Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» ММ » Лауазымдық міндеттер

Лауазымдық міндеттер

Басшының міндеттері

1. Бөлімнің қызметіне басшылық етеді, өзіне жүктелген мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді.
2. Бөлімді ұстауға бекітілген смета шығыны шегінде штат кестесі бойынша Текелі қаласының әкіміне ұсыныс жасайды.
3. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдардың нормасына сәйкес Бөлім мамандарын қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бөлім қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады.
5. Бөлімнің мүлігімен, қаржы қаражатын басқарады, банк мекемелерінде есеп-шот ашып, жабады, олар бойынша операция жасап, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есеп тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
6. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа ұйымдарымен өзара әрекет етеді.
7. Қызметте Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, басқа міндеттерді де жүзеге асырады.

Бас маманның міндеттері

1. Оған жүктелген міндеттерді міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Қызметтік нұсқауларда қарастырылған, міндеттерді орындауға байланысты, жұмыстың мүлтіксіз болуы бойынша ұсыныстар енгізеді.
3. Бөлімге қарастыруға жіберілген азаматтардың және мемлекеттік органдардың үндеулерін қарастыруда қатысады.
4. Тапсырмаларды және орындалған жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді және уақытымен орындайды.
5. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа ұйымдарымен өзара әрекет етеді.
6. Қызметте Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, басқа міндеттерді де жүзеге асырады.