Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мемлекеттік қызмет » Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?
Қазақстан Республикасында 2000 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік органдардағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеп алу тәртібі енгізілді. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік конституциялық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін конкус өткізудің Қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурсты мемлекеттік орган жүргізеді.
Конкурс бірнеше сатылардан тұрады:
1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) Конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау;
4) Кандидаттармен конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
5) Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға міндетті.
Орталық мемлекеттік органдарда және олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарында, сондай – ақ Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет – ресурстарында, сондай – ақ тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімдік басылымдарда жарияланады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрамына кіретін мемлекеттік органның интернет – ресурсында жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға Қағидада белгіленген құжаттарды (конкурсқа қатысуға өтініш, 3х4 үлгідегі суреті жапсырылған сауалнаманы, білім туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттардың (егер азамат жұмыс істемеген болса немесе конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе, онда құжат тапсырудың қажеті жоқ) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін, ҚР Денсаулық министрлігі бекіткен нысандағы денсаулығы туралы анықтама, ҚР азаматы жеке куәлігінің көшірмесін, құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификатты) конкурстық комиссияның қарауына тапсырады.
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұдан да кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптары басшылыққа алынады.
Азаматтар жоғарыда көрсетілген құжаттарды тезтікпеге салып, конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде поштамен немесе арнайы апарушы арқылы хабарландыруда көрсетілген мекенжайдағы тиісті мемлекеттік органға тапсырады.
Азаматтар жоғарыда айтылған құжаттарды хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның мекен - жайына электронды түрде де жібере алады. Электрондық поштамен жіберілген құжаттардың түпнұсқасы конкурстық комиссияға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстық комиссия құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде олардың тиісті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет – ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Қорытынды отырыста конкурстық комиссия, кандидаттардың берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асырады. Кандидаттардың тек біреуі ғана оң баға алуы мүмкін, ал екінші озат үміткер кадр резервіне қоюға ұсынылады.
Конкурс нәтижесі бойынша бос лауазымға орналасуға лайықты үміткер анықталмаған жағдайда мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады. Конкурстық комисияның оң қорытындысын алған кандидат әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көрсетілген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға орналасуға құқылы.
 
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеуден өткені туралы
СЕРТИФИКАТ
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына қарай тестілеудің түрлі бағдарламасы белгіленеді. Үміткердің білімдері мен қабілеттерін әділ бағалау мақсатында қазіргі таңда тестілеудің бағдарламасына заңнаманы білу, мемлекеттік тілді білу және логикалық тестілеу (санатына қарай) енгізілген.
Азаматтар оны белгіленген тәртіп бойынша Агенттікте немесе Қазақстан Республикасы Агенттігінің еліміздің барлық 16 аймағындағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік тестілеу орталықтарында өтеді.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі –«Б» корпусына кандидат ) тестілеуді азаматтардан түскен өтініштерге қарай өткізеді.
Шекті мәннен кем емес тестілеу нәтижесін алған кандидатқа тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі
Тестілеудің қашықтық жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бірізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады.
Тестілерді қолданудың ең жоғары қалыптарын мүлтіксіз ұстану ықтимал мәселелер мен теріс пиғылдардан аулақ болуға және конкурстық іріктеуге қатысушының, жалпы мемлекеттік қызметшілер үшін және әрбір үміткерлер үшін олардың артықшылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, бұл және барлығы үшін әділдік пен тең мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.