Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Верхняя навигация » Ауылдық округ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Рудничный ауылдық округінің әкімі

Рудничный ауылдық округі аппаратына әкім – Вишняков Сергей Дмитриевич басшылық етеді.
Телефоны: 8-728-59-4-74-44.
Мекен-жайы: Алматы облысы Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің Ескелді би, 23 көшесінде орналасқан.
Рудничный ауылдық округінің іргетасы Буденовсктың геологті-барлау партиясының іздестіру жұмыстары барысында қаланды (22.11.1949 жылдағы №69 Бұйрық «Текелі қорғасын-мырыш комбинатының шикізат базасын кеңейту шаралары туралы»). Ол кезде ТҚМК директоры Гришин болған, металлургиялық өнеркәсіп Министрлігінің Главцинксвинец қорғасын-мырыш өнеркәсібінін негізгі басқармасының (Мәскеуде) директоры Федоров болған.
1958 жылдың 25 ақпанындағы Қазақ КСР Жоғарғы Президиумының Жарлығына сәйкес «Талды-Курган облысындағы 28 гвардиялықтар атынндағы аудандағы Рудник Коксу елді-мекенін жұмыс кенттері категориясына жатқызу туралы», (хаттама №43) 28 Гвардейцев атындағы Рудник Коксу елді-мекені жұмыс кенттері категориясына жатқызылды және Текелі қалалық халық депутаттары Кеңесінің құрамына кіріп, Рудничный жұмыс кенті деп аталды.
2013 жылы 24 шілдеде Алматы облысының шешімімен Рудничный кенті Рудничный ауылына өзгертілді
Аймақтық қалыпты ауа райы қоңыржай ауа райының кеңдік қоңыржай типына жатады.Агроклиматтық аймақтандыру бойынша аймақ баяу-ыстық дымқыл аймаққа жатады.
Көлемі 1960 гектарды құрайтын Рудничный ауылдық округ Талдықорған қаласының оңтүстік-шығында 76 км ғашықтықта орналасқан, Текелі қаласынан 70 км ғашықтықта орналасқан, олармен автомобильды жолдармен байланысқан. Округ жерлері Көксу өзенінің оңжақ жағасында теңіз бетінен 1300 ден 2000 метрға дейін биіктікте орналасқан.       Кент 1953 жылға 5000 адамы бар үлкен елді-мекенге айналды, оның ішінде жұмысшылар және қызметшілер – 1328 адам, ауылшаруашылық міндетіндегі жерлер – жоқ. Байыту фабрикасы (1956 жылы қанауға берілді), құрылыс учаскесі салынды, Көксулық автобаза және геологты-барлау партиясы жұмыс істеді. 1953 жылы асхана, клуб, аурухана салынды.
            1970 жылғы халық санағы бойынша халық 2120 адамды құрады.
90-шы жылдардың басында»Көксу руднигінің кенбайыту фабрикасы, соған байланысты оған жалғас өндірістік мекемелер жабылды. Соған байланысты 2003 жылы адам саны 1033 адамды құрады.
2003 жылы «Көксу» тау-кен компаниясы құрылды, онда 2013 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 148 адам жұмыс істеді. 2012 жылы кәсіпорын бағасы 320млн 600 мың теңге тұратын 8 мың тонна таурит шығарды.
Автобустық байланыс: өте шығатын рейс «Текелі-Талдықорған-Қоғалы» және екіншісі Алматы-Рудничный рейсі.
Байланыс қызметін Текелі қаласының телекоммуникация болімі және Текелі қаласыныңмемлекеттік байланыс торапының 3 бөлімшесі көрсетеді, сонымен қатар Belline және Kecell операторларының мобильді байланысы бар.
Округтің тұрғын алаңы 28,5 мың шаршы метр,  соның ішінде 18 көп қабатты жабдықталған үйлер 215 бір қабатты тұрғын үйлер.
 Коммуналдық қызметті халыққа «Көксу» тұтынушылар кооперативі көрсетеді..Орталық су жүелері  жұмыс істейді, ішін-ара елді мекенде канализациялық жүйелер жұмыс істейді Суды сұзу станциясы мен тазарту құрылыстары жұмыс істейді.
Газбен «Текелігазсервис» Акционерлк қоғамымен қамтылады.
Округте  15 баллалық шағын центры бар орта мектеп (қазақ , орыс тілдерінде сабақ беретін) жұмыс істейді, шексара комендатурасы, 3 төсек орындық дәрігерлік амбулатория, автожанармайқүю станциясы, 7 жеке шұаруашылық, 11 дүкен: оның ішінде 8 азық-түлік, 2 кәсіптік тауарлар, 1 галантерея тауарлары.
Сарыозек РЭСы қызмет көрсететін 2 жұмыс орындық электроподстанция бар. Электрожүелер  6 кВ  ұзақтығы 10,4 км және 0,4 кВ ұзақтығы 28,2 км , 8 трансформаторлық подстанция бар.
2013 жылғы 1 шшілдеде округ тұрғындарының саны 1098 адамды құрады.
Жергілікті арқарушы органның  функцияларын ауылда  штатта 5 адам бар «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі атқарады.
Мекеменің тарихы:
1951 жылы Текелі қалалық халақ депутаттары Кеңесінің Рудничный атқару комитеті жұмыс істеді, ол одан әрі Рудничный кентінің халақ депутаттары Кеңесі, Рудничный кентінің администрациясы және Рудничный кентінің әкімі аппараты деп аталды. 2013 жылы 13 шілдеде Алматы облысы Текелі қаласының әкімшілігінің Қаулысымен «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Бұл ұйымды келесі реттілік бойынша басқарды:
Шаламов Николай Михайлович
Черепанова Анжелина Алексеевна
Циомик Виниамин Семенович
Санников Геннадий Федорович
Кузнецов Виктор Александрович
Вишняков Дмитрий Александрович
Жигульская Жанна Григорьевна
Булдыбаев Кайрат Найманбаевич
Вишняков Сергей Дмитриевич – қазіргі кезде басқарады.