Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 7

Электрондық пошта: zemkom@tekeli.gov.kz

Бөлім телефондары: 8(728-35)42796


 
Бөлім басшысы - Есболатов Болат Бүркітбайұлы

Мен, Есболатов Болат Бүркітбайұлы 13 наурыз 1960 жылы Жетісу ауылы Талды-Қорған ауданы, Талды-Қорған облысында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ, жынысым ер. 1977 жылы Жетісу орта мектебін бітірдім.

1977 жылы қыркүйек айында Көксу ауылшаруашылық техникумына түсіп, 1982 жылы осы аталған техникумның агрономия бөлімінен агрономия мамандығын алып шықтым.

1978 жылы қазан айында әскери қатарына шақырылып, Қызыл тулы Ортазиялық округінде №1938 ОСТ 5 бөлімінде Алматы, Қызылорда, Қарағанды қалаларында әскери қызмет атқарып, 1980 жылы қазан айында әскер қатарынан босадым.

1982 жылы наурыз айында Талды-Қорған облысы, Талды-Қорған ауданы, Жетісу колхозына мүше болып кіріп, №2 бригадасына қызылшашылар звеносының жетекшісі болып істедім. 1984-1986 жылдар аралығында осы аталған колхозда бастауыш комсомол ұйымын басқардым.

1986-1989 жылдар аралығында осы аталған колхоздың №2 бригадасында бригадир болып қызмет атқардым.

1989 жылдың қыркүйек айында Төлеңгіт ауылдық Советтің халық депутаттары, атқару комитетінің бастығы болып сайландым. Талды-Қорған ауданы, Талды-Қорған облысы 1995 жылы халық депутаттары, атқару комитетінің таралуына байланысты, Алматы облысы Ескелді ауданы, Төліңгіт ауылдық округінің әкәмә болып тағайындалдым.

2002 жылы қыркүйек айында өз өтінішім бойынша жұмыстан босатылдым.

2002-2005 жылдары шаруа қожалығын басқардым.

2006 жылы қаңтар айынан 2008 жылы ақпан айына дейін Алматы облыстық аумақтық жер ресурстары басқармасында бас маман, 2007 жылдан бөлім бастығы қызметін атқардым.

2008 жылы ақпан айынан осы уақытқа дейін Алматы облысы «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарып келемін.


 

Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы: Есболатов Болат Бүркітбайұлы

Бас маман: Қызылбаев Алдаш Төлегенұлы

Бас маман: Сатыгулов Қанат Рахманұлы​​​​

 

 

Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Сейсенбі 09.00 – 18.00 13.00-14.30
Сәрсенбі 09.00 – 18.00 13.00-14.30
Бейсенбі 09.00 – 18.00 13.00-14.30
Сенбі Демалыс
Жексенбі Демалыс