Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Облысының жаңалықтар

    Ақпарат

    Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

    Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

    «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
    2017 жылдың 2 тоқсанында және жартыжылдық
    көлемінде жүргізілген мәдени іс-шаралары бойынша ақпараты
     
    Алғы сөз
    «Қазақстан - 2050» Стратегиялық бағдарламасының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып 2017 жылға іс-шаралар жоспары жасалды.
    Мекемелер желісі
    • «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі»МКҚК
    • «Металлург» шағынауданының клубы
    • Саңыраулар қоғамы кіреді
    • Қалалық кітапхана және екі филиалы
    Жаңа ашылған мекемелер саны
    Рудничный ауылының тұрғындарына мәдени – демалу қызметін көрсету мақсатында қазіргі уақытта клуб ұйымдастыру үшін Рудничный ауылында бос тұрған асхана ғимаратын өз меншікке қаратылды. 2017 жылы Рудничный ауылының клубына жобалық-сметалық құжаттама жасау жоспарланып отыр.
     
    Мекемелерді қаржыландыру
    2017 жылға жалпы Мәдениет үйіне және «Металлург» шағынауданының клубына жергілікті бюджеттен 33 055 мың теңге бөлінді.
    Оның ішінде 1 тоқсанға бөлінген қаржы – 8 455 мың теңге
    2 тоқсанға бөлінген қаржы – 8 360 мың теңге және материалдық –техникалық базасына – 80 мың теңге.
    2 тоқсанда материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 101 мың теңгеге дыбыстандыру картасы, 180 мың теңгеге жарықтандыру аппаратурасына 2 дана пульт және 160 мың теңгеге Мемлекеттік рәміздер стенді сатып алынды.
     
    Кадрлар. Тарификация тізімі
    Тарификация бойынша 16 штаттық бірлік бар, оның ішінде 0,5 ставка саңыраулар қоғамы клубының жетекшісі, 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап 7 штаттық бірлік «Металлург» шағынауданының клубына берілді: меңгерушісі, аккомпаниатор, жұмысшы, қызмет орнын тазалаушы және 3 штат күзетші. 2015 жылдың 30 наурызында шыққан ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің № 120 бұйрығымен «Шырайлым» би ұжымына «Үлгілі » атағы берілді.
    Қалалық кітапханада 9 штаттық бірлік.
     
    Ақылы қызмет
    Ақылы қызметтен 2 тоқсанда:
    Мәдениет үйінде 751 782 теңге түсті, ал «Металлург» шағынауданы клубында 66 700 теңге түсті. Барлығы 818 482 тенге.
    Ақылы қызметтен 1 жартыжылдықта:
    Мәдениет үйінде 1352 372 теңге түсті, ал «Металлург» шағынауданы клубында 115 818 теңге түсті. Барлығы 1 468 190 тенге.
     
    Мәдени іс-шаралар
    «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және мәдениет мекемелерімен 2 тоқсанында: барлығы – 169 іс-шара, – 21 125 адам қамтылды
    Мәдениет үйінде 42 іс-шара өткізді, барлығы 18 633 адам қамтылды, «Металлург» шағынауданы клубында 8 іс-шара өткізілді, 1 123 адам қатысты, саңыраулар қоғамында 31 адам, 97 іс-шара өткізілді, 519 адам қатысты.
    Кітапханада барлығы 22 іс-шара өткізіліп, 850 адам қамтылды.
     
    «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және мәдениет мекемелерімен 1 жартыжылдықта: барлығы – 340 іс-шара, – 39095 адам қамтылды
    Мәдениет үйінде 68 іс-шара өткізді, барлығы 33512 адам қамтылды, «Металлург» шағынауданы клубында 17 іс-шара өткізілді, 2108 адам қатысты, саңыраулар қоғамында 31 адам, 201 іс-шара өткізілді, 1046 адам қатысты.
    Кітапханада барлығы 54 іс-шара өткізіліп, 2429 адам қамтылды
     
    Мәдениет үйінде келесі іс-шаралар өткізілді:
    1 қаңтарда көпшілік жаңажылдық серуен, мерекелік фейрверк және концерттік бағдарлама өткізілді;
    7 қаңтарда «Рождество Христово» мерекесіне арналған Мәдениет үйінің ардагерлерге арналған клубтарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды;
    11 қаңтарда Ардақты пайғамбарымыз Алла елшісі Мұхаммедтің туылған айына ұйымдастырылған рухани мәуліт мерекесі аталып өтті;
    28 қаңтарда Сапун тау бөктерінде қала тұрғындары мен қонақтары «Ақшақар » атты қыстық мерекесін тамашалады;
    03 ақпанда Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, әнші, термеші Өмірқұл Айниязовтың гастрольдік концерті өткізілді;
    09 ақпанда Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық «Жырлайды жүрек» әншілер байқауына Мәдениет үйінің әншілері қатысты.
    15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналған патриоттық әндер концерті ұйымдастырылп өткізілді.
    17 ақпанда Ерасыл Серікұлының «Жүрек сыры» ән кеші тамашаланды;
    20 ақпанда Ресей мемлекеті Красноярск қаласынан келген «MAXIMUS» цирктік қойылымы тамашаланды;
    25 ақпанда Мәдениет үйінің аланында «Қыспен қоштасу және Масленица» мейрамы мерекеленді;
    06 наурызда Мәдениет үйінің әртістері қалалық ауруханада концерттік бағдарлама ұсынды;
    07 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын, марапаттау рәсімі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды;
    10 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру аясында Рудничный ауылына автопоезд ұйымдастырылды, концерт көрсетілді;
    13 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің вокал жанры бойынша байқау өткізілді;
    15 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің хореография жанры бойынша байқау өткізілді;
    16 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің аспаптық жанры бойынша байқау өткізілді;
    17 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің дәстүрлі жанры бойынша байқау өткізілді;
    18 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің оригиналдық жанры бойынша байқау өткізілді;
    18 наурызда қала мектептері арасында Өнер фестивалінің сахналық тілі жанры бойынша байқау өткізілді;
    20 наурызда балаларға арналған Ресей мемлекеті Омск қаласынан келген «Фортуна» цирктік қойылым көрсетілді;
    21 наурызда орталық алаңда Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар: театрландырылған қойылым, қайырымдылық ас және концерттік бағдарлама ұсынылды.
    6 сәуірде КТК ойындарының қазақ лигасы өтті.
    7 сәуірде КТК ойындарынын орыс лигасы өтті.
    11 сәуірде Бикен Римова атындағы театрының «Құстар фестивалі» гастрольдік қойылымы тамашаланды.
    13 сәуірде Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрының «Мен деп ойла...» қойылымы тамашаланды;
    14 сәуірде Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрменкесі өткізілді;
    14 сәуірде Балалар шығармашылы орталығының есеп беру концерті;
    15 сәуірде «Тау мергені» әскери-патриоттық клубының карате-киокушинкай секциясының ашық Чемпионаты;
    16 сәуірде «Кемел келешеккілті -дарындыларда» талантты, талапты оқушылар құрметтеу фестивалі өтті;
    01 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар: этно-мәдени орталықтарының көрмесі, концерттік бағдарламасы;
    05 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай қалалық ауруханада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді;
    05 мамырда Бикен Римова атындағы театрының «Дертке дауа-хақ жолы» атты рухани спектаклі өтті. Қойылымда дін тақырыбындағы өзекті мәселелер, имандылықпен исламның шынайы қағидалары көтерілді;
    06 мамырда қалалық стадионында «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойын өткізілді;
    09 мамырда 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне арналан Даңқ Монументіне гүл қою рәсімі өтті;
    09 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығына арналған театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама өткізілді;
    12 мамырда Халықаралық медбикелер күніне арналған концерттік бағдарлама өтті;
    12 мамырда Талдықорған қаласында Мәдениет қызметкерлері арасында облыстық Спартакиадасы өтті;
    14 мамырда «Тау мергені» әскери-патриоттық клубының кикбоксинг секциясының 2 ашық Біріншілігі;
    17 мамырда Талдықорған қаласында «Арлан» тобының гастрольдік концерті тамашаланды;
    22 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын, қала әкімінің құттықтау рәсімі өтті;
    31 мамыр күні Саяси құғын сүргін құрбандарының еске алу күніне арнлған митинг ұйымдастырылды;
    01 маусымда қалалық бассейінде Халықаралық балалар күніне арналған «Балғын балалар –быздың болашағымыз» атты театрландырылған қойылым және концерттік бағдарлама өтті.
    04 маусымда қалалық саябақта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығына арналған флеш-моб ұйымдастырылды;
    15 маусымда Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ақ жол» мерекелік іс-шара өтті;
    16 маусымда Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды;
    23 маусым күні Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті.
    «Абзал ана отауы» халықтық ансамблі жиі «Текелі» профилакториясының демалушыларына гастрольдік концертпен барып тұрады.
    Айына 2 рет «У самовара» клубының отырысы өтеді.
    «Металлург» шағынауданы клубында келесі іс-шаралар өткізілді:
    14 ақпанда жастарына би кеші ұйымдастырылды.
    01 наурызда Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын, этно-мәдени орталықтарының көрмесі және концерт ұйымдастырылып өткізілді;
    06 наурызда «Надежда» клубы мен «Абзал ана отауы» клубының әйелдерінің құрметіне мерекелік дастархан ұйымдастырылып концерт ұсынылды.;
    20 наурызда «Абзал ана отауы» қайырымдылық ас берді;
    22 наурызда шағын аудан жастарына би кеші ұйымдастырылды;
    12 сәуірде «Діни сауатсыздық –діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында облыстық семинар өтті;
    01 мамырда жастар би кеші өткізілді.
    02 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті;
    02 маусым күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шеқара қызметінің 25-жылдығына арналған Жаркент шеқара бөлімінің «Пограничные сердца» ансамблінің гастрольдік концерті тамашаланды;
    11 маусымда 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен ауыр атлетикадан облыстық Чемпионатының салтанатты ашылуы өткізілді, концерт ұсынылды;
    22 маусымда Қазақстан полициясының 25-жылдығына арналған салтанатты жиын және концерт ұсынылды;
    Үйірмелер жұмысы
    «Халықтық» атағы бар - «Абзал ана отауы» ансамблі
    «Үлгілі» атағы бар – «Шырайлым» би ұжымы
    Мәдениет үйінде 25 үйірме жұмыс істейді, 422 адам қатысады. Оның ішінде 11 үйірме балаларға арналған, қатысушылар саны 226 адам.
    Атап айтсақ:
    1. «Абзал ана отауы» клубында 20 адам;
    2. «Надежда» клубында 15 адам;
    3. «Пилатес» сауықтыру клубы -8 адам
    4. «У самовара» клубында 24 адам;
    5. «Шырайлым» - би үйірмесінде 25 адам;
    6. «Возрождение» клубында 6 адам ;
    7. Барабаншылар отрядында 25 адам;
    8. «Шейпинг» спорттық-сауықтыру клубында 13 адам;
    9. «Жас жалындар» студиясында 21 адам;,
    10. «Жас өркен» вокалды-драмалық студиясында 7 адам;
    11. «Новый город» вокалды-аспаптар ансамблінде 8 адам;
    12. «Эдельвейс» театр-студиясында 31 адам;
    13. Гитаристер үйірмесінде 8 адам;
    14. «Тау самалы» би үйірмесінде 25 адам;
    15. «Дәстүрлі ән үйірмесі 10 адам;
    16. «Штурм» мото-туризм клубында 30 адам;
    17. Ағылшын тіліне әуесқойлар үйірмесінде 20 адам;
    18. «Ақмарал» әйелдер клубында 12 адам;
    19. «Брейк данс» би үйірмесі 10 адам
    20. «Шежіре – өнер тәлімі» - 6 адам
    21. «Тау мергені» ӘПК кикбоксинг секциясында 15 адам;
    22.«Тау мергені» әскери-патриоттық клубының дзюдо секциясында 20 адам;
    23. «Тау мергені» ӘПК карате-до секциясында 30 адам
    24. Ересектерге арналған шахматшылар клубы – 18 адам
    25. Балаларға арналған шахматшылар клубы - 14 адам
     
    «Металлург» шағынауданы клубында 7 үйірме жұмыс істейді, қатысушылар саны 101 адам:
    Балаларға арналған хореография үйірмесінде 46 адам;
    Шахматшылар клубында 11 адам
    Домбрашылар үйірмесінде 8 адам
    Эстрадалық - вокалдық үйірмесінде 15 адам
    «Штурм» мотоклубында 8 адам
    Профколледж студенттеріне арналған би үйірмесінде 8 адам
    Дыбыстандыру студиясында 5 адам
     
    Ұлттық-мәдени орталықтардан қалада:
    Славян ҰМО –жетекшісі К.М. Нестеров;
    Татар-башкир ҰМО –жетекшісі Т. Д. Джилкибаева;
    Корей ҰМО – жетекшісі О.Кан жұмыс істейді.
     
    Аттары аталған ұжымдар қалада өтетін барлық іс-шараларға қатысып, мәдениет саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.
    Барлық өткізілген іс-шаралар «Текелі тынысы» газетінде жарияланып тұрады.