Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы
(E-R-1 санаты)

1.Жалпы ережелер
1.1. Қаржы бөлімінің басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексін, ар-намыс Кодексін , “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Жемқорлықпен күрес”, “Білім туралы”, “Мәдениет туралы”, “Тілдер туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің , нормативтік құқықтық актілерін, бөлім ережесі мен регламентін, облыс әкімдігінің және қала әкімдігінің қаулылары, өкімдері басқарма басшысының бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады
1.2. Құрлымдық бөлімше –жоқ.
1.3. Қаржы бөлімінің міндетін атқарады.
 
2. Басшының құқықтары
2.1. Өз құзіретіне байланысты сыртқы мекемелерімен қарым-қатынастар жүргізу.
2.2. Жергілікті атқарушы органдардан (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен) бюджетті атқару жөнінде ақпарат алу.
2.3. Бюджетті атқару жұмыстарын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
2.4. Қол астыңыздағы қызметкерлерге тапсырмалар беру және тапсырмалардың орындауын бақылау.
2.5. Басқарма басшыларының бұйрықтары мен өкімдеріне виза қою, бөлім жұмысына баланысты құжаттарға қол қою.
2.6. Бөлімнің және бөлімнің әр қызметкерінің жұмысын жоспарлау.
 
3. Басшының міндеттері
3.1. Бюджетті атқару жөнінде бөлімнің жұмысын басқару, қала бюджетінің қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау.
3.2. Қала көліміндегі коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау.
3.3. Қала бюджеті есебінен жасалатын мемлекеттік сатып алудың мониторингін қадағалау.
3.4. Қала бюджетінің түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспарларын бекіту.
3.5. Қала бюджеті түсімдерін жоспарлау жұмыстарына қатысу, бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізу.
4. Басшының жауапкершілігі.
4. 1. Қызметтік міндеттерді бұлжытпай орындау.
4.2. Тапсырмаларды сапалы және мерзімді орындауын қамтамасыз ету.
4.3 ҚР мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ар-намыс кодексін және еңбек тәртібін сақтау.
 

 
Жетекші маман
(E-R-5 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1. Жетекші маман өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексін, ар-намыс Кодексін , “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Жемқорлықпен күрес”, “Білім туралы”, “Мәдениет туралы”, “Тілдер туралы”,“Мемлекеттік мүлік туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің нормативтік құқықтық актілерін, бөлім ережесі мен регламентін, бөлім басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2.Құрлымдық бөлімше – жоқ.
1.3 Жетекші маман бөлім басшысының шешімімен жоқ қызметкердің міндеттерін атқарады.
 
2. Жетекші маманның құқықтары
2.1. Бөлімге жүктелген қызметті жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен және мемлекеттік мекемелерден құжаттарды, есептемелерді, сұрау салып алуға.
2.2. Бөлімнің құзіретіндегі мәселер бойынша мемлекеттік органдарға әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар береді және олардың орындалуын бақылайды.
2.3. Осы лауазымдық нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге.
2.4. Бөлімге келіп түскен азаматтардың өтініштері қарау ісіне қатысуға.
 
3. Жетекші маманның міндеттері
3.1 Бюджеттік бағдарламардың орындалуының мониторингін жүргізу, кредиторлық және дебиторлық берешектердің есебін жүргізу.
3.2. Қаржы басшысының басшылығының жеке тапсырмаларын орындау. Қажет болса қаржы бөлімінің басқа да жұмыстарына араласу.
3.3. Ұйымның қажетті іс жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
3.4. Қаржы бөлімінің қоғамдық шараларына қатысу.
3.5. Қаржы бөлімі бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығын есебін жинағын құрайды, бюджеттік мәлімдемені даярлауына қатысады.
3.6. Қаржы бөлімінің міндеттері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын құрайды.
3.7. Жылдық бухгалтерлік есебін және есептік кезеңіне құрайды, аппарат бөлімінің қаржыландыру жоспарының орындалуын бухгалтерлік есебін жүргізу.
3.8. Бөлімнің декларациясын және есебін салық органына тоқсан сайын ұсынады.
3.9. Бөлімнің жұмыс уақытының есебін жүргізу.
3.10. Статистикалық есебін құрайды.
3.11. Бір жолғы талондарды тарату бойынша талдау жұмысын және есебін жүргізу.
3.12. Коммуналдық меншік есебі бойынша жұмыс жүргізу.
 
4. Жетекші маманның жауапкершілігі
4.1. Қызметтік міндеттерді бұлжытпай орындау.
4.2. Тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындау.
4.3.Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін және еңбек тәртібін сақтау.