Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ » Бағдарламалар мен бағыттар

Бағдарламалар мен бағыттар

100 нақты қадам

«Өрлеу» – өміршең жоба

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген «Өрлеу» жобасы әрқайсы облыстардың жекелеген аудан, қалаларында пилоттық негізде іске асырылып отыр.

Жоба мақсаты – әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасындағы еңбекке қабілетті азаматтарды «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа тарта отырып, әлеуметтік келісімшарт негізінде отбасына  қаржылай көмек көрсету болып табылады. Сонымен бірге жоба жаңа мамандыққа және қайта оқытуға, түрлі қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға орналасуға, жастар тәжірибесіне қатысуға ықпал етеді. Ең бастысы, әлеуметтік келісімшартқа отырған азамат шартты қаржылай жәрдемақымен бірге кездескен қиындықтан шығуға әлеуметтік тұрғыдан бейімделіп, кәсіби бағыт-бағдар алады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы Эльмира Қасенованың айтуынша, жобаға сай көпбалалы отбасындағы балаларға әлеуметтік көмек шартсыз беріледі. Яғни, отбасындағы ересектердің аталған жобадағы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуына қарамастан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіле береді және 2018 жылдан бастап ол қазіргідей барлығына бірдей емес, отбасы табысы мен құрамына қарай сараланатын болады. Ал, жұмыссыздар үшін жұмыс – ең ұтымды әлеуметтік көмек.

Бағдарламаның түпкілікті мақсаты – кедейлікті жеңу. Оған мемлекет те жеке азаматтарда жауапты. Сондықтан, әлеуметтік келісімшартқа отырған табысы аз еңбекке қабілетті азаматтарды мемлекет жұмыспен қамтумен бірге әлеуметтік оңтайландыру бағдарламаларының түрлеріне сәйкес барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Жоба бойынша атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақылармен шектелмейді. Отбасыларға әлеуметтік қиындықтардан шығу үшін басқа да қызметтер көрсетілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт болашақта қосымша әлеуметтік қамсыздандыру мен медициналық көмекті кепілдендіретін табыс алуға мүмкіндік береді.  

2018 жылдан бастап жаңа фор­маттағы атаулы әлеуметтік көмек – еңбекке жарамсыз отбасыларға сөзсіз ақшалай көмек, ал еңбекке жарамды отбасыларға шартты ақшалай көмек жолға қойылды. Мұның бәрі түптеп келгенде, халықты еңбек­­ке бастау, кедейлікті еңбекпен еңсеретін ерік-жігерді қалыптастыру, масылдықты жою болып табылады.

Қорыта айтқанда, жоба бізді жан-жақты мүмкіндіктерге бастайды.  Мақсат қоя білу және соның жолында аянбай тер төгу ғана қиындықтан шығудың, жетістікке қол жеткізудің ең ұтымды жолы екенін үйретеді. Жобаға қатыса отырып, біз сенімділік, еңбекқорлық, тәуекелшілдік, төзімділік сияқты табыстарға жетуге көмектесетін қасиеттерді дамытамыз. Кез-келген жерден өрлеудің мүмкіндіктерін іздеп табатын боламыз. Адамдармен қарым-қатынасты тереңдетеміз.


1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу.
2. Мүгедектерді сурдо-тифло құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандару үшін оларға құжаттар рәсімдеу.
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
4. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.
5.Тұрғын үй көмегін тағайындау.
6. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу.
7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу.
8. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
9. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардын салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.
10. Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу.
11. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру.
12 Қоғамдық жұмыс
13. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін көтеру
14. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедек балалардың құжаттарын рәсімдеу.
15. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу.
16. Арнайы жүріп тұру құралдарымен қамтамасыз ету
17. ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілгенге, мүгедек балаларға санаторлық- курорттық емдеуге жолдама ұсыну
18. Жеке көмекші қызметін және ымдау тілі маманың қызметін ұсыну
19. ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғаларға материалдық көмек .
20.Білім грантын ұсыну.
21. Материалдық , әлеуметтік көмек ұсыну.