Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ » Функции и задачи

Міндеттері мен мақсаты

Бөлімнің негізгі мақсаттары:

1) қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру және насихаттау;
2) қала аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру;
3) жеке тұлғаны қалыптастыру мен оның жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында мәдениет нысандарының дамуын қамтамасыз ету;
4) жастардың бос уақытын ұйымдастыруда мәдени-бұқаралық шараларды өткізу және жоспарын үйлестіру;
5) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мәдени қарым-қатынасты дамыту, қала тұрғындарының мәдени саладағы қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақ халқының және қала аумағында тұратын басқа да халықтардың мәдениетін дамыту шараларын жүзеге асыру;
6) қала тұрғындарын ақпараттық, кітапханамен қамтамасыз етуді жетілдіру, кітапхана қорындағы ақпараттар мен мәдени құндылықтарға жалпы қол жетімділігіне жағдай жасау;
7) мәдени-тарихи ескерткіш мұраларды пайдалану, сақтау және қорғау ісі бойынша жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асыру және осы бағыттағы бағдарламаларды құру мен әзірлеуге қатысу;
8) қала аумағында бірыңғай тіл саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы шараларды қамтамасыз ету;
10) қалалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
11) көрнекі ақпарат құралдарындағы, маңдайша жазулары мен хабарландырулардағы және басқа да жазбалардағы тіл заңдылықтарының талаптарына сәйкес іс-шаралармен қамтамасыз ету;