Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ауылшаруашылық бөлімі» ММ » Міндеттері мен мақсаты

Міндеттері мен мақсаты

1. Бөлімнің миссиясы: “Текелі қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
- арнайы атқару және бақылау-қадағалау мақсаттарын ауыл шаруашылығының көлемінде жүргізу.
- халықты азық-түлікпен, өнеркәсәпті-шикізатпен, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу.
 
 
2. Міндеттері:
 
1) ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларды өткеруге қатысуды;
 
2) агроөнеркәсіптік кешенде реформаларды тереңдетуді жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысанын дамытуға қатысуды;
 
3) нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірістері субъектілерінің қызмет істеуінің экономикалық тетіктерін жетілдіру бойынша жоғары тұрған органдар жасаған ұсыныстарды өткеруді;
 
4) қаланың ішкі сұраныстарын және оны одан тысқары өткеруді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен ұқсатуды жолға қою ісін ынталандыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды;
 
5) аграрлық секторда басқарудың жаңа жүйесін енгізу;
 
6) маркетингтік ұсыныстарды жасауды (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мен өндіру бойынша);
 
7) ауыл шаруашылығында баға саясатын сақтауға, антидемпингтік қызметке бақылау жасауды;
 
8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржылық, несиелік, салықтық және кедендік саясатты жетілдіру бойынша белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуді;
 
9) қаржылық-экономикалық сауықтыру немесе шаруашылық жүргізуге жағдайсыз субъектілерді тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындауға қатысуды;
 
10) агроөнеркәсіптік кешенде меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық жүргізу түрлері қызметін атқарған жағдайда санақ пен жедел статистикалық бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдіруді;
 
11) шаруашылық жүргізуші субъектілерге, фермерліктер мен шаруа қожалықтарына техникалық сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бағдарламаларға қатысуды; 
 
12) ауыл шаруашылық тауарөндірушілерді төтенше жағдайлардан қамсыздандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды;
 
13) мал шаруашылығында тұқымды асылдандыру жұмыстарының келешектік жоспарларын орындауға бақылау жасауды;
 
14) меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтарда сүт пен ет өндірудің озық технологиясын енгізу жөніндегі шараларға қатысуды;
 
15) барлық ауыл шаруашылығы жұмысының барысына, өндірілетін және өткерілетін өнімдердің сапасына бақылау жасауды;
 
16) меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында аурулар мен зиянкестерге қарсы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын улы химикаттармен өңдеу жөніндегі жұмыстардың сақталуына бақылау жүргізуді.
 
17) бөлім ауылшаруашылық товарөндірушілеріне мемлекет тарапынан бөлінетін материалдың құндылықтарды арзандату мақсатындағы қаржылай көмек,субсидиялау шараларын мемлекеттің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын басшылыққа ала отырып атқарады.
 
18) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
 
19) агроөнеркәсіп кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады.

 
3.Функциялары:
 
1)мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
 
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
 
6) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
 
7) қала бойынша тұқымдар балансын жасайды;
 
8) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпараттарды беруді қамтамасыз етеді;
 
9) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
 
10) бастапқы, әлиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
 
11) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруды, сұрыптық егістіктерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
 
12) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды.

 
4.Құқықтары мен міндеттері:
 
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3)шарттар жасасады.;
 
4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
 
6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

9) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

10) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
 
11) тұқым шаруашылығы субъектілеріне қатысты тексеру жүргізеді, тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама береді, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алады;
 
12) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік бюджеттік бағдарламларын ақпараттық қолдай отырып төменде тұрған лауазымды тұлғалардан және өзгеде нысандар бойынша ішкі бақылау жасайды.