы)
 
1. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:
1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;
4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.
2. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Е. Нағашбеков

 

Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбау
(ҚР ӘҚтК 273-бабы)
 
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде ұсынбауы не оны ұсынудан бас тартуы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы Е. Стамбеков

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:

ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

1-аумақтық аймақ - 5 000 га;

2-аумақтық аймақ - 3 500 га;

3-аумақтық аймақ - 1 500 га;

4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады:

1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;

2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының жері;

3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері;

4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері.

Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.

Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс;

2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды;

осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;

осы Кодекстің аталған салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;

осы Кодекстің аталған салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.

Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу
(Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 594-бабынан)
 
Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.
Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.
 
Н.Мұсаева
Текелі қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқарсамының
бас маманы

 
272-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық агентінің табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда, шартты банк салымы туралы шартты мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 

 

Мүдделер қақтығысы
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сіс-қимыл туралы» Заңының 15-бабы)
 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:
1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;
2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бас маманы Н.Альмуханов

 
 

Электрондық қызмет көрсетуді жақсарту, мемлекеттік кірістер органының басты міндеті.

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, казаргі таңда қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кең қолданылады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстері айрықша болып табылмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру және оны электронды пішінге ауыстыру мемлекеттік органдардың приоритетті міндеттерінің бірі болып табылады.
Электронды мемлекеттік қызметтер -мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы өзара іс-қимыл процессінде қызметті алу үшін өтініш және қажетті құжаттарды беру ғаламтор арқылы электронды түрде жүзее асырылады. Көрсетілген қызмет қорытындысы бойынша өтініш берушіге электронды құжат нысанында нәтиже беріледі.
Электронды нысанда мемлекеттік қызметтер мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйе көмегімен «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды нысанда ұсынылады (СЕӨЖ, салық төлеушінің кабинеті, УКМ және т.б.).
Сонымен қатар бір іс-іске асырылған электронды қызмет, басқа іс- қызмет тұтынушылар арасында оның танымалдығы, яғни, электронды қызмет алуға халық пен бизнес субъекьтілерінің белсенділігі.
Осы көрсеткішті анықтау үшін шамала статистиканы келтіреміз.
Ағымдағы жыл бойына облыстың мемлекеттік кірістер органымен 13 841 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 12 045 қызмет ұсынылды. Сонымен бірге 87% мемлекеттік қызметті электронды түрде халық пен бизнес субъектілерімен алынған. Электронды қызмет алушылардың белсенділігі жыл сайын асатындықтан, осы көрсеткіштің оң динамикасы барын атап өткен жөн. Қызметті алушы электронды тұтынушылар санының өсуі оны алғандағы артықшылыққа байланысты. Яғни, электронды қызметті кезекте тұрмай-ақ, тез алу; пәтерден және кеңседен шыққпай-ақ жайлы кез-келген уақытта онлайн режимде алуға болады; электронды өтінішті немесе салық есептілігін және басқа толтырғанда жедел және дербес дәлсіздікті түзету.
Сондай-ақ, салық төлеушілер электронды салық есептілігін ұсынудың талассыз артықшылығына сеніп декларацияларды қағаз тасығыштарда дәстүрлі нысанынан бас тартып, «электронды» разрядына ауысты.электронды салық есептілігі бойынша жоғарыда көрсетілген артықшылықтан басқа, оны тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар; «автоесептеу» режимін қолдану мүмкіндігі; бұдан бұрын жолданған салық есептілігін қарау және басқа электр қызметтері спектрін алу мүмкігдігі, сонымен қатар дербес шоттарды қарау және т.б.
Әрине, аса талап етілген, электронды қызметтер салық төлеушілердің өмірін жеңілдіреді. Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органымен «электронды үкімет» веб- порталы және мемлекеттік кірістер органының ақпараттық ресурстары арқылы алу мүмкіндігі,қызметспектрін кеңейту бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

 
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабы)
 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маманы З. Ахметова

 


 

Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабы)
 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:
1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.
2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдарда басқарушылық функцияларын орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымды атқаруға құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс алуға құқылы.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лауазымға тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
6. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады.
7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.
8. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
 
Текеклі қаласы бойынша МКБ бас маманы Ә. Молдақұлова

 
279-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы
 
1.Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
Басшының орынбасары Т. Джумакеев
 

 
 
Салық органында қосылған құн салығы бойынша салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
 
Салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке қойылмаған кезеңдегі салық салынатын айналым сомасының он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы)
 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
 
 
Текелі қаласы бойынша МКБ бөлім басшысы С. Сүлеймен

 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ 272 бабы бойынша уақытылы өткізілмеген салық есептеріне салық төлеушілерге әкімшілік шара қолданатынын хабарлайды.
272-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуді білдіретін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ақпаратты Текелі қаласы Тауелсыздык 10, немесе 4-35-43 телефонынан білуіңізге болады.
 
Текелі қаласы бойынша МКБ жетекші маман Ахметова З.Т

 
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші бойынша жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.
 
Н.Мұсаева
Текелі қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы
 

 
Қаржылық бақылау шаралары
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы)
 
1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:
1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;
2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады.
3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.
5. Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.
6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.
8. Мыналардың:
осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жою үшін негіз болып табылады;
осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
9. Мыналар:
1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) "А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды.
 

 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9-бабы)
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
 

 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
(Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы)
 
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;
4) сот төрелігіне;
5) жедел-іздестіру қызметіне;
6) қылмыстық-атқару қызметіне;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.
5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
 

 

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
(Салық кодексының 619 бабы)
 
Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
 

 
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен
салық берешегі есебіне өндіріп алу
(Салық кодексынің 617-бабы)
 
Егер салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген, билік ету шектелген мүліктің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аз болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

Құрметті жеке кәсіпкерлер!

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтi құқыққа сыйымсыз жүзеге асыру бойынша қолданылатын шаралар жайында назарларыңызға салады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 270 бабы 1 тармағында көрсетілгендей, арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың 2 тармағында осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы – осы кодекстің 270 бабы 3- ші бөлігіне сәйкес ескерту жасауға әкеп соғады. Кодекстің 4-ші бөлігінде осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны қарастырылған.
 

 

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару
 
1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі - өкілдіктер) және дипломатиялық, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі - персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер - олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.
Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.
2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және шот-фактураны жазып беру күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.
Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.
4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.
Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.
5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.
7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.
Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.
Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.
8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына қазақ және (немесе) орыс тiліндегі жолдайды.
Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған қазақ және (немесе) орыс тiліндегі аудармасы табыс етіледі.
9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы №301 бұйрығы
"Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы"

 
 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

 
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
 
 
Әкiмшiлiк жаза түрлерi
(ҚР ӘҚтК 41-бабы)
 
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
4) арнайы құқықтан айыру;
5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
8) әкімшілік қамаққа алу;
9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
 
 
Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
(ҚР ӘҚтК 40-бабы)
 
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.
4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.
 
 
Жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы ұлттық міндет
 
Қазіргі кезде Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлықпен күрес стратегиясын дайындады. Осыған байланысты құжатта көрсетілген басым міндеттерді орындау мақсатында, нақтырақ айтқанда салық қатынастарының барлық салалары бойынша жемқорлықты болдырмаудың нақты шаралары белгіленді және жүзеге асырылатын болады.
Жемқорлыққа жол бермеу, оған бой алдырмау, түптеп келгенде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өз ісіне, өз міндетіне деген жауапкершілігіне адалдығы мен тәртіптілігіне тікелей байланысты. Бұл жөнінде Елбасы «Нұр Отан» партиясының 12 съезінде сөйлеген сөзінде атап көрсеткен болатын.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында қылмыспен және жемқорлықпен күресуді күшейтуді құқық қорғау қызметін алдағы уақытта жетілдірудің қосымша шаралары туралы» Жарлығы мемлекеттік кірістер басқармасында жан – жақты талқыланды. Ондағы мақсат мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне Елбасы жарлығының негізгі ережелерін түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Елбасымыз «Жалпы ұлттық» міндет деп жариялауы баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді.
 
Күн тәртібінен түспейді
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет екендігін атап өтілді.
Жолдаудың ережесінде айтылғандай:
- Сыбайлас жемқорлықтың тамырына толық балта шабу үшін әлі де болса құқық қорғау органдары одан әрі бірлесе еңбек еткені дұрыс.
- Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістікке алғашқылардың бірі болып жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдап, халықаралық конвенцияларға қосылды.
- Уақыт өтті, ахуал өзгерді, ендігі жерде заңнама әзірлеп, талдау мен жетілдіруді талап етіп отыр. Шенеуніктерді сыбайластық іс-әрекетке еріктік немесе еріктен тыс тиісті жағдай тұғызатын заңға тәуелді барлық актілер қайта қаралуға тиіс.
- Пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек.
- Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауларды тыйып тастайтын кез де жетті. Егер бұл көпе көрнеу жала болса, онда мұны мемлекеттік қызметші сот арқылы дәлелдеу керек. Егер олай болмаған жағдайда, дабыл тексерілуі тиіс.
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы соңғы кездерде қабылданға ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл Заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, жемқорлық көріністерді туындататын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзұшылықтың алдын алу, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық адамдар заң мен сот алдында тең.
Мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметттің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын, жеке және занды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы.
Жеке және заңды мүлделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу.
Сыбайлыс жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік міндеттері атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдармен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу.
Осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекетттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылауын қолдану.
Заңда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар мен шектеулер кеңінен айтылып, өзінің өміршендігі мен пәрменділігі одан әрі айқындай түскен.
 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 9-бабы»
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі
(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабы)
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
 
 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
 
Міндетті медициналық сақтандыру қоры осы жылы құрылып, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады және қорға жарналар түсіп отырады.
Қазақстанда әр ай сайынғы жарнамалар мен медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘМ медициналық қызметті төлеу Комитеті базасында ұйымдық- құқықтық нысанындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасалатын болады. Қордың ұйымдастырушысы мен жалғыз акционері ҚР Үкіметі болады.
Жұмыс берушілердің жарнасы корпоративтік табыс салығын есептегенде, қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналары табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар
1. Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жарналары:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
 
 
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
(ҚР Салық кодексінің 614-бабы)
 
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.
Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
1) салық төлеушiде (салық агентiнде) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану - оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап қолданылмайды;
5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегіне қатысты қолданылмайды.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды
5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолданғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бір мезгiлде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәжбүрлеп өндiрiп алу шарасын қолданады.
5-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.
6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
 
 
Салықтық нысандарды сақтау мерзімі
(Салық кодексінің 62-бабы)
 
1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.
2. Салық төлеушіні, салық агентін - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
 
 
Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
(ҚР ӘҚтК 40-бабы)
 
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.
4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.
 
 
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс
(Салық кодексінің 88-бабы)
 
1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа:
1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есептен шығарылған;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тарату балансын бекіткен күні төленуге жататын міндеттемелердің сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

 
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері
(ҚР Салық кодексінің 36-бабы)
 
1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.

2. Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті бейрезидент болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды.

3. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

4. Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының салық міндеттемесін орындау толығымен сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
 
 
Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
(ҚР ӘҚтК 30 бабы)
 
Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.
Ескертпе. Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп танылады.
 
 
Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі
(ҚР Салық кодексінің 23-бабы)
 
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы