Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ » Жәрдем қаражат

Жәрдем қаражат

Тұрғын үй көмегі осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ақшалай төлем түрінде беріледі.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 проценттік үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонға төленетін абоненттік тарифтің көтерілуіне орай абоненттік төлемдердің, өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) отбасының тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі,
2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім-шарты);
3) тұрғын ұйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
4) Алматы облыстық Әділет департаментінен жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет;
5) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет.
Табыстың түрлерін құжатпен растауға жататындар: еңбекпен тапқан табыс, зейнетақы, жәрдемақы және алименттер.