Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ » Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ)

Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ)

Барлық үкіметтік емес ұйымдарға
 
Барлық үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерін 2019 жылғы 31 наурызға дейін «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарының Дерекқорына мәлімет ұсынулары қажет.
 
 
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган)осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 2019 жылғы 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде www.infonpo.kz веб-портал арқылы ұсынады.
 
 
Мәліметтер жіберілетін мекен- жай:
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі»
Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы
Телефондар +7 (7172) 74-04 -28, 74-04-47

 


ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді
 
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудыңкезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады).
 
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
 
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
 
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.
 
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
 
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

 


Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Текелі қаласы бойынша 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп
 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны)

Мемлекеттік органның қорытындысы

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздеме

Қорытынды
(қабылданған және қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны)

1

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша шаралар ұйымдастырып өткізу.
 


жоқ

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруды жоспарлау


жоқ

 

 

жоқ
 

2

ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу.

жоқ
 

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруды жоспарлау

жоқ
 

жоқ
 

 


Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың
нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымша
 

Текелі қаласы бойынша 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме
Халықтың нысаналы тобы
Күтілетін нәтиже
1 2 3 4 5 6
1 Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша шаралар ұйымдастырып өткізу.
 
1500,0
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы
 
Қала тұрғындары
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын,
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын
түсіндіру, тұрғындардың ақпараттық деңгейін көтеру.
2 ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу. 1500,0
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы
 
Қала тұрғындары
Қала тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, зайырлы мемлекеттілікті,
жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған шаралар өткізу.

 


Текелі қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы

Үкіметтік емес ұйымның атауы
Мекен – жайы(e-mail адресі)
Мемлекеттік
тіркеу №
және күні
Жетекшінің аты-жөні
1
«Текелі қаласының жалғызбасты
аналар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы. Тәуелсіздік көшесі,18
тел. жұм:8(72835)43227;
43649; 43621(үй)
ұялы: 87771317238
ooaom_tekeli2000@mail.ru
6123-1907-ҚБ
28.01.2000 ж.
Бочарникова
Мира Александровна
2
«Поколение» зейнеткерлерді
әлеуметтік және құқықтық
қорғау қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі,11.
тел.: 8(72835)43319
7120-1907-ҚБ
15.08.2000 ж.
Кондратенко
Нина Николаевна
3
«Ақ ниет» Текелі қалалық
мүгедектер қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы,
Қаратал көшесі, 81
тел.:87056267953
11876-1907-ҚБ
11.02.2005 ж.
Салимжанова Лязат Кордабаевна
4
«Текелі тау-кен байыту
кешені еңбек ардагерлері мен
мүгедектері» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы,
Тәуелсіздік көшесі, 11
тел:8(72835)44657(жұм)
8(72835)42146 (үй)
87772751558
12019-1907-ҚБ
24.1.2009 ж.
Михеева
Людмила Ивановна
5
«Текелі қалалық Ауғанстан
және жергілікті соғысы
ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы,
Тәуелсіздік көшесі, 11
тел:8(72835)44657(жұм)
8(72835)43312(үй), 87056267521
13055-1907-ҚБ
12.12.2008 ж.
Мырзағалиев
Разбек Рахымбергенұлы
6
«Текелі жастары» жастар
қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Тәуелсіздік
көшесі, 18-1.
Тел.:87771132159
13843-1907-ҚБ
15.10.2012ж.
Қоштаева
Гүлжахан Дүкенқызы
7
«Adventure Life» қоғамдық
бірлестігі
Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 11.
Тел.:87057001402; үй тел.:41079
13873-1907-ҚБ
22.02.2013ж.
Артющенко
Александр Николаевич
8
«Текелі қаласының қоғамдық палатасы»
қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Әуезов көшесі, 27-10.
тел: 87770268316
13890-1907-ҚБ
07.06.2013ж.
Харисова Зоя Васильевна
9
Текелі қаласының «Жас Өркен» жастар қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 11. 1 каб
Тел.:87756977976
akmaral250787@mail.ru
13946-1907-ОО 26.03.2014ж.
Ахметжанова
Ақмарал Мұхтарбекқызы
10
«Казцинк-ТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Д.Қонаев көшесі, 178 тел.8(72835)42011,
тел:87776865554
velaglod@mail.ru
08.07.2015 ж
Долгалёв Станислав Анатольевич
11
Текелі қаласының футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Первомайская көшесі 34 тел:87772542196
11456-1907-ҚБ 17.06.2004 ж.
Дуйсебаев Ертай Жумабаевич
12
«Текелі қаласының "Шарапат-Сауап" корпоративтік қоры
Текелі қаласы, Керімбек би көшесі, 4 тел:87013017291
13980-1907-Ф-д 21.07.2014 ж.
Файзулла Бүркітбай
13
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Текелі» корпоративтік қоры
Текелі қаласы, Қора көшесі, 29- 11
тел. 87775171495
87775474934
13975-1907-КҚ 16.06.2014 ж.
Башкова Галина Васильевна
14
«ТЕКЕЛІ-КӨМЕК» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Бақтыбай көшесі, 14-2
тел:87773687343 ; 4-40-10
ozsptekeli@mail.ru
14226-1907-ҚБ 13.12.2017 ж.
Шаяхметова Зоя Ивановна
15
«Берен» мүгедектер қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, 14-7
тел:87772458145
takentt@mail.ru
14199-1907-ҚБ 04.07.2017 ж.
Жуманкулов Такен Тузелбекович
16
«Нашақорлар мен маскүнемдерді
және қамаудан шыққан адамдарды
оңалту жөніндегі рухани орталық» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Пушкин көшесі,133
тел.: 8777296718
9060-1907-ҚБ
17.04.2002 ж.
Сябин
Петр Андреевич
17
«№8 орта мектептің «Жаңа ұрпақ» балалар мектеп ұйымы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, 10.
тел:87053295209
mektep8@mail.ru
№9743-1907-ҚБ 13.01.2003 ж.
Сибирякова Наталья Николаевна
18
«Текелі қаласының кәсіпкерлері
мен жұмыс берушілер қоғамы» ҚБ
Текелі қаласы,
Тәуелсіздік көшесі, 11.
тел.:87058111215
kabul@mail.ru
12303-1907-ҚБ
07.07.2006 ж.
Калдыбеков Кабыл Жуматаевич
19
«Достық Дружба» ҚБ
Текелі қаласы, Әуезов көшесі, 36-28
тел:87058895445
12097-1907-ҚБ 10.11.2005 ж.
Новоселова Светлана Григорьевна
20
«Текеліліктер одағы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы,
Әуезов көшесі,36-28
тел.: тел:87058895445
souztekeli@mail.ru
10733-1907-ҚБ
05.12.2005 ж.
Новоселова
Светлана Григорьевна
21
«Әлеуметтік қорғау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры
Текелі қаласы, Иманов көшесі, 14.
4803-1907-ҚҚ 26.03.1999 ж.
Гусенов Н.Ю
22
Қоғамдық бірлестік «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау
Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 37-17
1602-1952-ҚБ
Щукин А.А.
23
«Текелі» аймақтық туристік клубы» қоғамдық бірлестігі
Текелі қаласы,
Әуезов көшесі, 1а
тел.8(72835)44866 (жұм)
87772549801
10962-1907-ҚБ
12.02.2004 ж.
Сагуров
Дмитрий Петрович

 

Текелі қаласының Ардагерлер қоғамы туралы
 
Ұйымның атауы
Мекен – жайы(e-mail адресі)
Мемлекеттік
тіркеу №
және күні
Жетекшінің аты-жөні
1.
«Ардагерлер ұйымы»
республикалық қоғамдық
бірлестігінің Текелі қалалық
филиалы
Текелі қаласы,
Әуезов көшесі, 20-2
тел:8(72835)44657 (жұм)
8(72835)42758 (үй)
87772517556
эл.пошта: bahyt15@inbox.ru
2066-1907-Ф-л
11.01.2011 ж.
Икласова Бакыт Капезовна

 

 

 

 

 


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуғажәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15)азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелгенжәне Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынғанүкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1)   өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымның ресми бланкісінде);

2)   осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3)   осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);        

4)   соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5)   үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

6)   банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінеқағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Елдаңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары:+7 (7172)740511, 74 09 97.

Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңның қабылдануымен сыйлықақы алуға ұсынуға үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі кеңейді.

Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

Заң қабылданғаннан кейінөткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеңімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар, келесі жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкіндік алады.

Қағидаға келесі сілтеме бойынша орналасқан https://diakom.gov.kz/kk/content/buyryktar


 

 
 
 

ДҚ бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР