Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы - Шоханова Нұржамал Абдрахманқызы

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметін ұйымдастыру және басшылық ету. Бөлімнің құзырына енетін Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған органдар қаулылары мен шешімдерінің, қала әкімі өкімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді.
Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара байланысты үйлестіруді, қала әкімінің ақпараттық-ұйымдастыру қызметін қамтамасыз етуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жүзеге асырады.
Саяси жоспарлау, ішкі саяси ахуалға мониторинг жүргізу, талдау және болжау. Қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды өткізу мен дайындығын қадағалау.

Бас маман - Бекшойнова Гүлнар Тілеубергенқызы

- қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамыту стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру және насихаттау;
- мемлекеттік ішкі саясатты, ішкі саясат, қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
- қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;
- этникалық қарым-қатынасты орнықтыру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен қалыптастыру;
- саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізу;
- ішкі саясат аясындағы тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары жөнінде ұсыныстар жасау;
- қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдермен өзара әрекеттестік байланысты орнықтыру;
- этно-мәдени орталықтармен байланысты орнықтыру;
- қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру.
 

Жетекші маман - Белдібекова Ақбота Еркінқызы

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті қалыптастыру;
- қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдермен өзара әрекеттестік байланысты орнықтыру;
- бухгалтерлік есептің түрлі тауарлары (тауарлық-заттық құндылықтарды, негізгі құралдарды есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін есептесу және т.б.) бойынша жұмыс жасау. Есептің тиісті тауарлары бойынша алғашқы құжаттылықты қабылдау, оны өңдеу үшін дайындау;
- ақша қаражаттардың, тауарлық-заттық құндылықтардың қозғалысына байланысты операцияларды орындау;
- бюджетке салықтарды, әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы қорының жарналарын есептеп аудару және т.б.