Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы
(Е-R-1 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1. «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі бөлімге жалпы басшылық жасайтын, қала көлемінде мектепке дейінгі білім мен жалпы орта білім беру саласына басқару мен бақылау жүргізетін лауазымдық тұлға болып саналады.
Қала әкімшілігіне осы бағыттағы жағдайлар туралы үнемі ақпарат беріп тұрады.
1.2. Бөлім жетекшісі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастырды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Білім туралы», «Тілдер туралы» Заңының, ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын, бөлімнің жұмыс регламентін, ішкі тәртіп ережесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Мемлекеттік тілді білуге және басқа да қажетті біліктерді білуге міндетті.
1.3. Қызмет барысында қала әкімі аппаратының бөлімшелерімен, облыстық білім басқармасымен, облыстық білім саласындағы бақылау департаментімен және облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментімен өзара қарым-қатынас жасайды.
1.4. Қала әкімі аппаратының, бөлімнің және өзіндік жеке жоспарларымен жұмыс жүргізеді.
1.5. Қалалық әдістемелік кабинеттің жұмысына бақылау жүргізеді.
 
2. Бөлім жетекшісінің құқықтары
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабымен, қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмысының бөлімі туралы ережесімен белгіленген құқықтар беріледі, соның ішінде:
1.1. Өз құзыретіне байланысты сыртқы мекемелермен қарым-қатынастар
жүргізу.
1.2. Білім бөлімі саласын арттыруға ұсыныстар енгізу.
1.3. Қол астындағы қызметкерлерге тапсырмалар беру және тапсырмалардың
орындалуын бақылау.
1.4. Басқарма басшыларының бұйрықтары мен өкімдеріне виза қою, бөлім
жұмысына байланысты құжаттарға қол қою.
1.5. Бөлім және бөлімнің әр қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау.
1.6. Қол астындағы қызметкерлерді мадақтау, тәртіп жазасын қолдану.
 
3. Бөлім жетекшісінің міндеттері
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен, қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмысының бөлімі туралы ережесімен белгіленген міндеттер беріледі:
3.1. Білім бөлімі қызметін ұйымдастыру және басшылық ету.
3.2. Бөлімнің құзырына енетін Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған органдар қаулылары мен шешімдерінің, қала әкімі өкімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді.
3.3. Қаладағы білім саласын дамытудың басты бағыттарын белгілеп, жолдарын айқындайды.
3.4. Қаладағы білім беру мекемелері басшыларын тағайындауға тиісті орындарға, босатуға ұсыныс береді, тағайындайды, босатады.
3.5. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын қадағалайды, білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысын ұйымдастырады;
3.6. Білім беру мекемелерінде құқықтық заңның дұрыс орындалуына бақылау жасайды;
3.7. Бастауыш, негізгі орта, орта білім беретін мекемелердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарының (арнаулы білім беретін мектептерден басқа) ережесін бекітеді;
3.8. Білім жүйесіндегі мекемелер мен барлық бөлімшелер үшін міндетті болып саналатын, білім беру бөлімінің құзырына жататын бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, кеңес шешімін қабылдайды;
3.9. Қалалық білім беру бөліміне қатысты сұрақтардың, шешімінің жобасын белгіленген ереже бойынша қала әкімінің қарауына жібереді;
3.10. Қала әкімі бекіткен құрылым мен апараттық штат кестесіне сәйкес оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын, бөлімнің жұмыс регламентін, сондай–ақ білім беру бөлімі аппаратын, қалалық бюджеттен қазыналық кәсіпорындарды сақтауға кететін шығындар сметасын, қалалық білім беру мекемелері педагогикалық қызметкерлерінің жаңа оқу жылына арналған тарификациялық тізімін бекітеді;
3.11. Үш жылда бір рет бөлім аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің аттестациясын ұйымдастырады және мемлекеттік қызметтің бос орындарына конкурс жариялайды;
3.12. Лимиттен тыс жасалған келісімге жауапкершілікпен қарайды;
3.13. Мемлекеттік органдармен ұйымдарға бөлім атынан білім сұрақтарына
қатысты жауап береді;
3.14. Білімге байланысты азаматтардың білім мекемелерінің арыз, шағымдарын қарайды;
3.15. Заңдардың және басқа да нормативті-құқықтық актілердің орындалуын талап ете отырып бақылайды;
3.16. Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді;
3.17. Қызметкерлердің жұмыстан шығуы мен жұмысқа алу сұрақтарын еңбек заңдылығына сәйкес шешеді;
3.18. Педагогикалық қызметкерлердің, білім беру мекемелері мен басшыларының аттестациядан өтуін белгіленген тәртіпте жүргізеді;.
3.19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының орындалуына бақылау жасайды.
3.20. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлерін (мемлекеттік аралық бақылау, ұлттық бірыңғай тестілеу, білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау) ұйымдастырады.
3.21. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасаудағы жұмыстарды ұйымдастырады.
3.22. Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайту мәселелерін шешеді.
3.23. Білім бөліміне бөлінген қаражатқа басшылық жасайды, бюджеттегі қаржының жұмсалуын бақылайды.
3.24. Бөлімдегі ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің сақталуын қадағалайды.
 
4. Бөлім жетекшісінің жауапкершілігі
4.1. Өзіне жүктелген міндеттерді талапты деңгейде атқармай, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп ҚР «Мемлекеттік қызмет туалы» Заңымен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін бөлім жетекшісі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999ж. 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту Ережесіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
 

 
Бас маман
E-R-4 (№ 13-14-02) санаты
 
1. Жалпы ережелер
 
1.1. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Текелі қаласы бойынша білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын лауазымды тұлға;
1.2 Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» , «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, әкім аппараты туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.3. Практикалық іс жүзінде Текелі қаласы әкімі аппарытының құрылымдық бөлімшелері және басқа мемлекеттік органдармен ара қатынаста;
1.4. Қала әкімі аппартының жұмыс жоспарлары, ұйымдастыру-кадр бөлімінің және бөлім бастығы бекіткен жеке жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жасайды;
1.5. Өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша Алматы облысының білім басқармасымен, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Алматы облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментімен және Текелі қаласы білім бөлімінің жанындағы әдістемелік кабинетпен ара-қатынас жасайды;
1.6. Білім бөлімінің бас маманы (бос лауазымдық) жұмыста болмаған жағдайда міндетін атқарады.
 
2. Бөлім бас маманының құқықтары
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
2.1. Өз құзыретіне байланысты сыртқы мекемелермен қарым-қатынастар жүргізеді.
  1. Білімбөлімі саласын арттыруға ұсынастар енгізеді.
  2. Мектеп басшыларына тапсырмалар беру және тапсырмалардың орындалуын бақылау жасайды.
  3. Бөлім жұмысын жоспарлау.
 
3. Бөлім бас маманының міндеттері
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. Білім саласындағы сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп реестр боынша есеп береді.
3.2. Азаматтардың мектепке дейінгі, жалпы орта білімге сұранысын қамтамасыз ету;
3.3. Өзіне құзырлы сұрақтары бойынша облыстық білім басқармасына есебін береді;
3.4. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, олардың орта білім алуын ұйымдастыру;
3.5. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне демеу етеді және ықпалын тигізеді;
3.6. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын қадағалайды,білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысын ұйымдастырады;
3.7. Аппарат жұмысын жоспарлайды, үйлестіреді;
3.8. ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындық жүргізеді, жұмыстарын қадағалайды 3.9. Білім жүйесіндегі мекемелер мен барлық бөлімшелер үшін міндетті болып саналатын, білім беру бөлімінің құзырына жататын бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, кеңес шешімін қабылдайды;
3.10. Білім бөлімі кеңесіне өзінің сұрақтары бойынша материалдардың дайындығын қамтамасыз етеді;
3.11. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселесі бойынша жұмыстар атқарады.
3.12. Өз мүддесі шегінде азаматтарды қабылдайды.
 
4. Бөлім бас маманының жауапкершілігі
 
4.1. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
 
 

 

Бас маман

E-R-4 (№ 13-14-03) санаты
 
1. Жалпы ережелер
 
1.1. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын лауазымды тұлға;
1.2. Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, әкім аппараты туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.3. Практикалық іс жүзінде Текелі қаласы әкімі аппарытының құрылымдық бөлімшелері және басқа мемлекеттік органдармен ара қатынаста;
1.4.Өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша Алматы облысының білім басқармасымен, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Алматы облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментімен және Текелі қаласы білімбөлімінің жанындағы әдістемелік кабинетпен ара-қатынас жасайды;
 
2. Бөлім бас маманының құқықтары
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
  1. Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың ұйымдастырып, өткізетін іс-шараларына қатысуға құқылы;
  2. Білім беру мекемелерінің басшыларына тексерістер кезінде анықталған кемшіліктер мен заң бұзуды жою туралы ұсыныс жасауға, тиісті лауазымды адамдардан есеп алуға, ауызша және жазбаша жауап алуға құқылы;
  3. Бөлім бастығына білім мекемелерінің басшыларын тәртіптік жаупкершілікке тарту туралы ұсыныс жасауға құқылы;
  4. Заңда белгіленген тіртіппен білім беру мекемелеріне, мемлекеттік органдарға, лауазымды тулғаларға сұраныс жолдап, олардан тиісті жауап, құжаттар және материалдар алуға құқылы;
  5. Білім бөлімі мен білім беру мекемелерінің ақпараттық базаларын белгіленген тіртіппен қолдануға құқылы;
  6. Кәсіби деңгейін көтеру мақсатында қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарын оқуға құқылы;
  7. Құзыретіндегі сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне тапсырмалар беру және тапсырмалардың орындалуын бақылауға құқылы.
  8. Бөлім бастығына қызмет бабындағы хаттар жолдап, ұсыныстар жасауға құқылы. 
3. Бөлім бас маманының міндеттері
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. Білім саласындағы сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп реестр бойынша есеп береді.
3.2. Мектептердің тәрбие жұмыстарына талдау жасап, бөлім басшылығына ақпарат дайындауға міндетті.
3.3. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, қала әкімі мен әкімдігінің нормативті-құқықтық актілерін, тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылайды, тексереді;
3.4. Бөлім қызметкерлері мен мектеп басшыларының жекелік істерін жүргізеді, талдайды, ұсыныс береді;
3.5. Бөлім бастығына тікелей бағынады;
3.6. Білім беру мекемелеріндегі құқықтық, патриоттық тәрбие жұмысына бақылау жүргізеді;
3.7. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастырады;
3.8. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу, орналастыру және құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жасайды;
3.9. Бөлім алдында қойылған мақсат, міндеттерді орындау үшін білім беру мекемелерінің құжаттары мен ақпараттарының уақытылы орындалып бөлімге ұсынылуын қамтамасыз етеді;
3.10. ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша білім беру мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді;
3.11. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
3.12. Аппарат, алқа мәжілістеріне материал дайындап, мәселе ұсынады, есеп береді.
3.13. Білім бөлімі Кеңесінің хаттамаларын жүргізеді;
3.14. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін орындауын бақылайды;
3.15. Өзіне құзырлы сұрақтары бойынша облыстық білім басқармасына есебін береді;
3.16. Бөлімнің және білім беру мекемелерінің кадрлық жұмысын бақылайды;
3.17. Қазіргі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқада міндеттерді атқарады;
 
4. Бөлім бас маманының жауапкершілігі
 
4.1. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
 

Бас маман
E-R-4 (13-14-04) санаты
 
1. Жалпы ережелер
 
1.1. Текелі қаласы білім бөлімінің бас маманы білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын лауазымды тұлға;
1.2. Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» , «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, әкім аппараты туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.3. Практикалық іс жүзінде Текелі қаласы әкімі аппарытының құрылымдық бөлімшелері және басқа мемлекеттік органдармен ара қатынаста;
1.4. Өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша Алматы облысының білім басқармасымен, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Алматы облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментімен және Текелі қаласы білімбөлімінің жанындағы әдістемелік кабинетпен ара-қатынас жасайды.
 
2. Бөлім бас маманының құқықтары
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
2.1. Бөлімге жүктелген қызметті жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен және мемлекеттік мекемелерден құжаттарды, есептемелерді, сұрау салып алуға;
2.2. Бөлімнің құзіретіндегі мәселер бойынша мемлекеттік органдарға әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар береді және олардың орындалуын бақылауға;
2.3. Осы лауазымдық нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;
2.4. Бөлімге келіп түскен азаматтардың өтініштері қарау ісіне қатысуға құқылы.
 
3. Бөлім бас маманының міндеттері
 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмысы бөлімінің бас маманының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. Бюджеттік бағдарламардың орындалуының мониторингін, кредиторлық және дебиторлық ерешектердің есебін жүргізу;
3.2. Ұйымның қажетті іс жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету;
3.3. Бөлім бөлімінің қоғамдық шараларына қатысу;
3.4. Білім бөлімі бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығын есебін жинағын құрайды, бюджеттік мәлімдемені даярлауына қатысу;
3.5. Білім бөлімінің міндеттері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын құрайды;
3.6. Жылдық бухгалтерлік есебін және есептік кезеңін құрайды, білім бөлімінің қаржыландыру жоспарының орындалуын бухгалтерлік есебін жүргізу;.
3.7. Бөлімнің декларациясын және есебін салық органына тоқсан сайын ұсыну;
3.8. Бөлімнің жұмыс уақытының есебін жүргізу;
3.9. Статистикалық есебін құрайды;
3.10. Бір жолғы талондарды тарату бойынша талдау жұмысын және есебін жүргізу міндеттерін атқарады.
 
4. Бөлім бас маманының жауапкершілігі
 
4.1. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Қызметтік міндеттерді бұлжытпай орындау.