Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ » Функции и задачи

Міндеттері мен мақсаты

 Бөлімнің негізгі міндеттері Текелі қаласында жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу және жер қатынастарын реттеу болып табылады;
          Бөлімге жер қатынастары саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес төмендегі бақылау, әдістемелік-ұсыныс, үйлестіру және басқару міндеттері жүктеледі:
         1) жер пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
         2) жер беру және олардың мақсатты бағыттарын өзгерту жөніндегі Текелі қаласы әкімдігі қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;
         3) жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
         4) қала жерлерін ұйымдық пайдалану жөніндегі бағдарламалардың (жобалардың, сызбалардың) және жерлерді аймақтандырудың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
         5) елді-мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналасу жоспарларын жасауды ұйымдастыру;
         6) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Текелі қаласы әкімдігінің рұқсатын беру туралы ұсыныстар дайындау;
         7) мемлекеттің қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
         8) ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін бір түрінен басқасына аудару туралы ұсыныстар мен қала әкімдігі шешімдерінің жобаларын дайындау;
         9) Мемлекеттің жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің бағалық құнын белгілеу;
        10) жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;
        11) жер саудасын (аукциондар, байқаулар) өткізуді ұйымдастыру;
        12) жер пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларды, сызбаларды және жобаларды сараптамадан өткізу;
        13) барлық жер туралы есеп жасау және олардың санаттары, жер учаскелерінің иелері бойынша бөлу;
        14) жер кадастрын жүргізу;
        15) жер учаскесіне құқықтығын куәландыратын құжаттар беру;
        16) сатып алу-сату келісім-шарттары мен жер учаскесін жалға және уақытша тегін пайдалануға беру жөніндегі келісім-шарттарды жасау;
        17) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру;
        18) жер учаскесінің барлығы немесе жоқтығы туралы анықтамалар беру;
        19) Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылатын және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;
        20) жер заңдылықтарының анықталған бұзылуларын жою жөніндегі орындалуға міндетті ұсыныстар мен нұсқамалар беру;
        21) қараусыз қалған жер учаскелерін есепке алу;
        22)Қазақстан Республикасының жер заңдылықтары саласында әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау;
        23)Қазақстан Республикасы заңнамалары бұзыла отырып пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып алу туралы сот органдарына талаптар дайындау.

        Өздерінің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында заңда белгіленген тәртіпте Бөлімнің төмендегідей құқықтары бар:

1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерлерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар талап ету және алу;
2) Текелі қаласы әкімдігінің қарауына заң актілерімен қарастырылған негіздерде жер учаскелеріне меншіктік құқықтары мен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу.
3) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
4)жер учаскесіне құқықтық беретін, құқықтығын растайтын құжаттарды ресімдеуді тоқтату және қолданыстағы заңдылықтардың бұзылуын жою туралы ұсыныстар енгізу.