Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысы
(E-R-1 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1 Бөлiм басшысы мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы тенденцияларды, мәселелерді және мемлекеттiк бақылауды зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын, олар бойынша қала басшыларына үнемi мәлiмет беретін арнайы лауазымды тұлғасы болып табылады. Қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің және қала әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ бөлім ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
1.2 Өз функционалдық міндеттерін орындау барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдебiнiң ережелерi), бөлім туралы регламентін және ережесін, бөлім басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібінің ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады, функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемінде мемлекеттік тілді білу және басқа да қажетті білімдерін білуге міндетті.
1.3. Бөлім басшысы әкімнің, әкім орынбасарлардың, аппарат жетекшісінің жұмыс ұйғырымдарын және тапсырыстарын, нұсқауларын алады және бағынады.
1.4. Практикалық тәжiрибесінде бөлім құзыретіне жататың сұрақтары бойынша облыстық құрылымдық бөлiмшелермен, Текелі қаласы әкім аппаратының құрылымдық бөлiмшелермен, мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен әрекет етеді.
1.5. Жетекшiлiкететін әкім орынбасарымен бекітілген қалалық әкім аппаратының, бөлімнің жұмыс жоспары, жеке жоспары бойынша жұмыс істейді.
1.6. Бөлім басшысы болмаған жағдайда оның міндетін бөлімнің бас маманы атқарады.
 
2. Бөлім басшысының құқығы
2.1 Бөлім құзыретіне жататың сұрақтары бойынша әкімшілік мәжілістеріне, мәслихат сессиялырына, облыстық, жергілікті орындаушы органдардың жиналыстарына, облыстық, қалалық әкім аппаратынмен, облыстық басқармасымен өткізілетін басқа да іс-шараларға қатысу;
2.2 Сұраныстарды жолдау, белгіленген тәртіппен әкім аппаратының құрылымдық бөлiмшелерден, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қадағаланатын сұрақтарға қатысты құжаттарды алуға;
2.3 Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұйғарымдарында болатын ақпараттық мәлімет базасын қолдануға;
2.4 Осы лауазымдық нұсқулығымен белгіленген орындалатын мiндеттерiне қатысты жетілдіру жұмыстары бойынша ұсыныс еңгізу, мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне Мониторинг жүргізу;
2.5 Кәсiби деңгейiнің жоғарылату үшiн қайта даярлау және мамандығын жетiлдiру курстарын оқу;
2.6 Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
 
3. Бөлім басшысының міндеттері
3.1 Бөлімнің жалпы басқаруды жүзеге асыру, бөлiмді басқару сұрақтары бойынша нұсқаушы органдардың шешiмнiң орындауын ұйымдастыру;
3.2 Қалалық әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын, сонымен бiрге мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қызметтердi жақсарту және кеңейтуге бағытталған мақсатты бағдарламаларын дайындау;
3.3 Мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша дамыту бағдарламаларын дайындау;
3.4 «Қалалық ономастика комиссиясы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі қалалық комиссия» отырытарын өткiзуді үйлестiру;
3.5. Қаладағы мәдениет мекемелерінің жұмыстарын, «Мәдени мұра» Бағдарламасын үйлестіру;
3.6 Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
 
4. Бөлім басшысының жауаптылығы
4.1 Өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны лауазымды қөкiлеттiгiна сырапайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн бөлім басшысы Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптік жазаларына тартылады.
 

Бас маман
(E-R-4 санаты)
 
1. Жалпы ережелер
1.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы өз жұмысында мемлекеттік
саясатты және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырады. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырады.
1.2. Жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастырды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады
1.3. Қала мекемелерімен, кәсіпорындарымен қарым-қатынас жасау.
1.4. Жастардың бос уақытын ұйымдастыруда мәдени-бұқаралық шараларды өткізу және жоспарын үйлестіру.
1.5. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мәдени қарым-қатынас дамыту, қала тұрғындарының мәдени саладағы қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақ халқының және қала аумағында тұратын басқа да халықтардың мәдениетін дамыту шараларын ұйымдастыру.
1.6. Мәдени-бұқаралық, қоғамдық-саяси шараларда идеологиялар мен қамтамасыз ету.
1.7. Бөлім басшысы болмаған жағдайда бас маман міндетімен қатар бөлім басшысының міндетін атқарады.
 
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқарылған тапсырма бойынша өз
ұсыныстарын енгізу;
2.2. Қала мекемелерінен қажетті ақпараттар сұрату;
2.3. Бөлімге қарауға берілген азаматтардың, мемлекеттік мекемелердің өтініштерін
қарауға қатысу;
2.4. Бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу.
2.5. Кәсіптік біліктілігін көтеру мақсатында семинарлар мен қайта даярлау курстарына баруға;
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
 
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
3.2. Қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды өткізудің жоспарын құрады;
3.3. Қаладағы мәдениет мекемелерінің, этно-мәдени орталықтардың жұмысын үйлестіреді. Қоғамдық-саяси ахуалды әлеуметтік зерделеуді жүргізеді.
3.4. Қазақ және басқа тілдерде мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырады және өткізеді;
3.5. Жастардың бос уақытын ұйымдастыруда мәдени-бұқаралық шароаларды өткізу және жоспарын үйлестіреді;
3.6. Мемлекеттік және кәсіби мерекелерді дайындап өткізеді;
3.7. Мәдени-көпшілік шаралардың сценарийін әзірлейді;
 
4. Бас маманның жауапкершілігі
4.1 Тапсырылған жұмысты орындамаған жағдайда бөлім басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзу, шектеуді сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсанындағы № 321 Жарлығына сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.