Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

 
2019 жылдың 6 айына
 
1. Текелі қаласында эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық алдын алу іс-шараларын өткізетін, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды сақтайтын, «Текелі қаласы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
 
2. Қажетті ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары және диагностикалық жоспарға сәйкес зерттеулер жүргізіледі. Диагностикалық зерттеулер жүргізу барысында бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 3 бас ірі қара және 2 бас ұсақ мал анықталды. 1 бас ІҚМ-дан басқа барлық оң нәтиже берген ауыл шаруашылығы жануарлары қайта өңдеуге жіберілді. Қайта өңделмеген жануардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
3. 2019 жылы 6 ай ішінде ішінде жануарларға және жануарлардан алынған өнімдер мен шикі зат өнімдерін сатуға 297 анықтама берілді, сонымен қатар, мал сою алаңында 456 бас мүйізді ірі қара мал және 53 бас шошқа сойылды.
 
4. Текелі каласы аумағында босқын иттер мен мысықтарды ұстау және жою үшін 2 100 000 тенге бөлінді. Осы қаражатпен 268 бас қаңғыбас ит және 6 мысық ұстап жойылды. Барлық ауланған жануарлардың фотосуреттері (tekeli.vetstanciya.) және i_like_tekeli. Instagram желісінде ветеринариялық станция беттерінде орналастырылады. Жыл басынан иелеріне және итті асырауға ниет білдірген азаматтарға 20 ит қайтарылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 
5. Ағымдағы жылы 649 бас ІҚМ және 1767 бас ҰММ, 48 жылқы және 298 шошқа төлдері бірдейлендіру жүргізілді.
 
Ағымдағы жылда келесі диагностикалық зерттеулер мен ветеринарлықалдын алу іс-шаралар өткізілді.
 
Диагностикалық зерттеулер:
 
1. Бруцеллезге серологиялық әдісімен тексерілді:
  • ІҚМ - 4154 бас, оң нәтиже 3 бас көрсетті;
  • ҰММ – 3295 бас, 2 бас оң нәтиже көрсеткен анықталған;
  • Жылқылар – 30 бас, нәтижелері теріс;
  • Шошқа – 250 бас, оң нәтиже көрсеткендері анықталған жоқ;
  • Иттер – 24 бас, нәтижелері теріс.
2. Аллергиялық зерттеулер:
  • ІҚМ туберкулезге – 4000 бас, оң нәтиже көрсеткендері болған жоқ;
  • Шошқа туберкулезге – 500 бас, нәтижелері теріс;
  • Жылқы маңқаға – 200 бас, оң нәтиже көрсеткендері анықталған жоқ;
Алдын ала іс-шаралар:
 
3. Қутыру ауруына қарсы егілгендер:
  • 500 бас ІҚМ;
  • 40 бас жылқы;
4. Аусыл ауруына қарсы егілгендер;
  • 4300 бас ІҚМ;
  • 4000 бас ҰММ;
  • 800 бас шошқа.
5. Лептоспироз ауруына қарсы егілгендер:
  • 1200 бас ІҚМ;
6. Пастереллез ауруына қарсы егілгендер:
  • 2000 бас ІҚМ;
  • 3000 бас ҰММ;
  • 50 бас жылқы;
  • 800 бас шошқа.
7. Сібір жарасына қарсы егілгендер:
  • 3200 бас ІҚМ;
  • 2500 бас ҰММ;
  • 300 бас жылқы;
  • 500 бас шошқа.
8. Эхинококкоз ауруына қарсы дегельминтизациялау:
  • 4000 бас иттер;
9. Күл ауруына қарсы егілгендер:
  • 4000 бас ҰММ;
 
10. Қарасан ауруына қарсы егілгендер:
  1. 2000 бас ІҚМ;
11. Брадзот ауруына қарсы егілгендер:
  • 2000 бас ҰММ;
12. Контагиозды пустулезді дерматит (эктима) ауруына қарсы егілгендер;
  • 1600 бас ҰММ;
13. Сальмонеллезды іш-тастауына қарсы егілгендер:
  • 100 бас жылқы;
Ветеринариялық алдын алу іс-шаралары әрі қарай жалғасуда.
 
«Текелі қаласының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы                                        С. Махаев