Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мәслихат » Ереже

Ереже

Текелі қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 36-229 шешімімен бекітілген
 
 
«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
 
1.Жалпы ережелер
 
1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, № 34.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
14. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалалық мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
15. Міндеттері:
1) қалалық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамсыз ету;
2) қалалық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, қалалық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) қалалық мәслихаттың депутатына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) қалалық мәлихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
4) нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға қалалық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;
2) қалалық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
 
3.«Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
 
18. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
19. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
21. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзіретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат аппараты атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
12) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
«Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.
 
4.«Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
 
23. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
 
5. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
 
26. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.