Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы
(Е-R-1 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1. Бөлім басшысы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясаттың үрдістері мен проблемаларын зерделеуді жүзеге асыратын арнайы лауазымды тұлға болып табылады.
1.2. Өзінің қызметтік міндетін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), «Қазақстан 2030» даму стратегиясын, бөлім туралы регламентті және ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, аталған қызметтік нұсқаулықты, Текелі қаласы әкімдігінің жоспарын, бөлімнің және жеке жоспарды басшылыққа алады, өзінің қызметтік міндетін атқару үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білуі, басқа да қажетті білімді білуі міндетті.
1.3. Бөлім басшысы қала әкіміне, әкім орынбасарларына, әкім апаратының жетекшісіне бағынады және олардан нұсқаулар алады.
1.4. Практикалық қызметте қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша өзара әрекет етеді.
1.4. Әкім орынбасарымен бекітілген қала әкімі аппаратының, бөлімнің, жеке жұмыс жоспарларымен жұмыс жасайды.
1.6. Бөлімнің басшысы болмаған кезде оның орнын бөлімнің бас маманы басады.
 
2. Бөлім басшысының құқықтары
Өзінің қызметтік міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 8 бабымен белгіленген құқықтар, аппарат туралы ережемен беріледі, соның ішінде:
2.1. Бөлім өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша әкімдіктің мәжілісіне, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, облыс және әкім аппаратымен, облыстық басқармалар және қала мекемелерімен, ұйымдарымен өтікізілетін басқа да шараларға қатысуға;
2.2. Сұраулар жіберуге, қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте құзырына жататын сұрақтар бойынша құжаттар мен материалдар алуға;
2.3. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қарамағында бар ақпараттық мәліметтер базасын белгіленген тәртіпте пайдалануға;
2.4. Кәсіби деңгейін көтеру үшін қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарында оқуға;
2.5. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.
 
3. Бөлім басшысының міндеттері
Өзінің қызметтік міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 9 бабымен, аппарат туралы ережемен белгіленген міндеттерді орындайды және міндетті:
3.1. Бөлімнің жалпы басшылғын жүзеге асыру, сәулет және қала құрылысы сұрақтары бойынша нұсқаушы органдардың шешімдерін орындауды ұйымдастыру;
3.2. Бөлім құзыреті бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
3.3. Сәулет және қала құрылыс қызметі саласында мақсатты даму бағдарламаларын әзірлеу;
3.4. Сәулет және қала құрылыс қызметі саласында кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
3.5. Бөлім қызметі бойынша қажетті ақпараттардың мерзімінде орындалуын және ұсынулуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру және тексеру. Азаматтарды қабылдауды жүргізу.
3.6. Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімшілік шаралардың орындалуын жүзеге асыру; басшы шешімдер қабылдайды, сәйкес құжаттардың дайындалуын бақылайды, «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» облыстық басқармаға есептер жолдайды.
3.7. Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
 
4. Бөлім басшысының жауапкершілігі
4.1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны,мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді орынндамағаны үшін жалпы бөлімінің жетекшісі қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жыл 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту Ережесіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
 
Бас маман
(Е-R-4 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1. Бөлімнің бас маманы іс жүргізуді, мұрағат құжаттарын және бөлімнің басқа да сұрақтарын жүзеге асыратын арнайы лауазымды тұлға болып табылады, аталған сұрақтар бойынша бөлім басшысын үнемі хабардар етіп отырады.
1.2. Өзінің қызметтік міндетін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), «Қазақстан 2030» даму стратегиясын, бөлім туралы регламентті және ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, аталған қызметтік нұсқаулықты, Текелі қаласы әкімдігінің жоспарын, бөлімнің және жеке жоспарды басшылыққа алады, өзінің қызметтік міндетін атқару үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білуі, басқа да қажетті білімді білуі міндетті.
1.3. Бөлім басшысы қала әкіміне, әкім орынбасарларына, әкім апаратының жетекшісіне бағынады және олардан нұсқаулар алады.
1.4. Практикалық қызметте қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша өзара әрекет етеді.
1.4. Әкім орынбасарымен бекітілген қала әкімі аппаратының, бөлімнің, жеке жұмыс жоспарларымен жұмыс жасайды.
1.6. Бөлімнің басшысы болмаған кезде оның орнын бөлімнің бас маманы басады.
 
2. Бөлім бас маманының құқықтары
Өзінің қызметтік міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 8 бабымен белгіленген құқықтар, аппарат туралы ережемен беріледі, соның ішінде:
2.1. Бөлім өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша әкімдіктің мәжілісіне, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, облыс және әкім аппаратымен, облыстық басқармалар және қала мекемелерімен, ұйымдарымен өтікізілетін басқа да шараларға қатысуға;
2.2. Сұраулар жіберуге, қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте құзырына жататын сұрақтар бойынша құжаттар мен материалдар алуға;
2.3. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қарамағында бар ақпараттық мәліметтер базасын белгіленген тәртіпте пайдалануға;
2.4. Кәсіби деңгейін көтеру үшін қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарында оқуға;
2.5. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.
 
3. Бөлім бас маманының міндеттері
Өзінің қызметтік міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 9 бабымен, аппарат туралы ережемен белгіленген міндеттерді орындайды және міндетті:
3.1. Өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауға;
3.2. Сәулет және қала құрылыс қызметі саласында аталған қызметтік нұсқаулықпен қарастырылған өзінің міндеттерін орындауға байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
3.3. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруға қатысу.
3.4. Орындауға берілген жұмыстар мен тапсырмалардың мерзімі сақтау және сапасын қамтамасыз ету;
3.5. Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімшілік шаралардың орындалуын жүзеге асыру;
3.6. Іс жүргізуді және мұрағат құжаттарын жүргізу;
3.7. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен өзара әрекет ету;
3.7. Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
 
4. Бөлім бас маманының жауапкершілігі