Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 8

Электрондық пошта: kultura@tekeli.gov.kz

Бөлім телефондары: 8(72835)44701


 
Бөлім басшысы - Дәуренбаев Марат Өмірбекұлы

Дәуренбаев Марат Өмірбекұлы 1978 жылы 10 қыркүйекте Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келді.

1999 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1999-2006 жылдары Текелі қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2006-2011 жылдары «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, «Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2011 жылдан - «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

 

 


 

Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы: Дәуренбаев Марат Өмірбекұлы

Бас маман: Бершадская Елена Васильевна

 


«Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Алматы облысы Текелі қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 368 қаулысының негізінде «Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта құрылды.

Алматы облысы Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылдың 4 қаңтарынан № 186-1907-23-ГУ тіркелген.


 

Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Апта күндері
Қабылдау уақыты
Түскі үзіліс
Сейсенбі
09.00 – 18.00
13.00 – 14.30
Сәрсенбі
09.00 – 18.00
13.00 – 14.30
Бейсенбі
09.00 – 18.00
13.00 – 14.30
Сенбі
Демалыс
Жексенбі
Демалыс