Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Білім беру » «Текелі қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

«Текелі қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

«Текелі қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК
Мекен-жайы: 041700, Алматы облысы, Текелі қаласы, М.Әуезов көшесі 20 үй, 8 пәтер.
Телефон: 8(72835) 42494;
факс: 8(72835) 42494
e-mail: gosyz@mail, ru
Орталық басшысы - Қалысбаева Айгүл Ермұханқызы
Оқытушы – Жаңбырбаева Ғалия Батырғалиқызы
Есепші – Мұхамидиева Шынар Сламжанқызы
Бағдарламашы – Дик Сергей Александрұлы
  «Текелі қаласының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Текелі қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №108 Қаулысы негізінде құрылды.«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының    Жарғысы Текелі қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурызындағы №108 Қаулысымен бекітілген.
Алматы облысының әділет Департаменті Текелі қаласының әділет басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгені туралы куәлік берді.   Тіркеу нөмірі №64-1907-23-МК.
Құрылтайшысы Текелі қаласының әкімдігі.
Мемлекеттік басқару органы: «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі
Орталық басшысы: Қалысбаева Айгүл Ермұханқызы
Орталықтың міндеттері:
- Курс тыңдаушыларының санын арттыру
- Орталық жұмысын кеңінен насихаттау
- Жаңа технологиялар үлгілерін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік тілді жүйелі үйретуді ұйымдастыру
- Тыңдаушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету, сауатты жазу машықтарын қалыптастыру, өздерінің қызметтерінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде ресімдеуге үйретіп көмек көрсету.
Орталық  мемлекеттік қызметкерлерге, мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын, халықтың әр жастағы тобына мемлекеттік тілді оқытуды және дамытуды жаңа әдістер мен технологиялар негізінде жүргізеді.
Орталық жергілікті бюджеттен қаржыландырып және қаржыландыру жұмыстарын «Қазақстан Республикасының Халық банкі» АҚ атқарады.
2007 жылы тыңдаушылардың жалпы саны 60 адамды құраса, 2008 жылы адам саны 66 болды.
2009 жылы 57 адам дәріс алып оның 12-сі оқуды бітіргендігі туралы Сертификатқа, ал 50 тыңдаушы куәлікке ие болды. 2010 жылы тыңдаушылар 80-ге жетіп 39 адам Сертификат алды, оның 25-і мемлекеттік қызметші.
2011 жылы тыңдаушылар саны 102 адамды құрады. 2010-2011 жылдар бойынша 52 тыңдаушыға оқу курсын бітіргендігі туралы Сертификат берілді.
2012жылы 4 адам оқу курсын бітіргендігі туралы Сертификатқа ие болды.
2013 жылдан бастап орталықта оқыту ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жүргізіледі. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS жүйелерінің қағидаларына негізделген.Қазтест жүйесіндегі тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынады. Қазақ тілін
*қарапайым
*базалық
*орта
*ортадан жоғары
*жоғары деңгейлерде меңгеру көлемін Қазтест жүйесі арқылы анықтауға болады.
Қалалық орталықтың тыңдаушылары қалалық және облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алуда. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қалалалық байқауда Брилькова Ирина бірінші, «Абай оқуларында» Жук Юлия екінші, «Үздік аудармашы» номинациясында Воронкова Юлия үшінші орындарды жеңіп алды. Облыстық «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы» байқауында орталық оқытушысы Жаңбырбаева Ғалия екінші жүлделі орынға ие болды. 2012 жылы орталық тыңдаушыларынан құрылған «Тау самалы» тобы «Елдің тарихын танығың келсе, тілін үйрен» атты облыстық конкурста үшінші жүлделі орынды иеленді. 2013 жылы орталықтың директоры Айгүл Қалысбаева Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық байқауында «Тіл жанашыры» номинациясы бойынша марапатталды.

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жұмыс барысында төмендегі заңнамаларды басшылыққа алады:

-Тыңдаушылардың санын арттыру;
- Мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі жаңа технологияларды қолдана отырып мемлекеттік тілді жүйелі оқытуды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік тілді оқыту орталығының жұмысын насихаттау;
- тыңдаушыларды мемлекеттік тілге, қазақша еркін қарым-қатынас жасауға үйрету, іс қағаздарын сауатты ресімдеуге көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына, «Қазақстандағы тілдер туралы» Заңға,
тілдерді қолданудың қалалық бағдарламасына, қала әкімінің өкіміне, Текелі қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрығына сәйкес жұмыс істейді.