Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

 
2017 жылға
 
1. Өнеркәсіп
 
2017 жыл бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 14618,2 млн. теңгені құрады, физикалық индекс көлемі 104,5% пайыз болды. Өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 1023,3 млн. теңгеге өсті. (13594,9)
Қалада 38 өндіріс орындары соның ішінде 2 үлкен өнеркәсіп нысандары («ТЭК» ЖШС, «ТГПК» ЖШС) сонымен қатар 3 бірлік бөлімшелері жұмыс жасауда(“Азия Микрон” ЖШС, “Альфа-Микс”ЖШС, “Ильяс и партнеры”ЖШС). Оөеркәсіп нысандарында 1,7 мың адам жұмыс жасайды.
Жыл басынан өнеркәсіп саласында «Ar-tek stone» ЖШС қосылуынан, және «ТФК Алакай» ЖШС кеңейтуінен жаңа 17 жұмыс орны ашылды.      «Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлі» жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Жобаны іске асырудан бастап 7670,2 млн. теңге игерилсе, сонымен қатар  2017 жылдың 12 айында 1263,7 млн. тенге игерілді. Қосымша қаржыландыру көздерінің бірінші үлесі алынды (1,2 млрд. тенге). Бірінші кезекте 2017 жылдың желтоқсан айының соңында байыту фабрикасын іске қосылса, 2018 жылдың ақпан айында №1 домна пеші мен агломерациялық қайта бөлісуді тәжірибелі түрде іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын толық қосылунан кейін 985 жұмыс орны ашылады.
Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, қаланың статистика басқармасымен бірлесе отырып, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 2017 жылға күтілетін өндіріс көлеміне талдау жүргізілді.
Сонымен қатар «Коринская ГЭС» ЖШС–нің Текелі қаласының Қора өзенінде қуаты 28,5 МВт гидро электростанциясының  құрылысы аяқталды, Қала бойынша жыл басынан 1,7 млрд. тенге инвестиция тартылды, 10 жаңа жұмыс орны құрылды. 6 желтоқсан күні телекөпір арқылы, ел басының қатысуымен іске қосыоды.
 
2. Инвестиция тарту
 
2017 жылдың 12 айы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 5295,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 412,4 млн. теңгеге өсті. (4883,8) Нақты көлем индексі – 101,4%.
Жалпы инвестиция көлемінде 4025,9 млн. теңге немесе 76,0 % пайызды бюджеттен тыс қаражаттар, оның ішінде кәсіпорының меншікті  қаражаты – 2224,8 млн. теңге, банк несиелері – 1627,1 млн. теңге.,  заемдық қаражаттар – 174,0 млн. теңге. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары 1270,2 млн. теңгені құрайды.
Текелі қаласында бизнестің инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру үшін «Достық» индустриялы аймағын құру жұмыстары жалғасуда. «Достық» индустриалдық аймағына инжинерлік – транспорттық инфрақұрылым жүргізу мемлекеттік экспертиза өтті.
Жоба “Нұр-Құрылыс”ЖШС-нің өңдеуінде,жобалық жұмыстың аяқталды, 03.05.17 жылы № 18-0086/17 құжаттар экспертиза өтті.
Инвесторларды тарту жұмысын жандандыру мақсатында, Текелі қаласының инвестицияларды тарту жөніндегі комиссиясы кұрылды.
Инвестицияларды тарту мақсатында, әлеуетті инвестициялық жобалардың иелерімен жыл басынан қала әкімімен 9 жиналыс өткізілді.
 
3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту
 
2017 жылы қалада қызмет жасайтын ШОБ субъектісінің саны 1111 бірлік, оның ішінде орта бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) – 2, шағын бизнес кәсіпорындары – 135, жеке кәсіпкерлер – 916, шаруа қожалықтары – 58. 2611 адам жұмыс жасайды. 
Сатылған өнімдері мен көрсеткен қызметтер көлемі – 7328,6 млн. теңге.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 1391,4 млн. теңге салық түскен.
Алматы облысы конкурстық комиссияның шешімімен жалпы сомасы 1,5 млн. тенге 1 бизнес – жобаға гранттар берілді:
-   «HoneyPack» ЖШС – ның балды өлшеп орау цехы
«Жетісу» аймақтық бағдарламасы арқылы жабдық алу мақсатында 24 млн. тенгеге 2 жоба мақұлданды.
 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың – 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарлама бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Жыл басынан 33 «направление» берілді, 4 жоба бойынша 49,3 млн. тенгеге несие берілді. Несие алушылармен жұмыстар жүргізілуде, жобалары бойынша пысықтау жұмыстары атқарылуда.
Субъектілердің заңды мүддесі мен құқұқтарының қорғалуын қамтамасыз ету  мақсатында, Алматы облысынын Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасы филиалы жұмыс істейді. Ақпараттық-кеңестік көмек көрсету үшін палатада кәсіпкерлерді қолдау орталығы белсенді жұмыс жасайды. 2017 жылдың 12 айы бойынша 1790 адамға көмек өкрсетілді, 119 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды.
 
4. Ішкі сауда
 
Текелі қаласы бойынша 2017 жылдың 12 айы бойынша бөлшекті тауар айналымы 4983,5 млн. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 617,2 млн. тенгеге жоғары.(4366,3) Физикалық индекс көлемі 104,8 % пайызды құрады.
2017 жылдың 01 желтоқсанына дейінгі  атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2-сауда (айлық) формасы бойынша 4 кәсіпорын есеп береді: «Контракт» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Жетісугаз» Корпорациясы» АҚ, «Oil KZ Мұнай Өнімдері» ЖШС.
 
«Текелі қаласының кәсіпкерлік
бөлімі» ММ басшысы                                                           Ә. Үсенов