Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ » Қала бюджетінің жобасы

Қала бюджетінің жобасы

10.10.2018 жыл                                                                                                                                          ЖОБА
 
 
 
ШЕШІМ
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2018-2020
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 21-136 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 21-136 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4453 тіркелген, 2018 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 3359747 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 278054 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 9099 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 31500 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 3041094 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 905707 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 548397 мың теңге;
субвенциялар 1586990 мың теңге;
2) шығындар 3404382 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 15000 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 15000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 29635 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 29635 мың теңге.».
1.Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қалалық мәслихаты                                   Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                         мәслихатының хатшысы
____________ К. Нестеров                                     ___________ Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы «__»_______________ «Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 21-136 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № ________ шешіміне келісімі
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының экономика және                                                                                        Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                                                                                   Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                          Сванқызы
 
«__»__________ 2018 жыл