Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Басшының міндеттері

1.Бөлімнің қызметіне басшылық етеді, өзіне жүктелген мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді.
2. Бөлімді ұстауға бекітілген смета шығыны шегінде штат кестесі бойынша Текелі қаласының әкіміне ұсыныс жасайды.
3. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдардың нормасына сәйкес Бөлім мамандарын қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бөлім қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады.
5. Бөлімнің мүлігімен, қаржы қаражатын басқарады, банк мекемелерінде есеп-шот ашып, жабады, олар бойынша операция жасап, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есеп тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
6. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа ұйымдарымен өзара әрекет етеді.
7. Қызметте Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, басқа міндеттерді де жүзеге асырады.
8. Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жұмысты ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті алады.
 

Бас маманның міндеттері

1. Қала кәсіпорындарын өнім сапасы бойынша облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге, байқаулар мен семинарларға қатысуға тарту және ұйымдастыру.
2. Тұтынушылық тауарлар мен  қызметтердің маңызды түрлеріне мониторинг және бағаларының анализін жүргізу, дағдарыс процесін қадағалауды жүзеге асыру.
3. Осы кәсіпорындардың, қоғамдық тамақтанудың, тұрмыстық қызмет ету, сауда, қала рыноктарының банкісін құру.
4. Қала кенішінде қызмет көрсету деңгейін көтеру, сауда жағдайын, қоғамдық тамақтандыруды, қызмет салаларын,  қызмет көрсету саласындағы жұмысшылардың кәсіби дайындығын дамыту бойынша ұсыныстар, іс-шаралар әзірлеу және сараптама жасау.
5.Қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер саласындағы мәселелер бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсету.