Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ауылшаруашылық бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2018 жылдың І тоқсанына

2018 жылы 802 га егістік алаңы жоспарлануда, оның ішінде 333,0 га дәнді дақылдар, 333 га арпа, 105 га қытай бұршақ, 181 га картоп, 60 га көкөністер, 123 га азықтық дақылдар. Тұқымдық жабдықтар «КазАгроэкс» зертханасында толығымен зерттелді.
 
Көктемгі дала жұмыстарының басталуына дейін ауыл шаруашылығы техникасын уақытында және сапалы жөндеуден өткізіліп уақытында дайындық қамтамасыз етілді: 47 трактор-100%, 12 дана соқа-100%, 24 дана тырма-100%, 1 дана картоп еккіш-100%, 4 дана дәнсепкіш-100%, 2 дана қопсытқыштар-100%, 3 дана комбаин-100%, дайындалды.
 
57 шаруа қожалықтары тіркелген.
 
10 тонна дизельді отын алуға рұқсат қағаз алынды.
 
1 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды. «Асыл» ЖШС-мен 400 бас малға қолдан ұрықтандыру үшін келісім шарт жасалды, 10 ірі қара мал ұрықтандырылды.
 
ТОО "ТКФ Алақай" - Кондитерлік цехты қайта жаңартылып және жаңа жабдықтар 20 млн.тг сомасында сатып алынды.
 
Ш/Қ «Алма-Дария» - шағын сүтті қайта өңдеу цех құрылысы салынды жабдықтар жаңартылған, сәуір айында қосылу жоспарда. ТОО «Green House-Зеленый дом» - (кательня) жылыту құрылысы жүргізіліп жатыр;
 
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. К. Евниевтің 2018 жылдың 1 ақпандағы № 4-5/13 хаттамасына сәйкес Текелі қаласы бойынша 46,6% ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің егістік алқаптары minagro.kz веб-порталына енгізілді.
 
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспар бойынша жобасы «Текелі тынысы» газетіне, интернет ресурсқа орналастырылып, Атамекен Алматы облысының кәсіпкерлік палатасынан сараптама қорытыңды алынды және жоба ашық НҚА енгізілді, 2018 жылдың 24 сәуірде жобаның нәтижесі шығады.
 
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараға сәйкес ағымдағы жылдың 16 сәуірде мал бағатын бақташы мен мал иелерімен жиналыс өткізіліп, жергілікті атқарушы орган, жалға алушы және малшы арасындағы үш жақты келісім-шарт жасалды.
 
 
«Текелі қаласының ауыл
шаруашылық бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Джылкыбаев