Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мәслихат » Депутаттар

Депутаттар

Калиновский Николай Васильевич

№ 11 Луначарский сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1958 жылы 15 тамызда Талды-Қорған облысы, Талды-Қорған ауданы, Қаратал селосында қызметшілер отбасында дүниеге келді.

1975 жылы Талды-Қорған ауданы, Қаратал ауылының орта мектебін бітірді. Еңбек жолын 1975 жылы Жоңғар геологиябарлау экспедициясында қатардағы жұмысшыдан бастады.
1977-1979 жылдар аралығында Қарулы Күштер қатарында әскери қызметін атқарды.
1979-1991 жылдары Жоңғар геологиябарлау экспедициясында жүргізуші, механик қызметін атқарды.
1989 жылы Талды-Қорған индустриалды-педагогикалық техникумын сырттай тәмамдайды.
1991-1997 жылдары Текелі қаласының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорынында автотранспорт цехының аға механигі, бастығы.
1997-1999 жылдары «Регион» ЖШС директоры.
1999 жылы «Текелі қаласының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» МКК бастығы.
1999 жылы 10 қазанда II шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2000 жылы Мәскеу мемлекеттік сервис университетінде «Менеджер» мамандығы бойынша сырттай білім алды.
2003 жылы 20 қыркүйекте III шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2006 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында «Заңгер» мамандығы бойынша сырттай білім алды.
2007 жылы 18 тамызда IV шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2012 жылы 15 қаңтарда V шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
Текелі қалалық мәслихатының II шақырылымынан бастап осы уақытқа дейін Текелі қалалық мәслихатының хатшысы лауазымында қызмет етеді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Алматы облысы әкімінің және «Нұр Отан» партиясы төрағасының Алматы облысы филиалының бірінші орынбасарының алғыс хатымен, құрмет грамотасымен марапатталған.
«Достық» шағын ауданының депутаты.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандитат ретінде ұсынылды.
Үйленген, екі ұл тәрбиелеуде.

Қожабек Арман

№1 Рудничный сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1967 жылы 14 маусымда Талдықорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келді.

1982 жылы мектептің сегізінші сыныбынан кейін Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына түседі.
1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді.
1987-1988 жылдары «Сельхозэнерго» Талдықорған КШК Қарабұлақ кентінде электромонтер.
1989-1990 жылдары Текелі станциясында бағыттау бекетінің кезекші, аға кезекшісі.
1990 жылдан бастап осы уақытқа дейін қаланың іргелі кәсіпорыны «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етуде. Еңбек жолын теміржол цехының кондукторы, тау жабдықтарын жөндеу бойынша жерасты слесары ретінде бастап, қазіргі кезде «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС-нің өндірісті дайындау инженері қызметін атқарады.
2003 жылы Қазақ Ұлтық Техникалык университетінің «Кен инженері-электромеханигі» мамандығы бойынша сырттай бөлімін бітірді.
2012 жылы 15 қаңтарда V шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.
«Горняцкий» шағын ауданының депутаты.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Үйленген. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеуде.

 

Нүсіпов Дәуболат Бейсембайұлы

№ 2 Сәтпаев сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1964 жылы 8 ақпанда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында дүниеге келді.

1981 жылы І. Жансүгіров атындағы орта мектепті тәмамдағаннан соң, еңбек жолын 1981 жылдан 1983 жылға дейін Ақсу ауданы, туған ауылы Ойтоғанда ауыл шаруашылығында жұмысшы болып бастады.
1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы педагогикалық институтын «Жалпытехникалық тәртіп және еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
Сонымен қатар оқу жылдары арасында әскери борышын 1984-1986 жылдары аралығында Ресей Федерациясы Мурманск облысы, Заполярный каласының жанындағы әскери бөлімде өтеді.
1990-1991 жылдары кәсіптік білім беру жүйесінде Текелі қаласының № 17 кәсіптік-техникалық училищесінде жалпы техникалық пәндер оқытушысы қызметін атқарды.
1993-2009 жылдары директордың өндірістік оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2009-2011 жылдар кезеңінде жеке кәсіпкер.
2011 жылы «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігі Текелі қалалық филиалының төрағасы.
2012-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2013-2016 жылдары «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесінде кадрлар жөніндегі инспекторы, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары.
2007 жылы 18 тамызда IV шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Текелі қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның жетекшісі болып келеді.
2012 жылы 15 қаңтарда V шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2016 жылдың 23 ақпанынан бастап осы уақытқа дейін «Текелі қаласының кәсіптік колледжі» мемлекеттік мекемесінде директор.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыстарымен, Облыстық білім Басқармасының грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының құрмет грамотасы, грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясы Партияның орталық аппараты Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық Кеңесінің алғысымен, Алматы облыстық мәслихатының құрмет грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
«Металлург» шағын ауданының депутаты.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Отбасылы, ұл мен қыз тәрбиелеуде.

 

Ибраимова Гульнар Қалтайқызы

№ 3 Абай сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1958 жылы 20 қыркүйекте Талдықорған қаласында қызметкердің отбасында дүниеге келді.

1976 жылы Көксу ауданы, Кировск кентінің Луначарский атындағы орта мектебін бітіріп, институтқа оқуға түседі.
1981 жылы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіреді.
1981-1993 жылдар аралығында Талдықорған облыстық атқару комитетінің ішкі істер басқармасында инспектор.
1993-1998 жылдары Текелі қалалық ішкі істер бөлімінің паспорт беру бөлімінде бастық.
1998 жылдан 2000 жылға дейін Текелі қалалық ішкі істер бөлімі жанындағы көші-қон полициясының бастығы. Майор атағымен Қазақстан Республикасының ІІМ қатарынан әскери запасқа жіберіліп, зейнеткерлік демалысқа шықты.
2000-2005 жылдары кезеңінде «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бастықтың орынбасары.
2005 жылдан 2012 жылға дейін «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесінде директор.
2007 жылы 18 тамызда IV шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2012 жылы 15 қаңтарда V шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2013 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
Ішкі істер басқармасының құрмет грамотасымен, «Кеңес милициясының үздігі» белгісімен, «Шапағат» медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Отбасылы, екі ұл тәрбиелеуде.

 

Сибирякова Наталья Николаевна

№ 4 Жамбыл сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1955 жылы 6 сәуірде Текелі қаласында дүниеге келді.

1972 жылы Текелі қаласының № 3 орта мектебін тәмамдап, 1977 жылы Өскемен қаласының педагогикалық институтын «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша бітіреді.
1977-1979 жылдары Андреевка ауданы Андреевка ауылындағы № 1 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1979-1985 жылдары Текелі қаласының № 3 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі және мектептің ішкі тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы.
1985-1987 жылдар аралығында Текелі қалалық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс атқарды.
1987-1994 жылдары Текелі қаласының № 1 орта мектебінің директоры.
1994 жылдан бастап осы уақытқа дейін «№ 8 орта мектеп МДШО» КММ директоры.
2004 жылы білім және ғылым қызметкерлерінің Астана қаласындағы III съезінің делегаты болды.
«Қазақ КСРО халқының ағарту үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім бөлімінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хаттарымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.
Текелі қалалық мәслихаттың I, II, III, IV, V, және VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Отбасы жағдайы - тұрмыста.

 

Төлеуханова Ләйлә Омарханқызы

№ 5 Қазақстан сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

1963 жылы 02 наурызда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді.

1980 жылы Аягөз қаласында орта мектепті тәмәмдап, 1986 жылы Семей мемлекеттік медициналық институт «Педиатр-дәрігер» мамандығы бойынша бітіреді.
1986 жылы Талдықорған облысы Текелі қаласына интернатураға жолдама алды.
1986-1987 жылдары қалалық балалар емханасында интернатура өтті.
1987-1996 жылдары Текелі қаласы балалар жұқпалы аурулары бөлімшесінде дәрігер-ординатор қызметін атқарды.
1996-1998 жылдары Текелі қаласы емханасының меңгерушісі.
1998-2006 жылдары Ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша бас дәрігердің орынбасары.
2006-2009 жылдары ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыстар бойынша бас дәрігердің орынбасары.
2009-2010 жылдары Ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша бас
дәрігердің орынбасары.
2010 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Текелі қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Алматы облысы әкімінің, Текелі қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
2016 жылғы 20 наурызда Текелі қалалық мәслихаттың VI шақырылымының депутаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Тұрмыста, екі ұл тәрбиелеуде.

 

Нестеров Константин Михайлович

№ 6 Гагарин сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

1963 жылы 30 тамызда Ресей Федерациясының Чита қаласында дүниеге келді.

1980 жылы орта мектепті бітіріп, темір жол транспорты инженерлерінің Хабаровск институтына «Хабарлама жолдарының инженері-құрылысшы» мамандығына оқуға түседі. Қосымша «Мәдени-көпшілік жұмыстардың және театр ұжымдарының ұйымдастырушысы» мамандығын алды.
1985-1987 жылдары студенттердің кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарды.
1987-1990 жылдары аудандық партком үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы.
1987-1990 жылдары Хабаровск қаласының № 1 орта мектебінің театр ұжымының режиссеры.
1990-1991 жылдары Алысшығыс политология және әлеуметтік басқару институтының студенті.
1991 жылдың мамырынан шілдеге дейін Хабаровск қаласының коммунистік партиясының нұсқаушысы.
1991-1994 жылдары «Схека» ТКК директоры, СП «Ассок» директор.
1994-1996 жылдары Хабаровск қаласының «Интеграл» телерадиокомпаниясында бас редактор.
1996 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударды.
1996-1997 жылдары Талдықорған қаласының «Блюз» телерадиокомпаниясының редакторы.
1997-1998 жылдары «Текелі» мемлекеттік телерадиокомпаниясының редакторы.
1997 жылы «Эдельвейс» театр студиясын құрды.
1997-1998 жылдары Текелі қаласының Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
1998-1999 жылдары «Текелі қаласының мәдениет бөлімі» мемлекетік мекемесінің бастығы.
1999-2005 жылдары Текелі қаласының Мәдениет үйінің режиссері.
2006 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін «Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі»МҚКК директоры.
2003-2006 жылдары «Нұр Отан» партиясының жастар қанатын басқарды.
2009 жылы «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалының партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды.
Алматы облысы әкімінің алғыс хатымен, 2009 және 2011 жылдары сайлауалды штабы басшылығындағы жақсы жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, 2010 жылы «Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шыққанына 20 жыл» медалімен, 2012 жылы «ҚР ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» медалімен, 2013 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.
Текелі қалалық мәслихатының I, III, IV, V және VI-шақырылымдарының депутаты.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Үйленген, екі ұл тәрбиелеуде.

 

Кубрак Валентина Борисовна

№ 7 Первомайский сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

1964 жылы 22 қарашада Новосибирск облысы, Карасук қаласында дүниеге келді.

1972 жылы Карасук қаласындағы № 1 орта мектепке барып, 1982 жылы сол мектептен орта білім алды.
1982-1984 жылдары Карасук сүт-консерві комбинатының 2 дәрежелі құрғақ сүт бөлшектеп-өлшеушісі.
1985-1990 жылдары С. Киров атындағы Омск Ленин ордені ауылшаруашылық институтын «Инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіреді.
1990-1996 жылдары «Текелі қаласының сүт зауыты» ЖШС микробиологы, өндірістік цехының мастер-технологы.
1996 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Текелі қаласының сүт зауыты» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.
«Алматы облысы бойынша үздік тауарлар мен қызметтер» номинациясы бойынша, «Алтын сапа» облыстық байқауының, «Алматы облысы бойынша үздік салық төлеуші», Алматы облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауына белсенді қатысқаны үшін дипломдармен, Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту Комитетінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның алғыс хатымен, Текелі қаласы әкімінің алғыс хатымен, грамотасымен марапатталған. «Өндірістегі үздік кәсіпкер», «Үздік Бизнес-Леди» номинанттары бар. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.
Текелі қалалық мәслихаттың V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Тұрмыста, бір ұл тәрбиелеуде.

 

Жұмаділов Тұрысбек Әкімханұлы

№ 8 Қаратал сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

 

1985 жылы 23 ақпанда Талдықорған облысы Жамбыл ауылында дүниеге келді.

1972-1982 жылдары Талдықорған қаласының №1 орта мектеп-интернатында білім алды.
1987 жылы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы кен орындарын барлау технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
1987-2001 жылдары Жоңғар геологиялық-барлау экспедициясында бұрғылау құрылғысының машинисті.
2001-2002 жылдары «Алатау Мрамор» ЖШС тау кен орнында мастер, Екпінді мәрмәр тау кен орнының бастығы.
2002-2004 жылдары «Сабина-Қуаныш» ЖШС директоры.
2004-2014 жылдары «Alina holding» ЖШС бұрғылау кешенінің бастығы.
2014 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облысы Кәсіпкерлер Палатасының Текелі қалалық филиалының директоры.
Қазақстан Репсубликасы Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.
Текелі қалалық мәслихатының VI-шақырылымының депутаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Үйленген, екі ұл тәрбиелеуде.
 
 

 

Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы

№ 9 Свердловский сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

1968 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде қызметкерлер отбасында дүниеге келді.

1985 жылы Ақсу ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебін тәмамдады.
1985-1986 жылдары Ақсу ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінің аға пионер-тәлімгері.
1991 жылы І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
1991-2001 жылдары Текелі қаласының № 4 орта мектебінің мұғалімі.
2001 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Текелі қаласының № 1 орта мектебінің мұғалім-ұйымдастырушысы.
2001-2003 жылдары Текелі қаласының № 4 орта мектебінде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
2003-2007 жылдары Текелі қаласының № 5 орта мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2007-2008 жылдар аралығында «Текелі қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2008-2013 жылдары Текелі қаласының № 1 орта мектебінің директоры.
2012 жылы 15 қаңтарда V шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
2013 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Текелі қаласының №5 орта мектебі» КММ директоры.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
«Үздік жыл директоры-2010» облыстық байқауының III дәрежелі диплом иегері, «Атамекен» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының, облыстық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен, Текелі қаласы әкімінің, «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін дамыту институтының Құрмет грамоталарымен, Текелі қалалық білім бөлімінің грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Тұрмыста. Екі қыз тәрбиелеуде.

 

Стрельцов Владимир Васильевич

№ 10 Конаев сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

24 қыркүйекте 1959 жылы Ресей Федерациясы, Красноярск өлкесі, Большемуртинский ауданы, Тигино ауылында дүниеге келді.

1993 жылы Талдықорған құрылыс техникумын техник-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша бітірді.
1975-1978 жылдары «Талдыкорганпромстрой» тресында тас қалаушы-монтаждаушы болып қызмет етті.
1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді.
1980-1981 жылдары «Талдыкорганпромстрой» тресының тас қалаушы-монтаждаушысы.
1981-1984 жылдары Алматы үй құрылысы комбинатының монтаждаушысы.
1984-1985 жылдары Талдықорған ПАТП темір ұстасы-жүргізушісі.
1985-1987 жылдары Алматы үй құрылысы комбинатының болат және темір-бетонды құрылымының монтаждаушысы.
1987-1998 жылдары Талдықорған қаласының болат және темір-бетонды құрылымының дәнекерлеушілер-монтаждаушылар бригадасының бригадирі.
1998 жылдың ақпанынан қазанына дейін Талдықорған қаласының «Дастан» ЖШС прорабы.
1998-2001 жылдары Талдықорған қаласының «Фирма Гамма» ЖШС құрылыс телімінің мастері.
2001-2005 жылдары Текелі қаласының «Стрельцов» ЖК бастығы.
2005-2007 жылдары Текелі қаласының «Фирма СМР» ЖШС директоры.
2007 жылдың қарашасын бастап осы уақытқа дейін «Текелі гранит» ЖШС атқарушы директоры қызметін атқарады.
Текелі қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалымен марапатталған.
Текелі қалалық мәслихатының V, VI-шақырылымдарының депутаты.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Үйленген. Екі ұл тәрбиелеуде.

 

Нұрғожаева Әлия Қыдырбекқызы

№ 12 Көксу сайлау округі бойынша
Текелі қалалық мәслихатының депутаты

1978 жылы 19 шілдеде Талдыкорған облысы Кировск ауданы Ленин совхозында дүниеге келді.

1998 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Орыс тілі және әдебиет мұғалімі» мамандығы бойынша бітіреді.
1998-2010 жылдары Талдықорған қаласының Н. Островский атындағы № 8 орта мектебінің мұғалімі.
2010 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Текелі қаласы, Рудничный ауылының «№ 7 ОМ МДШО» КММ директоры.
2016 жылы 20 наурызда VI шақырылымының мәслихат депутаты болып сайланды.
Облыстық әдістемелік кабинеттің құрмет грамотасымен, қалалық білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Тұрмыста. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеуде.