Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Моноқала » Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары

Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары

Алматы облыстық мәслихатының

2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 40-228 шешімімен бекітілген

 

 

 

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

2014  жыл

МАЗМҰНЫ

 

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

3

1-БАҒЫТ. Брендинг, Текелі қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу

 

6

1. Экономикалық әлеуетті және жаңа келешекті мамандануды анықтау

6

1.1 Қаланың жалпы сипаттамасы

6

1.2 Әлеуметтік-демографиялық ахуал

7

1.3 Еңбек нарығы

7

1.4 Мамандарды дайындау

8

1.5 Әлеуметтік инфрақұрылым

9

1.6 Өрт қауіпсіздігі

12

1.7 Экологиялық ахуал

12

2. Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне талдау

13

3. Қаланың қаржылық ахуалына диагностика. SWOT талдау

14

4. Қаланың бас жоспарын түзету

16

2-БАҒЫТ. ТЕКЕЛІ МОНОҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАҒЫН, ОРТА БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

 

16

1. Текелі моноқаласының экономикасын ұзақмерзімді әртараптандыру үшін «түпкілікті» инвестициялық жобаларын жүзеге асыру

 

16

2. Ұлттық холдингтердің моноқалалардың ерекшеліктерін ескере отырып қосарлы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастырулары

 

18

3. Қала құраушы кәсіпорындардың Текелі қаласында, оның ерекшелегін ескере отырып, қосарлы және қызмет көрсету өндірістері, тапсырыстарды орналастырулары

 

18

2. Текелі қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

18

1. Банкттердегі несиелер бойынша сыйақы ставкаларын салалық шектеулерсіз субсидиялау

18

2. Жаңа өндірістерді құруға 1,5 млн. теңгеден 3,0 млн. теңгеге дейін гранттар беру

19

3. ШОБ субъектілері үшін өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту

19

4. ШОБ дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды дамыту

19

5. Текелі қаласында бизнес-инкубаторлар құру (істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, страт-ап жобалары)

19

6. Текелі қаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталығын құру

19

3-БАҒЫТ. ТЕКЕЛІ Қ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

18

1. Жылумен қамту және сумен қамту

18

2. Электрмен қамту

19

3. Газбен қамту

19

4. Автомобиль жолдары

20

5. Тұрғын үй қорының жағдайы 

20

6. Тұрғын үй құрылысы

21

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту

22

Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

1. Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының паспорты

 

Атауы  

Текелі қаласын дамытудың кешенді жоспары

Әзірлеу үшін негіз

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 28 маусымындағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы

 

Бағдарламаны әзірлеуші

 

Алматы облысының әкімдігі

 

 

Бағдарламаның мақсаты

Елді ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, халық пен капиталды экономикалық өсім орталықтарына шоғырлануын ынталандыру  арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау

 

Жүзеге асыру мерзімдері

2015 – 2017 жылдар

 

 

 

I. БРЕНДИНГ, ТЕКЕЛІ Қ. ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Іс-шаралар:

  1. Текелі қаласының ұзақмерзімді келешегін және жаңа мамандануларын анықтауға талдау жүргізу.
  2. Текелі қаласының ұзақмерзімді (2020 жылға дейінгі) даму келешегін ескере отырып, Бас жоспарын түзету.

 

II. ТЕКЕЛІ МОНОҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАҒЫН, ОРТА БИЗНЕСІН ДАМЫТУ.

Іс-шаралар:

  1. Қала экономикасын ұзақмерзімді әртараптандыру үшін «түпкілікті» инвестициялық жобаларды жүзеге асыру:

1-жоба. «Bapy Mining» ЖШС-нің «Инновациялық технология бойынша шекті шойын алумен темір рудасын өндіру және қайта өңдеу»(2013-2015жж.). Қуаты жылына 400 000 тонна, 500 жұмыс орны құрылады.

2-жоба. «Электромарганец» ЖШС-нің Электрлі металл марганецін өндіру жөніндегі зауытының құрылысы (2016-2018жж.), қуаты жылына 2 000 тонна, 100 жұмыс орны құрылады.

2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда олардың ерекешеліктерін ескерумен, қосалқы және қызмет көрсеті өндірістерін, тапсырыстарын орналастырулары.

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның компания ерекшелігін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік оңтайлылығын ескерумен моноқалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы шаралар қабылдауы.

 

3. Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларда олардың ерекшелігін ескерумен, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастырулары.

1-жоба. «Текелі тау-өндіру кешені» ЖШС-нің қызметкерлеріне әкімшілік-тұрмыстық корпусының құрылысы.

2-жоба. «Текелі тау-өндіру кешені» ЖШС-нің шетелдік мамандарына асханасы бар жатақхана құрылысы.

3-жоба. Қаланың қала құраушы кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тігін цехын құру.

4-жоба. «Электромарганец» ЖШС-нің оттекті-азот өндірісі үшін цех құрылсы.

5-жоба. Қуаты 12 МВт жылу электрстанциясының құрылысы.

 

ІІІ. ТЕКЕЛІ Қ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Іс-шаралар (жоспарға сәйкес):

  • халықтың оңтайлы санына есептегенде өмір сүруді қамтамасыз ету инфрақұрылымын (су-, жылумен-, электрмен-, газбен қамту, кәріз) қайта жөндеу және (немесе) салу;
  • әлеуметтік инфрақұрылымды қайта жөндеу және (немесе) салу;
  • аварияларға, зілзалаларға және дүлей апаттарға қарсы әрекет ету инфрақұрылымын дамыту;
  • көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыс шығару, рұқсат берілмеген қоқыс орындарын жою, алаңдарды, скверлерді абаттандыру, аулаларда балаларға ойын алаңқайларын орнату, жылыту жүйелерін, әлеуметтік сала объектілерін, су құбырларын, кәріздерді, қала ішілік жолдарды, арық жүйелерін жөндеу, табиғат қорғау шаралары сияқты жұмыс түрлері бойынша қаланы абаттандырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу.
  • мүгедектердің қажеттілігін ескерумен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жайластыру.

 

Нысаналы индикаторлар

2017 жылға:

  1. Адам басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды 95,0 мың теңгеге дейін арттыру.
  2. Жылумен қамту жүйелерінің тозуын 74,6%-ке төмендету
  3. Электрмен қамту жүйелерінің тозуын 64,6%-ке азайту
  4. Мемлекеттік мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар санынан жұмысқа қабілетті халық үлесі 2017 жылға 21,0%-ті құрайды
  1. Жұмыссыздық деңгейін 4,7 %-ке азайту (2014ж. - 5,1%)

 

Қаржыландыру көздері және көлемі

Текелі қаласын ДКЖ іс-шараларын 2015 жылдан 2017 жылдар аралығында қаржыландыру көлемі, жалпы 19 995,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 2015 жылы – 1532,8 млн. теңге, 2016 жылы- 6304,8 млн. теңге, 2017 жылы – 12158,3 млн. теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен – 4140,9 млн. теңге:

2015 жылы – 714,8 млн. теңге

2016 жылы – 1506,6 млн. теңге

2017 жылы – 1919,5 млн. теңге

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1046,9 млн. теңге:

2015 жылы – 64,9 млн. теңге

2016 жылы – 544,3 млн. теңге

2017 жылы – 437,7 млн. теңге

 

 

 

  1. БРЕНДИНГ,  ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ

 

1. Экономикалық әлеуетті және жаңа келешекті мамандануларды анықтау

1.1 Қаланың жалпы сипаттамасы

Текелі қаласы 1952 жылы құрылған, алаңы 6133 га немесе 0,1 мың ш.ш, Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 ш және Алматы қаласынан шығысқа қарай 285 ш қашықтықта орналасқан, олармен теміржол және автомобиль жолдарымен байланысады.

Қала халқы 2014 жылдың 1 қаңтарына 30,8 мың адамды құрайды.

Қала өңірінде Текелі сланецтерінің шунгит шөгінділері, құм-қиыршық тас қатпарлары, кірпіш жасауға арналған орман тектес саз балшықтар бар.

Қаптама тас кеніштері бар, олар: мәрмәр, гранит, габбро, минералды мақта мен құйылған тас өндірісіне арналған бальзат, сондай-ақ жасанды перлиттер (құрылыс бөліктерін толтырғыштар) жасауға арналған липариттер.

Бұрынғы Көк-Су қайнарының ауданында кварциттер кеніштері бар, ондағы кремнеземнің үлесі 96%-ке жетеді.

Алматы облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Экоомикалық даму және сауда министрлігі әзірлеген критерилер бойынша жүргізген бағалауына сәйкес, Текелі қаласы орташа экономикалық әлеуетке ие.

Қалада 102 шаруашылық жүргізуші субъектілер бар, оның ішінде 2- ірі, 5 – орта және 95- шағын.

Заңды тұлғалардың жалпы санынан - 26 өнеркәсіп кәсіпорындары.

Қаланың экономикалық мамандануы индустриалды сипатқа ие. 2013 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 10368,1 млн. теңгеге жетті немесе 2011 жылғы деңгейге (9374,9 млн. теңге) 10,6%-ке өсті. Нақты көлем көрсеткіші 103,8%-ке жетті. Қаланың облыстың өнеркәсіп өндірісіндегі үлестік салмағы 1,8%-ті құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында - 60,6% өңдеу өнеркәсібіне, 22,5% электр қуатын, газ бен су өндіруге және бөлуге, 15,4% тау-кен саласына тиесілі.

Қала құраушы кәсіпорындарына сыра қайнататын ашытқы өндіретін «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ы, электр және жылу қуатын өндіретін «Қазцинк – ТЭК» ЖШС-гі, темір рудаларын  темір құрамдас концентратқа қайта өңдейтін «ТГПК» ЖШС-гі жатқызылды.

Олардың өндіріс көлемі жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемінде - 77,1%-ті, мұндағы жұмысшылар саны  Текелі қаласының жұмыспен қамтылған халқының 4,1%–н құрайды.

 

1.2 Әлеуметтік-демографиялық ахуал

2011 жылдан бері қала халқының саны 1,9 мың адамға өсіп, 2014 жылдың 1 қаңтарына 30,8 мың адамға жетті немесе ел халқының - 0,17 %.

Осы кезеңде бала туу көрсеткішінің артуы, өлім көрсеткішінің азаюы байқалады. Бала туу коэффициенті 2011 жылдан бері 17,2%-ке өсіп, 2-13 жылға 17,9 жағдайды құрады. Өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2011 жылғы 14,8- ден 2013 жылы 13,8 жағдайға төмендеді. Табиғи өсім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2013 жылы +4,1 жағдайды құрады  (2011 жылы – (+2,4)).

2011-2013 жылдары қалаға 4426 адам келіп, 2043 адам кетті, көші-қон жағдайы оң көрсеткішті иеленіп, 2383 адамды құрады, ауылдан қалаға көшу орын алуда.

2013 жылы мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар саны 65 адамды құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,3%-ке артық (2011ж. – 60 адам). Сондай-ақ мекен-жай әлеуметтік көмегінің орташа айлық көлемі 1,4 есе артып, 2381,2 теңгені құрады.

Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар арасындағы еңбекке қабілетті халық үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 26,6%-тен 27,7%-ке артты. алайда,  2017 жылға бұл көрсеткішті 21,0%-ке азайту көзделуде.

1.3 Еңбек нарығы

Қаланың еңбек нарығындағы 2011-2013 жылдар аралығындағы жағдай экономикалық белсенділік деңгейінің өсімімен, жұмыспен қамтылған халық санымен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Осы аралықта экономикалық белсенді халық саны 941 адамға немесе  6,7%-ке артты, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық 994 адамға немесе 7,5%-ке көбейді. Жұмыспен қамту деңгейі 94,5%-тен 94,9%-ке артты. Жұмыспен қамтылғандан құрылымында жалдамалы жұмысшылар 9685 адамды немесе 67%-ті құрайды, өз ісімен шұғылданушылар – 4575 адам немесе 33%.  Жұмыссыздық деңгейі 5,5%-тен 5,1%-ке төмендеді. Сонымен қатар, жалпы жұмыссыздық деңгейі, сонда да, Алматы облысы бойынша 0,2%-ке жоғары.

2011 жылдан бері «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның аясында төрт жылда әлеуметтік жұмыс орындарына - 186 адам, кәсіби оқуға - 104 және жастар тәжірибесіне 66 адам жіберілді.

Жұмыспен қамтылған қала халқының негізгі шоғырлану салалары – өнеркәсіп және құрылыс (21,8%).

Соңғы 4 жылда қалада жұмыспен қамтылғандар арасында жалдамалы жұмысшылардың өсу серпіні байқалады: 2011 ж. – 8664 а., 2012 ж. – 9283 а., 2013ж. – 9595 а., 2014ж – 9685 адам. 2011 жылмен салыстырғанда жалдамалы жұмысшылар саны 1021 адамға артты. Сонымен қатар, өз ісімен шұғылданушылар саны 2011 жылме салыстырғанда 162 адамға азайып, 4575 адамды құрады.

Пайдалы жұмыспен қамтылуға және жұмыссыздықты азайтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және таңдау, жұмыссыздарды оқыту, қайта дайындау және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос лауазымдар жәрмеңкесін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу құралдары пайдаланылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «түбегейлі» мәртебесіне ие инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын ескере отырып, Текелі қаласы халқының төмендегідей жұмыспен қамтылуы болжанады (1-кесте).

2013 жылы өз ісімен шұғылданушыларды, жұмыссы және аз қамтылған халықты шағын несиелендіруге 15,0 млн. теңге игерілі. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ы өткізген конкурсқа сәйкес, 5 құрылтайшысы бар «Текелі Несие» Несиелік серіктестігі» ЖШС-не қаражат бөлінді. Серіктестік оптика салонына медициналық құралдар, темір ұстаханасына токарь-винттік кесу станогы мен металл өңдеу құралын, бетон бұйымдарын жасауға арналған вибро-пресстеу станогын алды.

2014 жылы шағын несиелендіруге 170,7 млн. теңге көзделуде, 2015 жылға – 75,0 млн. теңге.

Қалада жалпы шағыннесие алуға ниеттенуші 27 адамнан тұратын 5 несиелік серіктестіктер құрылды. Қала әкімінің қатысуымен «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының аясында шағын несиелер алуға ниеттенуші несиелік серіктестіктердің басшыларымен жиналыс өткізілді.

 

1-кесте

Текелі қаласының жұмыспен қамтылған халқы санының болжамы

 

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Экономикалық белсенді халық, о.і.:

14263

14836

15010

15023

15050

15145

15255

 

Жұмыспен қамтылған халық, о.і.:

13401

14020

14230

14260

14305

14410

14530

 

 

жалдамалы жұмысшылар, о.і.:

8664

9283

9595

9685

9770

9915

10115

 

 

қала құраушы кәсіпорындарда

557

557

590

623

656

656

656

 

 

ШОБ

1981

2081

2181

2281

2381

2500

2650

 

 

басқалары

6126

6645

6824

6781

6733

6759

6809

 

 

Өз ісімен шұғылданушылар

4737

4737

4635

4575

4535

4495

4415

 

Жұмыссыздар

862

816

780

763

745

735

725

Жұмыссыздық деңгейі

6,0

5,5

5,2

5,1

4,9

4,8

4,7

 

1.4 Мамандарды дайындау

Мамандарды дайындауды келесі ұйымдар жүргізеді:

«Домен пешінің газ маманы» мамандығы бойынша Теміртау политехникалық колледжі;

«Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша Талдықорғандың сервис және технология колледжі;

Текелі қаласының кәсіби колледжі 7 мамандық бойынша оқыту жүргізеді: туризм, қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру, үлгілеу шаштаразы, аспазшы, электр жүйелерінің және электр құралдарының электр монтері, ЭЕМ операторы, жол-құрылыс техникасын қолдану және жөндеу. 

Нәтижесінде, ұзақмерзімді және ортамерзімді кезеңде халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсімі сақталады деп күтілуде.

 

 

Текелі қаласының өз ісімен шұғылданушы,  жұмыссыз, аз қамтылған халқын оқыту

адам

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Кәсіби дайындық

55

59

60

60

60

Қайта дайындау

20

10

10

10

10

Біліктілікті арттыру

3

-

-

-

-

Өз ісімен шұғылданатын, жұмыссыз және аз қамтылған халықтың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

Әлеуметтік жұмыс орындары

32

20

20

20

20

Жастар тәжірибесі

32

25

20

20

20

 

1.5 Әлеуметтік инфрақұрылым

Денсаулық сақтау

Қалада 170 жатын орынды, ауысымына 1000 келіп-кетушіге арналған емханасы бар «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ-Ғы МКК-ны жұмыс жасайды.

Халықтың 10 мың адамға шаққандағы жатын орындармен қамтамасыз етілуі 2013 жылы - 55,5 (облыс – 47,7), дәрігерлермен 20,1 (облыс- 21,7) адамды құрайды. Медициналық құралдармен жарақтану  86,61%-ті құрайды.

13 медицина мамандарының, оның ішінде Жоғары дәрежелі біліктілігі бар дәрігерлер тапшылығы байқалады: анестезиолог-реаниматолог дәрігері - 2, нарколог дәрігер -1, эндокринолог дәрігер -1, акушер гинеколог дәрігері - 1, рентгенолог дәрігері- 1, офтальмолог дәрігері - 1, фтизиатр дәрігері- 1, фтизиопедиатр дәрігері- 1, психиатр дәрігері - 1, терапевт дәрігері- 1, патологоанатом дәрігері- 1, дәрігер-зертханашы - 1.

2013 жылы қалаға 4 жас маман келді, оның ішінде: 1- хирург, 1 – онколог хирург дәрігер, 1- акушер гинеколог дәрігері, 1- ЖТД дәрігері.

2014 жылы 5 жас маман келді, оң ішінде: 1- ЖТД дәрігері, 1- қоғамдық денсаулық сақтау эпидемиолог дәрігері (маманы), 1- қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (маманы), 1- учаскелік терапевт дәрігері, 1- педиатр дәрігері.

Барлық мамандарға Текелі қаласының әкімдігі арқылы тұрғын үй берілді.

Білім беру

2014 жылдың 1 қаңтарына қаладағы мектепке дейінгі жастағы балалар саны 2375 баланы құрайды, 705 орынды 4 балабақша және мектептерде 105 орынды 6 шағын орталықтар жұмыс жасайды, жалпы 810 орын бар. 810 бала қамтылған, қамту деңгейі 2011 жылғы  58,1 %-ке қарағанда 72,2 %-ті құрады. Мектепке дейінгі мекемелерге кезекте 620 бала тұр. 2013 жылы «Достық» мөлтек ауданында 120 орынды жаңа бабақша салынды.

Бұрын жекешелендірген балабақшаларды қайтару жұмыстары жүргізілуде, №5 балабақшаны күрделі жөндеу қажет.

5876 орынды 8 мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды, мұнда екі ауысым тәртібімен 3530 оқушы білім алады. Оқушылар орнының тапшылығы жоқ.

№3, 5 6 орта мектептері күрделі жөндеуді қажет етеді.

2014 жылы №1 орта мектебіне спорт залын салу басталды, №6 балабақшасының ғимаратын сейсмикалық күшейту жүргізілуде.

Мектептен тыс оқыту үшін балалар шығармашылығы орталығы жұмыс жасайды, мұнда 13 бағыт бойынша 760 бала білім алады.

Бір кәсіби колледж бар, мұнда 6 мамандық бойынша 365 адам білім алуда.

 

Мәдениет және спорт

Қалада 6 мәдениет объектілері жұмыс жасайды, оның ішінде 1 – кәтапхана және 2 филиал, 1 – мәдениет үйі, 1 – саңырау балаларға арналған клуб, 2 – тарихи және мәдени ескерткіштер, «Металлург» мөлтек ауданында клуб. Қалалық мәдениет паркі бар.

2014 жылы мәдениет үйінің және «Металлург» клубының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Қалада 42 спорт ғимараты бар, оның ішінде 1 – стадион, 1 – Спорт сарайы, 2 – жүзу бассейндері, 10 – спорт залдары, 26 – жазықтықты ғимараттар, 1 – жағажай волейболына арналған алаң.

Спорттың 12 түрі бойынша 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды, мұнда 619 адам спортпен шұғылданады. БЖСМ 2011-2013 жылдар аралығында түрлі дәрежедегі 37 шеберлер мен жаттықтырушылар дайндады.

Қалада 2011-2013 жылдар аралығында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 2%-ке артып,  7540 адамды құрады немесе жалпы халық санынан - 24,6%. 

2013 жылы орталық стадионда қайта жаңғырту жүргізілді.

 

Туризм

Текелі қаласы – бұл серпінді дамып жатқан өңір. Экономикалық маманданудағы анық көрінетін өнеркәсіптік бағытқа қарамастан, қалада туристік сала айтарлықтай қарқынмен дамуда.

Текелі қаласы өзінің ұтымды орналасуына сәйкес, Текелі қаласы Жетісу өңірінде туризмді дамыту жөніндегі орталықтардың бірі бола алады. Бұл қаланың Жоңғар Алатауы мұздығынан бастау алатын Қора, Шажа және Текелі өзендерінің қосылған жерінде орналасуымен түсіндіріледі. Бұл өзендердің бассейні ауқымдары бойынша үлкен, ал ландшафтының сұлулығы мен әр түрлілігі бойынша бұл аудан Қазақстанның басқа өңірлерінен артта қалмайды.

Қалада туризмді дамыту талаптары облыстың басқа өңірлерінен өзгеше, себебі қала туристерді қабылдаудың кең ауқымды мүмкіндіктеріне ие.

2013 жылғы мониторинг мәліметтері бойынша қала кәсіпорындарының туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 71,2 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,9%-ке көп (68,5 млн. теңге).

Текелі қаласында 2013 жылы туристік ұйымдармен ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген азаматтар саны 3200 адамды құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 39,1%-ке артық (2300 адам).

Текелі қаласында туризм инфрақұрылымының 8 объектісі бар, оның ішінде 5 – қонақ үй, 1 – профилакторий-шипажайы, 1 – қонақ жай және 1 – сауықтыру лагері.

Қолайлы табиғи жағдай, тұрақты қар жабыны, қыс маусымының 5-6 ай созылуы, жер бедерлік факторлары Алматы мегаполисінің жанында белсенді демалыс үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз ететін заманауи ірі, халықаралық туристік және спорт кешенін құру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

«ТЛК Текесу» ЖШС-гі 12 нөмірлі туристік базасының құрылысын аяқтады. Жоба аясында авто тұрағы бар қонақ үй кешенінің, бугельді трассаларының, баллонмен, шанамен сырғанау трассаларының құрылысы, қыста шаңғымен және сноубордтармен сырғанауға, ал жазда маунтинбайктармен жүруге арналған трассалар тарту жоспарлануда.

Рудничный ауылдық округінде сметалық құны 592,0 млн. теңгені құрайтын «Көксу» спорттық-туристік базасын құру жоспарлануда.

«Ирбис-текелі» спорттық-туристік клубы жұмыс жасайды. Клуб тәрбиеленушілерінің ішіндегі балалар, сондай-ақ ересек командалары Алматы облысының чемпиондары және туристік көп сайыс бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпиондары болып табылады.

Балалар туризмін дамыту үшін 2013 жылы балалар мен жасөспірімдердің туризм мектебін орналастыру үшін ғимарат сатып алынды. Ағымдағы жылы ғимаратты күрделі жөндеу басталды.

 

Мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қол жетімділігі

2012 жылдан 2013 жылдар аралығында 133 әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілерінің 40 объектісі паспортталды:

оның ішінде 4-уі қол жетімді – «Жалпы үлгідегі қарт және мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекеме» ММ-сі, Орталық Азия Университетінің ШПНО, «ҚазақТелеком» АҚ-ы, «Текелі қаласының Қалалық Мәдениет үйі» МКҚК.

24 жартылай қол жетімді объектілер – «Текелі қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі, «ХҚКО» РМК, «Текелі қаласы бойынша салық басқармасы», «Алтын Шажа» ЖШС-гі Текелі профилакториясы, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі, «Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығы» РМКК, «Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» ММ-сі, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мы, «Аю-табан» әлеуметтік дүкен, «Стиль» шаштаразы, «Қалалық соты», №1 ОМ, №4 ОМ, №6 ОМ, №5 ОМ, №7 ОМ, №8 ОМ, «Текелі кәсіби колледжі» МКҚК, балалар шығармашылығы орталығы, «Руал» ЖШС-гі сауда үйі, «Астана» дүкені, «Зайтбеков ЖК» дәріханасы.

12 қол жетімсіз объектілер – «Қазпошта» АҚ-ның Текелі ҚПББ, «Текелі қаласының Әділет басқармасы» ММ-сі, «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, «Рудничный к. әкімінің аппараты» ММ-сі, «Қалалық ішкі істер бөлімі», №2 ОМ, №3 ОМ, Қалалық монша, «Точка» дәріханасы, «Солнышко» дүкені, «КаспийБанк», «Автопарк» ЖШС-гі автобекеті.

2014 жылы Текелі қаласы бойынша 5 пандусты қайта жабдықтау көзделген, олар: «Текелі қаласының қалалық кітапханасы» ММ-сі, «Текелі қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі, «Текелі қаласының қалалық ауруханасыә ШЖҚ МҚК-ы, «Текелі кәсіби колледжі» МКҚК-ы, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі.

Стандарттар талаптарына сәйкес келетін бес объектіні толық бейімдеу жүргізілді. Қосымша 4 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қаражат бөлінді: №8 ОМ, Балалар шығармашылығы орталығы, «Текелі қаласының қалалық Мәдениет үйі» МКҚК-ы, БЖСМ.

Мүгедектердің өмір сүру сапасын және олардың жылжып тұруын жақсарту үшін 3 дыбыстық бағдаршамдарды орнату жоспарлануда, «Инватакси» алынды.

Текелі қаласында жұмысқа қабілетті жастағы 888 мүгедек бар, олардың 360-ы жұмысқа қабілетті. Жұмыс жасайтын мүгедектер – 260 адам. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 56 азаматтар жұмысқа орналастырылды, «Аспазшы» және «Қуат жүйелері және электр құралдары жөніндегі электрмонтері мамандықтары бойынша 2 адам кәсіби оқуға жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарында 10 мүгедек жұмыс жасайды, 17 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жоспарлануда: 2015 жылы – 20 адам, 2016 жылы – 17 адам, 2017 жылы – 17 адам.

 

1.6. Өрт қауіпсіздігі

Текелі қаласына, «Достық» мөлтек ауданынан 10 ш қашықтықтағы «Металлург» мөлтек ауданында орналасқан ӨБ-24 өртке қарсы бөлім қызмет көрсетеді. Өртке қарсы депо салу қажет.

Текелі қаласының әкімшілік аумағында, 75 ш қашықтықта Рудничный кенті орналасқан. Кентте мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ. Рудничный кентіндегі өртке қарсы бекеті жылытылған бокспен қамтамасыз етілмеген және жеке құраммен жинақталмаған.

Қала аумағында 121 өрт сөндіру гидранттар бар, оның 32 гидратны жұмысқа жарамсыз жағдайда. Соңғы жылдары өрт сөндіру гидранттарын жөндеу жүргізілген жоқ. Су құбырларының жалпы ұзындығы 167,9 м құрайды.

 

1.7 Экологиялық жағдай

1980 жылдан бері әрекет етуші қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны өз мүмкіндіктерін тауысты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай емес, өрт туындау қаупін төндіреді. Жылдан жылға өндіріс және тұтыну қалдықтары өсуді, бұл қала имиджіне әсер етеді.

Қала аумағында әрекет етуші қалдық қоймасы бар («ТКПК ЖШС-нің және мемлекеттің меншігі), бұл экологиялық жағдайға теріс әсер етеді жәнеауыр металдармен зақымдану көзі және халық денсаулығына айтарлықтай қауіп туғызады. Ресми мәліметтерге сәйкес, қала облыста қатерлі ісік аурулары бойынша алдыңғы орынды.

Осы мәселелерді шешу үшін шамамен құны 323,0 млн. теңге болатын қоқыс өңдейтін зауыт салу және толған қалдық қоймасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

2)  Текелі қаласы бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне талдау

Қала бюджетінің кірістері 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артты. Бюджет кірістерінің құрылымы айтарлықтай өзгерді: олардың айтарлықтай бөлігі бюджет аралық трансферттер есебінен (субвенциялар, субсидиялар және трансферттер түрінде) 2011 жылы - 92,5% және 2013 жылы - 92,9% құралды. Бюджеттің дотациялық деңгейінің жоғары болуы байқалады.

 

Жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс негізі

 

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Кірістер

млн. теңге

1692,9

2156,4

2080,5

2619,8

1787,5

Салықтық түсімдер

млн. теңге

103,5

126,3

124,2

126,9

134,1

Салықтық емес түсімдер

млн. теңге

2,4

4,3

3,6

3,6

3,9

Негізгі  капиталды сатудан түскен түсімдер

млн. теңге

21,8

7,8

20,8

13,5

14,4

Бюджеттің жалпы кірісіндегі меншікті кірістер үлесі

7,5

6,4

7,1

5,5

8,6

Трансферттер түсімі

млн. теңге

1565,2

2018,0

1931,8

2475,8

1635,1

Бюджеттік жалпы кірісіндегі трансферттер үлесі

 

92,5

93,6

92,9

94,5

91,4

Шығыстар

млн. теңге

1734,5

2154,4

2063,5

2619,8

1787,5

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Білім беру

млн. теңге

892,4

965,8

1033,9

890,9

782,6

Әлеуметтік көмек және әлеуметік қамсыздандыру

млн. теңге

94,2

125,1

109,3

102,5

92,8

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

млн. теңге

249,4

477,0

225,1

700,2

659,9

Басқалары

млн. теңге

498,5

586,5

695,2

926,2

252,2

Бюджет тапшылығы  (профицит)

млн. теңге

41,6

 

 

 

 

Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

млн. теңге

41,6

 

 

 

 

 

 

«2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына 2012 пилоттық жылы республикалық бюджеттен - 112,7 млн. теңге, 2013 жылы – 278,9 млн. теңге, 2014 жылы 936,5 млн. теңге бөлінді.

2 жылда 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

 

 

 

3) Текелі қаласының қаржылық жағдайына диагностика

Текелі қаласының қаржылық жағдайын тексеру үшін мноқаланың 2011-2013 жылдар аралығындағы капиталы есептелді (5-кесте).

Қаланың экономикалық қатынастары қатысушыларының арасында қаржылық ағымдарды есептеу кезінде қаражат төлеуші және алушы ретіндегі негізгі субъектілер және қаланың қаржылық ағымдарын қалыптастыруға жауапты тұлғалар айқындалды.

Қаланың экономикалық қатынастарының мұндай қатысушылары келесілер:

  • «ТГПК» ЖШС-гі;
  • «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ы;
  • «Қазцинк-ТЭК» ЖШС-гі;
  • Текелі қаласының әкімдігі;
  • Қала халқы;
  • жергілікті өнеркәсіп және шағын бизнес;
  • жергілікті инфрақұрылым;
  • жоғары билік органдары;
  • сыртқы орта.

 

5-кесте

Текелі қаласы капиталының серпіні

млн. теңге

Көрсеткіш

2011 ж.

2012 ж.

Негізгі құралдардың бір жылға есептелген амортизациясы

491

588

Моноқаланың материалдық активтерінің құны, жыл соңына қалған құны

 

 

- негізгі қорлар

7040

8549

Қорытынды

7531

9137

 

 

 

 

Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және қаржылық ахуалық тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар.

Айтарлықтай күрделі тәуекелдер болып қала құраушы кәсіпорындардың тәуекелдері мен инфрақұрылым тәуекелдері табылады (инфрақұрылым элементтерінің амортизациясы/тозуы).

Қала құраушы кәсіпорындардың және инфрақұрылымдардың тәуекелдерін (олардың объектілерінің өте қатты тозуы есебінен) басқарушылық санатқа ауыстыру экономиканы әртараптандыру және қолда бар инфрақұрылымды қайта жаңғырту және жаңасын салу арқылы мүмкін болады.

Осылайша, Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін бірінші кезектегі шаралар болып түпкіліткі жобаларды жүзеге асыру, қала құраушы кәсіпорындардың қосарлы және қызмет көрсетуші өндірістерін құру, шағын және орта бизнесті дамыту және қалада инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру табылуы тиіс. Сондай-ақ, қалада  инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қол жетімді ортаны құру мәселесін ескеру қажет.

Текелі қаласының ДКЖ бәсеке қабілеттілігін арттыруды, экономика құрылымын әртараптандыруды, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды және жалпы қаланы ұзақмерзімді келешекте тұрақты дамытуды, сондай-ақ қаланың Алматы облысы мен жалпы елді дамытуға көшуін қамтамасыз етеді. 

 

Текелі қаласының SWOT ТАЛДАУЫ

 

Күшті жақтар

Әлсіз жақтар

  • Табиғи пайдалы қазбалардың болуы;
  • Дамыған инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы;
  • Шағын және орта бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар;
  • Қаланың туризмді дамыту үшін ұтымды географиялық орналасуы.
  • Коммуладық инфрақұрылымның қатты тозуы;
  • Көлік инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы (қала тұйықта орналасқан);
  • Қолда бар өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;
  • Білікті инженер-техникалық қызметшілердің, медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі;
  • Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер жоқ;
  • Туризмнің дамыған инфрақұрылымының жоқтығы.

 

Мүмкіндіктер  

Тәуекелдер

Өсім нүктелерінің әрекет етуші өнеркәісіп алаңдарына бағдарлануы:

- «Bapy Mining» ЖШС-нің «Инновациялық технология бойынша шекті шойын алумен темір рудасын өндіру және өңдеу» жобасы бойынша (2013-2015 жж.). қуаты жылына - 400 000 тонна.

- қуаты 2000 тонна электролиттік металл марганец өндіру жөніндегі зауыт құрылысы жобасы бойынша («Электромарганец» ЖШС-гі);

- жұмыспен қамтылудың келешктегі өсімі жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндіктерімен  түсіндіріледі;

- туризмді дамыту және бюджетке түсімдерді арттыру.

  • Қала құраушы кәсіпорындар (ТГПК):
  • Коммерциялық тәуекелдер (әлемдік нарықтағы конъюктураға қарай);
  • Технико-өндірістік тәуекелдер (дайын өнімді өткізу қиындығына байланысты өндірістік жоспарлардың орындалмау тәуекелі);
  • Халық:
  • ТГПК, ашытқы зауытының тұрақты жұмысына үлкен тәуелділік;
  •  
  • Инфрақұрылым:
  • Кварталішілік жүйелердің (жылу жүйелері, электр және су құбыры, кәріз жүйелері) негізгі қорларының қатты тозуы;
  • инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жоғары деңгейде тозуы;
  • қаланың тұрғын қорының қатты тозуы;
  • орталықтандырылған газбен қамтудың болмауы.

 

4) Моноқаланың бас жоспарын түзету.

Текелі қаласының бас жоспары Алматы облысы мәслихатымен2008 жылдың 1 желтоқсанында №5-65 шешімімен бекітілген.

Қаланың бас жоспарын түзету қаланың қазіргі шекарасын 1550 га кеңейтілуін ескерумен жүргізіледі.

Қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірлену үстінде.

 

IІ. ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАҒЫН, ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қала экономикасын әртараптандыру «түпкілікті» ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін құру есебінен жүзеге асырылатын болады. Іс-шараларды сәтті жүзеге асыру қаланың негізгі капиталына инвестициялар тартудың өсуіне және 2017 жылға нысаналы индикаторларға қол жеткізуге: жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды 95,0 мың теңгеге дейін арттыруға әсерін тигізеді.

1) Текелі моноқаласының экономикасын ұзақмерзімді әртараптандыру үшін «түпкілікті» инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

1-жоба. «Инновациялық технологиялар бойынша шекті шойын алумен темір рудасын өндіру және қайта өңдеу».

Жоба «Текелі тау-өңдеу кешені» ЖШС-нің өндірістік алаңында жүзеге асырылады, себебі мұнда ғимарат және инфрақұрылымның барлық түрі бар. Шикізат құрамдастарының бірі болып Қарағанды облысының «Бапы» кенішінен темір құрамдас рудалар кешенінде байыту кезінде алатын темір концентраты табылады.

1) жобаның атауы - «Инновациялық технологиялар бойынша шекті шойын алумен темір рудасын өндіру және қайта өңдеу»;

2) жоба мәлімдеушісі - «Bapy Mining» ЖШС-гі;

3) саласы – өңдеу;

4) жүзеге асыру кезеңі - 2013-2015 жылдар;

5) инвестиция көлемі – 8 250,0 млн. теңге (55 млн. АҚШ доллары);

6) жұмыс орындары: жүзеге асыру кезінде – 150 адам, қолдану барысында – 500 адамға дейін;

7) зауыттың жоспарлы өндірістік қуаты – жылына 400,0 мың тонна шойын;

8) Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылдың 20 маусымындағы №147 қаулысымен жоба өңірлік Индустриаландыру картасына енгізілді;

9) зауыт салу үшін жер телімі бар, технико-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, қарыз қаражат есебінен қаржыландырылады, өнеркәсіп алаңқайы дайындалып, ҚХР-нан құрал-жабдыққа тапсырыс берілді;

 

2-жоба. «Электролитті металл марганецін өндіру жөніндегі зауыт құрылысы».

Жобаны, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірісті дамыту мақсатында «Текелі тау-өңдеу кешені» ЖШС-нің (ТТӨК) негізінде «Электромарганец» ЖШС-гі бірлескен кәсіпорынын құру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл «Thyssen Krupp» неміс компаниясымен бірлескен «Электромарганец» ЖШС-гі кәсіпорыны табылады.

1) жобаның атауы - «Электролиттік металл марганецінің өндірісі»;

2) жоба мәлімдеушісі  - «Электромарганец» ЖШС-гі;

3) саласы – өңдеу;

4) жүзеге асыру кезеңі - 2016-2018 жылдар;

5) инвестиция көлемі - 10 430,0 млн. теңге (70 млн. АҚШ доллары);

6) жұмыс орындары: жүзеге асыру кезінде – 60 адам, қолдану барысында – 100 адам;

7) зауыттың жоспарлы өндіріс қуаты – жылына 2,0 мың тонна электролиттік марганец;

8) жобаны өңірлік индустриаландыру картасына қосу мәселесі талқылануда;

9) з зауыт салу үшін жер телімі бар, зертханалық және басқа да ғылыми зерттеулер аяқталды, өндірістің негізгі және қосалқы цехтарын жобалауға техникалық тапсырмалар аяқталды,  технико-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде, шетел қаражаты есебінен қаржыландырылады;

10) жобаны жүргізу кезінде бюджетке салықтық түсімдер 3,0 млн. АҚШ долларына көбейіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі артады.

Текелі тау-өндіру кешенінің негізінде электролиттік металл марганецін өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру материалдық және қаржылық құралдарды бәсеке қабілеттілікті және ғылыми-техникалық прогресстің жеделдетілуін, жаңа техника мен технологияларды, халықаралық маркетингтің заманауи әдістері мен озық басқару тәжірибесін таруды қамтамасыз ететін бағыттарға жұмылдыру арқылы ТТӨК-нің әлемдік экономикалық шаруашылыққа кіруіне септігін тигізеді.

 

2) Ұлттық холдингтердің қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды моноқалаларға, олардың ерекшеліктерін ескере отырып орналастырулары.

«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ы, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы бірлесіп, қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша шаралар қабылдау мәселесін қарастырады.

 

3) Қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды моноқалаларға, олардың ерекшеліктерін ескере отырып орналастырулары.

 

Қаланың қала құраушы кәсіпорындарында бұл бағытта 5 қосалқы және қызмет көрсетуші өндірістерді орындау жоспарлануда.  

1. Жаңа 10 жұмыс орнын құрумен «Текелі тау-өндіру кешені» ЖШС-нің қызметкерлеріне әкімшілік-тұрмыстық корпус салу. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – 2014-2015 жылдар.

2. «Текелі тау-өндіру кешені» ЖШС-нің шетелдік қызметкерлеріне асханасы бар жатақхана салу. Жаңа 10 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жүзеге асыру кезеңі – 2014-2015 жылдар.

3. «Электромарганец» ЖШС-нің оттегі-азот өндіретін цехының құрылысы. Тұрақты негізде 20 жұмыс орны құрылады. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – 2015-2016 жылдар.

4. Қуаты 12 МВт жылу электр станциясының құрылысы. «Текелі тау-өндіру кешені» ЖШС-гі өзінің алаңында, зауытқа қызмет көрсету үшін, жаңа 15 жұмыс орнын құрумен, қуаты 12 МВт ЖЭС-н салуды жоспарлауда. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – 2016-2017 жылдар.

 

2. Текелі қаласында шағын және орта бизнесті дамыту

 

1) Салалық шектеулерсіз, банк несиелерінің сыйақы ставкаларын субсидиялау.

Пайыздық ставканы субсидиялау 14%-дан аспайтын атаулы сыйақы ставкасымен жүргізіледі, мұнда 10%-ды мемлекет өтейді, ал  4%-ды кәсіпкер төлейді.

 

2) Жаңа өндірістерді құруға 1,5-тен 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар беру.

2013 жылы 7 бизнес жоспарлар бойынша жалпы 19,0 млн. теңге сомасына мемлекеттік гранттар берілді.

3) ШОБ субъектілеріне арналған өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту.

2014 жылға «Т-Генерация» ЖШС-не жалры 22,7 млн. теңге сомасына «Текелі қаласында «Қора» насостық кіші станциясынан «Шажа» насостық кіші станциясына дейін қуаты 6 кВ ЭӨЖ салу» жобасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға қаражат бөлінді.

4) Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды жүзеге асыру. 2013 жылы әріптестік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында қала құраушы кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің арасында 6 әріптестік келісім жасалды.

5) Текелі қаласында бизнес-инкубаторлар құру (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, старт-ап жобалар).

Текелі қаласында бизнес-инкубаторларды құру үшін мемлекет балансында ғимараттар мен құрылыстар жоқ. Жеке меншіктен әлеуетті объектілерді қарастыру жұмыстары жалғасуда.

6) Текелі қаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталығын құру. «Даму» Қорының өңірлік филиалымен бірге 2013 жылдың 7 ақпанында Текелі қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. 2013 жылы Орталық 472 адамға кеңес беріп, кәсіпкерлікті қолдау саласында 1002 түрлі қызметтер көрсетті.

 

IІІ. ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

 

1. Жылумен және сумен қамту

 

Қаланы жылумен қамтуды «Қазцинк-ТЭК» ЖШС-гі жүзеге асырады. Қазандықтардың барынша өнімділігі сағатына – 88 Гкал, атаулы қуаты сағатына – 55 Гкал. Екі турбина 24 м Мгвт өндіреді.

         Қаланың бір құбырлы нұсқадағы жылу жүйелерінің ұзындығы – 76,4 м, олардың 61,1 м жөндеуді қажет етеді. Жылу жүйелерінің тозуы жоғары, 80%-ды құрайды.

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылдың 28 қаңтарындағы №12 қаулысымен жылу жүйелері қаланың коммуналдық меншігіне қабылданды. «Достық» және «Алатау» мөлтек ауданының жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар жасалды.

194 үйдің 14-і есептеу құралдарымен қамтамасыз етілді, бұл - 7,2%.

 

Қала халқы толығымен орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген. Сумен қамтуды «Текелі Су құбыры» ШЖҚ МКК-н жүзеге асырады.

Су жинау сүзгілеу станциясының ашық су көзінен (Қора өзеніндегі өңіраралық канал) жүргізіледі, жобалық қуаты тәулігіне - 20,0 мың м3. Жаз кезінде, мұздақтардың еруінен су деңгейі артады, бұл Қора өзенінің арнасындағы бор жыныстарының үнемі шауылып кетуіне және судың лайлануына әкеліп соғады. Сүзгілеу станциясының қолданыстағы тазалау жүйесінің күші жетпейді, нәтижесінде судың лайлану көрсеткіштері МемСТ нормаларына сай келмейді

Су құбыры жүйелерінің ұзындығы 167,9 ш құрайды, тозуы – 68,2%.

Сумен қамту мәселесін шешу үшін алты скважина салу және 20 ш су құбыры жүйесін қайта жаңғырту қажет.

Суық су бойынша су есептегіш құралдарымен 8413 тұтынушы қамтылған немесе 95%, ыстық су есептегішімен - 4441 тұтынушы немесе 90%.

Орталықтандырылған кәріз жүйесінің ұзындығы 49,7 ш құрайды, жүйелердің тозуы – 71,7%, 27,2 ш жүйені қайта жаңғырту қажет. Тазалау құрылыстарының жобалық қуаты тәулігіне - 11,0 мың м3.

 

  1. Электрмен қамту

         Элект жүйелерінің жалпы ұзындығы 412 ш құрайды, оның ішінде 342,6 ш «ТАТЭК» АҚ-ның балансында тіркелген, 6/0,4 кВ трансформаторлық кіші станциялар – 69 дана. Электр жүйелерінің тозуы 80%-ке жетті.

Текелі тау-шаңғылық кешеніне қуаты 600 Квт/сағ кіші станцияны орнатумен, ұзындығы 400 м электр өткізу желісінің (ЭӨЖ), «Қора» сүзгілеу станциясына 35/0,6 төмендету трансформаторын орнатумен, ұзындығы 1 ш электр өткізу желісінің (ЭӨЖ)  құрылысын жүргізу және 247 ш электр жүйесін қайта жаңғырту қажет.

 

3. Газбен қамту

Қалада орталықтандырылған газбен қамту жүйесі жоқ. Қала халқы сұйытылған газ баллондарын қолданады.

Текелі қаласында 23 газ бөлу қондырғылары орнатылған, олар күрделі жөндеуді және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелер» негізінде техникалық қайта куәландыруды талап етеді, осыған байланысты ағымдағы жылы «Алматы облысының Текелі қаласында сұйытылған газ бөлу қондырғыларын күрделі жөндеу және зертханалық тексеру» объектісіне мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

 

4.Автомобиль жолдары

Қаладағы автомобиль жолдарының ұзындығы 141,5 ш құрайды, оның ішінде 106,6 ш (75,3 %) жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.

Қаланың орталық көшесінің жалпы ұзындығы 30 ш астам, жолдың асфальт жабыны нормативтік талаптарға сәйкес келмейді.

2013 жылы жалпы 11 көше бойынша 10,6 ш жол қайта жаңғыртылды.

«Текелі» тау-шаңғы кешенінің құрылысы жаңа жолдарды салуды қажет етеді, осыған байланысты Қонаев көшесімен орталық көпірден Текелі өзенінен өтетін көпірге дейін және Сәтбаев көшесіне дейінгі жолдарды қайта жаңғырту қажет.

Қала ішінде қаланың мөлтек аудандарын қосатын бес негізгі көпірлер бар, олар жол қозғалысы стандарттарына сай емес. 2014 жылы «Металлург» мөлтек ауданындағы көпірді қайта жаңғыртуға қаражат бөлінді, сондай-ақ негізгі төрт көпірді қайта жаңғырту қажет.

 

5. Тұрғын қорының жағдайы

Текелі қаласының тұрғын қоры жалпы алағы 286599,7 ш.метр 212 көпқабатты және 4549 жер үйлерден тұрады, «Горняцкий» мөлтек ауданының 18 көпқабатты үйлері авариялық жағдайда деп танылды.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 860 азамат кезекте тұр. 80 пәтерлі коммуналдық үйдің іске қосылуын ескерсек, 2014 жылы тұрғын үй алу кезегі 8,3%-ке қысқарады.

 

3-кесте

Текелі қаласының тұрғын үй қоры жағдайының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өл.бірл.

01.01.2014 жылға

1

Тұрғын үй саны, оның ішінде:

Үй

4761

2

- көпқабатты үйлер және коммуналдық тұрғын үй қоры

Үй

212

3

- қаланың тұрғын үй қорының жалпы алаңы

ш.м

497532,1

4

- көпқабатты және муниципалды үйлердің жалпы алаңы

ш.м

286599,7

5

- ескі, авариялық және жөнделген үйлердің алаңы

ш.м

8976

 

- жалпы тұрғын қорындағы ескі, авариялық және жөнделген үйлердің үлестік салмағы

%

0,4

 

- көпқабатты үйердің тұрғын қорындағы ескі және авариялық үйлердің үлестік салмағы

%

8,5

6

Абаттандырылу деңгейі:

 

 

 

- орталықтандырылған жылыту

%

54,7

 

- сумен қамту

%

100

 

- кәріз

%

52

 

- ыстық сумен қамту

%

54,7

 

 

6.Тұрғын үй құрылысы

2012 жылы 20 пәтерлі коммуналдық үй салынды.

2014 жылы «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында 80 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Сонымен қатар, тұрғын үйдің қол жетімсіздігі мәселесі сақталуда, тұрғын үй алуға 860 қала азаматтары кезекте тұр.

2016 жылы 80 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.  

 

7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламасының аясында 2011-2013 жылдары аралығында 7 көпқабатты үй жөнделді, 2014 жылы 4 көпқабатты үй жөндеуден өткізілді.

Тағы 18 көпқабатты үй жөндеуді талап етеді.

 КПР жаспары .(xlsx..31.1 КБ)