Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы
(E-R-1 санаты)

1. Жалпы ережелер

1.1. Бөлім басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567
Жарлығымен бекітілген (2011 жылғы 01 сәуірдегі енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес жер қатынастырды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Алматы облысы және Текелі қаласы Әкімдігінің шешімдері мен қаулыларын жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің қызметіне қатысты шешімдерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бағыныштыларға қатысты өкімдер беру және олардың орындалуын
бақылау. Бөлімнің алдына қойылған міндеттер бойынша және ағымдағы істер бойынша бөлімнің бас және жетекші мамандары бөлім басшысына бағынышты. 1.3.Негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған кезінде (демалыс, ауру және басқа себептер) оның міндетін атқару бөлімнің бас маманына жүктеледі және де бөлімнің функционалдық міндеттеріне және қызметкерлердің бірінің жоқ болған кезіне (демалыс, ауру және басқа себептер) қызметкерлер арасындағы міндеттерді уақытша қайта бөлуге қатысты мәселелерді дербес шешеді.
1.4.Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарлары және өзінің жеке жоспары шеңберінде жұмыс жасайды.

2. Бөлім басшысының құқықтары

Бөлім басшысына өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындауға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 тармағына сәйкес, келесі құқықтар беріледі, оның ішінде:
2.1. Бөлімнің жалпы жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өзінің қызметтерін жүзеге асыруына, оған сеніп тапсырылған заңды тұлғада жемқорлыққа қарсы жолданған шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікті атқарады.
2.1. Өз құзыретіне байланысты сыртқы мекемелермен қарым-қатынастар жүргізеді.
2.2. Қала мекемелерінен қажетті ақпараттар сұратады.
2.3. Қол астындағы қызметкерлерге тапсырмалар беру және тапсырмалардың орындалуын бақылайды.
2.4. Жоғарғы басшыларының бұйрықтары, өкімдеріне және хаттарына виза қояды, бөлім жұмысына байланысты құжаттарға қол қояды.
2.5. Бөлім және бөлімнің әр қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау және жұмысын қадағалау мақсаттарда басшы:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін, жауапкершілігін және өкілдіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымдыққа тағайындайды және лауазымдықтардан босатады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
4) Бөлімнің атынан бөлім актілеріне және басқа құжаттарға қол қояды;
5) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді сенімхатсыз ұсынады;
6) Келісім-шарттарға қол қояды;
7) Сенімхаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
2.6. Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес бақылау, әдістемелік-ұсыныс, үйлестіру және басқару лауазымдық міндеттерін атқаруға құқылы.

3. Бөлім басшысының міндеттері

Бөлім басшысына өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 тармағына сәйкес, келесі міндеттерді жауапкершілікке алады:
3.1. Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жұмысты ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті алады.
3.2. Бөлімнің жылдық, тоқсандық жоспарларын жасалуын қадағалайды
және бекітеді.
3.3. Жер пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі жер заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
3.4. Текелі қаласыеың Әкімімен, ұйымдармен және агроқұрылымдарымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
3.5. Жер қатынастары мәселелері бойынша қалалық жер мәселесі бойынша комиссиясы жұмысына қатысады.
3.6. Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметіне қатысты ағымдағы және жедел мәселелерді шешеді.
3.7. Қаржылардың лимитке мақсатты бағыттарына сәйкес дұрыс, тиімді жұмсалуы, сонымен қатар материалдық - техникалық құралдардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
3.8. Лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті жұмыс бабындағы өзара қатынастар (байланыстар): тұрақты хат алысу, басшылықтың тапсырмасын орындау, телефонмен сөйлесулер және т.б.
3.9. Жеке мен заңды тұлғалардың хаттары мен шағымдарына қаралып, дайындалған жауаптарға қол қою қояды.
3.10. Әкімшілік құжаттарға қол қояды.
3.11.Текелі қаласының Әкімдігіне және жер қатынастары басқармасына қажетті құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуге (дайындауға) және тапсыруға қатысты мәселелерді бөлім қызметкерлерінен талап етеді.

4. Бөлім басшысының жауапкершілігі

Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік қызметт атқарған кезде, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған кезде, өз лауазымдылық құзыретін асыра орындаған кезде, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған кезде, өзіне алған шектеу міндеттемелерін орындамаған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 жарлығымен бекітілген әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесіне сәйкес, жауапқа тартылады.



Бас маман
(E-R-4 санаты)

1.Жалпы ережелер

1.1. Бөлімнің бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген (2011 жылғы 01 сәуірдегі енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес жер қатынастырды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Текелі қаласы Әкімдігінің шешімдері мен қаулыларын жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің қызметіне қатысты шешімдерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бағыныштыларға қатысты нұсқаулар беру және олардың орындалуын
бақылау. Бөлімнің алдына қойылған міндеттер бойынша және ағымдағы істер бойынша бөлімнің бас маманына бөлімнің жетекші маманы бағынышты.
1.3. Негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған кезінде (демалыс, ауру және басқа себептер) оның міндетін атқару бөлімнің жетекші маманына жүктеледі.
1.4. Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарлары және өзінің жеке жоспары шеңберінде жұмыс жасайды.

2.Бөлімнің бас маманының құқықтары

Бөлімнің бас маманына өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындауға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 тармағына сәйкес, келесі құқықтар беріледі, оның ішінде:
2.1. Өзінің құзырлығы шегінде ағымдағы және жедел мәселелерді шешу;
2.2. Бағыныштағы қызметкерлерге тапсырмалар беру және тапсырмалардың орындалуын бақылау.
2.3. Осы лауазымдық нұсқаумен белгіленген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2.4. Бөлім басшысы жұмыста уақытша болмаған кезінде (демалыс, ауру және басқа себептер) азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен шағымдарын қарап, дайындалған жауаптарға қою құқығы;
2.5. Өзінің құзырлығы шегінде ағымдағы және жедел мәселелерді шешу;
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз құзыреті шеңберінде басқада өкілетіктерді атқаруға құқылы.

3. Бөлімнің бас маманының міндеттері

Бөлімнің бас маманы өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 тармағына сәйкес, келесі міндеттерді жауапкершілікке алады:
3.1. Ағымдағы есепті жүргізуді жүйелендіру және жер пайдаланушыларға жер бөлу жөніндегі материалдарды сараптау және есептегі бар жерлер туралы есеп жасау және оларды жер учаскелері меншік иелеріне санаттар бойынша бөлу;
3.2. Жер пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі жер заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
3.3. Жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарын тіркеп беру. Есептегі бар жерлер туралы есеп жасау және оларды жер учаскелері меншік иелеріне санаттар бойынша бөлу;
3.4. Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын және жер учаскесін жалдау мен уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын ресімдеу;
3.5. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжатын беру, пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұзып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
3.6. Бақылаулық құжаттардың түсуін және олардың мерзімінде орындалуын қадағалауды жүзеге асыру.
3.7. Лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті жұмыс бабындағы өзара қатынастар (байланыстар): тұрақты хат алысу, басшылықтың тапсырмасын орындау, телефонмен сөйлесулер және т.б.
3.8. Қараусыз қалған және пайданалылмай жатқан жер учаскелерін иесіз мүлік ретінде есепке алу;

4. Бөлімнің бас маманының жауапкершілігі

Бөлімнің бас маманы осы лауазымда мыналарға жауапкершілік алады:
4.1. Қызметтік міндеттерді бұлжытпай орындау
4.2. Бөлімнің материалдық-техникалық құралдарын тиімді пайдалануға;
4.3. Құжаттамалардың сақталуына және қызметтік құпия құрайтын мәліметтер мен жасырын мәліметтерді жарияламауға;
4.4 Бөлімнің бас маманы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет атқарған кезде, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған кезде, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған кезде, өзіне алған шектеу міндеттемерін орындамаған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 жарлығымен бекітілген әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесіне сәйкес, жауапқа тартылады.


 

Жетекші маман
(E-R-5 санаты)

1. Жалпы ережелер

1.1. Бөлімнің жетекші маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген (2011 жылғы 01 сәуірдегі енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес жер қатынастырды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Текелі қаласы Әкімдігінің шешімдері мен қаулыларын жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің қызметіне қатысты шешімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бөлімнің алдына қойылған міндеттер бойынша және ағымдағы істер бойынша бөлім басшысына және бөлімнің бас маманына бағынады және бұйрықтар, жұмыс бабындағы жарлықтар алады.
1.3. Бөлімнің бас маманы жұмыста болмаған кезінде (демалыс, ауру және басқа себептер) оның міндетін атқару бөлімнің жетекші маманына жүктеледі.
1.4. Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарлары және өзінің жеке жоспары шеңберінде жұмыс жасайды.

2. Бөлімнің жетекші маманының құқықтары

Бөлімнің жетекші маманына өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындауға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 тармағына сәйкес, келесі құқықтар беріледі, оның ішінде:
2.1. Өзінің құзырлығы шегінде ағымдағы және жедел мәселелерді шешу;
2.2. Осы лауазымдық нұсқаумен белгіленген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
2.3. Лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті жұмыс бабындағы өзара қатынастар (байланыстар) жасауға: тұрақты хат алысуға, телефонмен сөйлесуге және тағы басқаларға құқылы.
2.4. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз құзыреті шеңберінде басқада өкілетіктерді атқаруға құқылы.

3. Бөлімнің жетекші маманының міндеттері

Бөлімнің жетекші маманы өз құзыретіне байланысты лауазымдық нұсқауды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 тармағына сәйкес, келесі міндеттерді жауапкершілікке алады:
3.1. Бөлімнің жылдық, тоқсандық жоспарларын жасайды оны бөлім басшысына бекітуге жібереді.
3.2. Жер пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі жер заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
3.3. Ағымдағы есепті жүргізуді жүйелендіру және жер пайдаланушыларға жер бөлу жөніндегі материалдарды сараптау және есептегі бар жерлер туралы есеп жасау және оларды жер учаскелері меншік иелеріне санаттар бойынша бөлу;
3.4. Жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарын тіркеп беру. Есептегі бар жерлер туралы есеп жасау және оларды жер учаскелері меншік иелеріне санаттар бойынша бөлу;
3.5. Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын және жер учаскесін жалдау мен уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын ресімдеу;
3.6. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжатын беру, пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұзып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
3.7. Бақылаулық құжаттардың түсуін және олардың мерзімінде орындалуын жүзеге асыру.

4. Бөлімнің жетекші мамынынның жауапкершілігі

Бөлімнің жетекші маманы осы лауазымда мыналарға жауапкершілік алады:
4.1. Қызметтік міндеттерді бұлжытпай орындау
4.2. Бөлімнің материалдық-техникалық құралдарын тиімді пайдалануға;
4.3. Құжаттамалардың сақталуына және қызметтік құпия құрайтын мәліметтер мен жасырын мәліметтерді жарияламауға;
4.4 Бөлімнің жетекші маманы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет атқарған кезде, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған кезде, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған кезде, өзіне алған шектеу міндеттемерін орындамаған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 жарлығымен бекітілген әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесіне сәйкес, жауапқа тартылады.