Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ауылшаруашылық бөлімі» ММ » Шаруа қожалықтарына хабарламалар

Шаруа қожалықтарына хабарламалар

 

ХАБАРЛАНДЫРУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНА !

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығы бекітілді.

Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұданәрі–ауыл шаруашылық тауар өндіруші) және (немесе) ауылшаруашылығы кооперативтеріне (бұданәрі–ауыл шаруашылық кооперативі) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

Субсидияларды төлеу мына дай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

1) майлы дақылдар бойынша–қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған майлы дәндердің 1 тоннасына 100 %.

2) сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда) бойынша–егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.

3) егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша–биылғы жылғы көктемнің немесе өткен жылғы күздің егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %;

4) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

5) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша–жылыжай типіне және кіші типіне қарайсараланған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасына сәйкес бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.

Өтінімдер мен құжаттарды қабылдауды – Қаланың ауыл шаруашылық бөлімі жүзеге асырады (Текелі қаласы,Абылай хан 34 көшесі, 2 қабат, 28 кабинет, тел. 4-46-73, 7-91-14.)

Сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер, бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға–қабылдау мерзімі осы хабарландыру жария етілген күннен бастап ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін, қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша бірінші дақыл айналымы осы хабарландыру жария етілген күннен бастап ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін, екінші дақыл айналымы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап желтоқсанның 10 дейін, майлы дақылдар, қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша–ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап желтоқсанның 10 дейін жүзеге асырылады.

Минералды тыңайтқыш құнын субсидиялау бойынша!

"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14814 болып тіркелді

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар:

1) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) –тоқсанда тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін АШТӨ-ге;

2) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші)-тоқсанда ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату үшін тыңайтқыштарды өндірушілерге төленеді.

Субсидиялар алу шарттары:

1. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді (бұдан әрі – өтінім):

ауданның, республикалық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе қала басқармасына не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде;

не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.

Ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiмді (бұдан әрі – төлеу туралы өтінім):

бөлімге немесе қала басқармасына не Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде;

не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.

Ағымдағы жылдың 01 маусымынан – 01 желтоқсанға дейінгі мерзiмде қалалық ауыл шаруашылық бөліміне субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне ену үшiн өтiнiмдерді қабылдау жүзеге асырылады.

Қаланың ауыл шаруашылық бөлімі (Текелі қаласы,Абылай хан 34 көшесі, 2 қабат, 28 кабинет, тел. 4-46-73, 7-91-14).

 

СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ

1) Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнына субсидиялар төлеуге өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 15 қарашасында аяқталады.

Субсидия алатын АӨК айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның жұмыс тәртібі:

1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;
2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

2) Текелі қаласы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар алуға өтiнiмдерді қабылдау басталды өтiнiмдерді қабылдау 15.12.2017 жылы аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Абылай хан көшесі, 34 үй, 28 кабинетке жүгінуіңізге болады.

тел: 4-46-73; 7-91-14

 

СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ

Текелі қаласы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар алуға өтiнiмдерді қабылдау басталды өтiнiмдерді қабылдау 15.12.2017 жылы аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Абылай хан көшесі, 34 үй, 28 кабинетке жүгінуіңізге болады.

тел: 4-46-73; 7-91-14

 

 

СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ

1) Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнына субсидиялар төлеуге өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 15 қарашасында аяқталады.

Субсидия алатын АӨК айқындау үшін ведомствоаралық комиссияның жұмыс тәртібі:

1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;
2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

Барлық сұрақтар бойынша «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Абылай хан көшесі, 34 үй, 28 кабинетке жүгінуіңізге болады.

тел: 4-46-73; 7-91-14

 
Құрметті қала тұрғындары
 
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2017 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Текелі қаласының агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне дизель отынын 31 тоннасын Талдықорған ст. сатып алуға болатының хабарлайды. Қосымша ақпарат алу үшін «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. тел: 8(72835)7-91-14; 4-46-73;