Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ » Міндеттері мен мақсаты

Міндеттері мен мақсаты

Негізгі міндеттері:

1.халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қатысты заңдылықтар мен басқа нормативтік актілерді жүзеге асыру, аз қамтамасыз етілген жанұяларға атаулы әлеуметтік көмекті, балалары бар отбасыларына, үйде мүгедек балаларды тәрбиелеп және оқытып отырған жанұяларға, жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу үшін жәрдемақыны, тұрғын үй жәрдемақысын дұрыс әрі дер кезінде тағайындап төлеу;
2.халықты жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және жұмыссыздықты азайту саласындағы мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру;
3.кедейшілікті төмендету, тұрмыс дәрежесі мен халықтың табысын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4.Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін, ауру салдарынан болған мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін, ауру салдарынан болған мүгедектерге қатысты сауықтыру шараларын жүзеге асыру;
5.барлық меншік түріндегі жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік – еңбек қатынастарын дамыту

Негізгі функциялары:

Бөлім заңда белгіленген тәртіппе өзінің құзіретіндегі мәселелер бойынша қабылдайтын шешімдер бөлім бастығының бұырықтарымен рәсімделеді.ырады:
1) халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін уақытылы және дұрыс тағайындау, тұрмысы төмен азаматтардың ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;
2) жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру;
3) қалалық халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
4) кедейшілікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын талдау;
5) болжам жасау, сұраныс және жұмыс күшіне ұсыныс мониторингісі, халықты еңбек рыногындағы жағдай жөнінде ақпараттандыру;
6) халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жұмыссыздарды кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіру;
7) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін шаралар өткізу;
8) шетел жұмыс күшін пайдалануды реттеу жолымен ішкі рынокты қорғауды қамтамасыз ету, шетел жұмыс күшін тартұға рұқсат беру;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жіктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асыру;
10) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерге талдау жасау халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
11) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;
12) азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау жасау және оның себептерін жинақтау;
13) әлеуметтік қорғау саласы бойынша қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
14) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протез – ортопед бұйымдарымен, сурдо-тифло-техника құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
15) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды жүзеге асыру;
16) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге материалдық – тұрмыстық, медициналық - әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін және соларға теңістірілген тұлғаларды санаторлық-курорттық жолдамаларымен қамтамасыз ету;
17) ауыр дәрежеде кемістігі бар балаларды күтудегі әлеуметтік көмек қызметін көрсету және ұйымдастыру;
18) жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ведомствалық статистикалық есепті 6 собес нысаны бойынша құрастыру;
19) әлеуметтік – экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, ұжымдық шарттарды бекіту тәжірибесін жинақтау, олардың орындалуын бақылау жасау, сондай-ақ өзінің құзіреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
20) қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну.