Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшыс

(Категориясы Е-R-1)

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастыратын, мемлекеттік мекемені басқаратын лауазымды тұлға болып табылады.

 1.2. Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, мемлекеттік мекеме туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді                      иеленуге міндетті.

1.3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына сектор меңгерушісі, бас маман, жетекші маман бағынысты.

1.4. Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезде оның міндеттерін сектор меңгерушісі атқарады.

 

2. Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтары

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына мынадай құқықтар беріледі:

2.1. Қызметшілер арасында міндеттерді бөлуді бекіту.

2.2. Өкілеттігі аясында бұйрықтарды шығару, олардың орындалуын ұйымдастыру.

2.3. Заңнамамен бекітілген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметшілерін қызметке тағайындау және босату.

2.4. Заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметшілерін марапаттау, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу.

2.5. Мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен қарым-қатынынастарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік ету.

2.6. Мемлекеттік мекеменің өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша қала әкімдігі мәжілістеріне, облыс және әкім аппаратымен, облыстық басқармалар және қала мекемелерімен, ұйымдарымен өтікізілетін отырыстарға және басқа да шараларға қатысу.

2.7. Сұраныс жіберіп, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер алу.

2.8. Белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін меншік түрлеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға бару.

2.9. Кәсіби деңгейін арттыру үшін қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарында оқу.

2.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттік мекеме басшысының міндеттері

 

Мемлекеттік мекеме басшысының міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.

 «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетті:

3.1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға.

3.2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметін бақылауға.

3.3. Бақылауға алынған құжаттардың мерзімінде орындалуына және қажетті ақпараттарды жоғары тұрған органдарга уақытылы ұсынуына бақылау жүргізуге.

3.4. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді, сала аралық және аумақтық үйлестіруді камтамасыз етуге.

3.5. Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлау жуйісін жетілдіру бойынша жұмысты атқаруға.

3.6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешеңді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде және оны орындау бойынша мониторинг жүргізу жұмысын қамтамасыз етуге.

3.7. Текелі қаласы аумағының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеуге және бағдарлама бойынша мониторинг жүргізуге.

3.8. Қала бюджетінің жобаларын әзірлеуді камтамасыз етуге.

3.9. Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етуге.

3.10. Каланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу бойынша жұмысты атқаруға. Каланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжауға.

3.11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары және дамудың бюджеттік бағдарламалары үшін лимит белгілеуге.

3.12. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін  қарауға.

3.13. Каланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мәліметтерді қала және облыс әкімдіктерінің отырыстарына, қаланың бюджеті бойынша қалалық мәслихаттың сессияларына дайындауды камтамасыз етуге.

3.14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің сақталауына жауапты болуға.

3.15. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарауға, азаматтардың қабылдауын жүргізуге.

3.16. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға.

3.17. Техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.

3.18. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.

3.19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға.

 

4. Мемлекеттік мекеме басшысының жауапкершілігі

 

4.1. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 
Сектор меңгерушісі
(категориясы Е-R-3)
 
1.Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетін және өзінің уәкілеттілігін ұйымдастыру-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, бөлім туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.2. Бөлім басшысымен бекітілген бөлімнің жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.
1.3. Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады.
1.4. Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда, оның функцияларын бөлімнің бас маманы атқарады.
 
2. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісінің құқықтары
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін сектор меңгерушісі мынадай құқықтармен иеленеді:
2.1. Аталған лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерін атқаруға байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.2. Бөлімнің қарастыруына берілген азаматтардың және мемлекеттік органдардың өтініштерін зерделеуге қатысуға;
2.3. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты талап етуге;
2.4. Кәсіби деңгейін көтеру үшін даярлау және қайта даярлау курстарында оқуға құқылы.
 
3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісінің міндеттері
Сектор меңгерушісінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының                            10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. Қаланың 5 жылдық кезеңге аумақтық даму бағдарламасын, бюджеттік бағдарламалар, қала бюджетінің жобасын әзірлеуге қатысады, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының және басқа да салалық бағдарламаларға мониторинг жүргізеді;
3.2. Мәслихатқа бюджет жобасын, бюджет бойынша материалдар әзірлейді, мектептердің тарификациясын, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін тексеруге қатысады;
3.3 Әкімдіктін отырысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша материалдар дайындайды, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы мен үнемделген бюджеттік қаражат бойынша ұсыныстар енгізіп, анализ жасайды;
3.4. Экономика мен бюджетке қатысты қаулы жобаларын дайындайды;
3.5. Инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытынды жасайды;
3.6. Бөлімдегі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»мемлекеттік қызметін көрсетеді;
3.7. Бөлімге жолданған бақылаудағы және басқа да құжаттарды орындайды;
3.8. Техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3.9. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
 
4. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісінің жауапкершілігі
4.1. Бөлімнің сектор меңгерушісі өзіне жүктелген мiндеттердi орындамаған не тиiсiнше орындамаған, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 
Бас маман
(категориясы Е-R-4)
 
1.Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетін және өзінің уәкілеттілігін ұйымдастыру-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, бөлім туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.2. Бөлім басшысымен бекітілген бөлімнің жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.
1.3. Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда, оның функцияларын бөлімнің сектор меңгерушісі атқарады.
 
2. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманының құқықтары
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін бас маман мынадай құқықтармен иеленеді:
2.1. Аталған лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерін атқаруға байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.2. Бөлімнің қарастыруына берілген азаматтардың мен мемлекеттік органдардың өтініштерін зерделеуге қатысуға;
2.3. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты талап етуге;
2.4. Кәсіби деңгейін көтеру үшін даярлау және қайта даярлау курстарында оқуға құқылы.
 
3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндеттері
Бас маманның міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. Қаланың 5 жылдық кезеңге аумақтық даму бағдарламасын әзірлеуге, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасына және басқа да салалық бағдарламаларға мониторинг жүргізеді;
3.2. Әкімдіктін отырысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша материалдар дайындайды, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы бойынша ұсыныстар енгізіп, анализ жасайды;
3.3. Экономика мен бюджетке қатысты қаулы жобаларын дайындайды;
3.4. Бөлімнің кадыр сұрағын жүргізеді;
3.5. Бөлімге жолданған бағдарламалық, бақылаудағы және басқа да құжаттарды орындайды;
3.6. Техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3.7. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
 
4. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманының жауапкершілігі
4.1. Бөлімнің бас маманы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамаған не тиiсiнше орындамаған, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 
Жетекші маман
(категориясы Е-R-5)
 
1.Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетін және өзінің уәкілеттілігін ұйымдастыру-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, бөлім туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.
1.2. Бөлім басшысымен бекітілген бөлімнің жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.
1.3. Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда, оның функцияларын бөлімнің бас маманы атқарады.
 
2. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманының құқықтары
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін жетекші маман мынадай құқықтармен иеленеді:
2.1. Аталған лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерін атқаруға байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.2. Бөлімнің қарастыруына берілген азаматтардың және мемлекеттік органдардың өтініштерін зерделеуге қатысуға;
2.3. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты талап етуге.
2.4. Кәсіби деңгейін көтеру үшін даярлау және қайта даярлау курстарында оқуға құқылы.
 
3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманының міндеттері
Жетекші маманның міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерден туындайды.
3.1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізеді және жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды;
3.2. Бөлімде іс – қағаздарын жүргізеді;
3.3. «IBM Notes», «E-kyzmet», «ИИС ЦОН ГО» бағдарламаларымен жұмыс жүргізеді;
3.4. Бөлімдегі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
3.5. Бөлімге жолданған бақылаудағы және басқа да құжаттарды орындайды;
3.6. Техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3.7. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
.
4. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманының жауапкершілігі
4.1. Бөлімнің жетекші маманы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.