Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2017 жылдың III-тоқсанына

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңын және басқа да Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiне қатысты нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Қаланың инфражүйесінің дамуына арналған негізгі жүзеге асыратын бірінші бағдарлама қаланың бас жоспары болып табылады.  Жаңа нысандар құрылысын салуға арналған жер телімін беру және нысандарды қайта құру, бекітілген қаланың бас жоспарына және сәулеттендіру ережесіне, сәулеттену кейіпіне, қаланың нысандары санитарлық жағдайына байланысты жүзеге асырылады.

Жаңа құрылыс салуға және нысандарды өзгертуге рұқсат беретін құжаттарды беру, жеке және заңды тұлғалардың бөлімге түскен арызына байланысты беріледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет 5 түрі бар. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет корпорация арқылы ұсынылады;

1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» бойынша 91 анықтама берілді,

2)«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» бойынша 35 тапсырыс берілді ;

3)«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» бойынша 3 рұқсат берілді;

4)«Қазақстан Республикасының жер кодексінің 44-1 бабы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» бойынша 2 актісі дайындалды            

5)«Эскизді келісуден өткізу» бойынша 29 жоба келісуден өткізілді

Әр апта сайын ІІБ қызметкерлерімен сәулеттену ережесіне сәйкес жылжымайтын мүлік иелеріне, дүкендерге және сауда нүктелеріне ескерту хат таратылады.Осы жылы 285 ескерту хат таратылды.Оның ішінде 228 тиісті жаза қолдануға ІІБ  қызметкерлеріне жіберілді.

Қонаев көшесінде 14 қақпа сырты жаңадан ауыстырылып, 10 қақпа сырты боялды, және ары қарай жұмыстар жалғасуда.

Қасбеттер қазіргі заманға және сәулеттік стильге сай дайындалған және Текелі қаласы әкімінің шешімімен құралған көркем кеңес мүшелерімен бекітіледі. Барлық салынып жатқан және қайта құрылып жатқан құрылыстарға толық есептер жүргізілуде.

 «Мекенжай тіркелімі»  Ақпараттық жүйесі бақылауда және әр тоқсан сайын Алматы облысы әкім аппаратының бақылау секторына ақпарат жолдаймыз бүгінгі күні мекен-жайды түгендеуді өткізу жұмыстары толығымен 100% -ға аяқталды және әрі қарай толтыру жұмыстары жалғасуда.

Қала кадастрлық «АэрГис» ақпараттық жүйесінің нәтижесін жақсарту жұмыстары жүргізілуде және қазіргі уақытта беріліп жатқан жер учаскелерімен құрылысқа рұқсат құжаттарымен толтыру жұмыстары жалғасуда.

Әр айдын аяғында мемлекеттік қызмет, жер учаскелерінің нысандарын өзгерту, жер учаскесінің берілуі, салынып жатқан құрылыстар бойынша және  де басқа да қызметтер бойынша Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына есеп тапсырылады.

Сонымен қатар бөліммен қараусыз қалған жер телімдерін есепке қою жұмыстары жүргізіледі. Осы күнге дейін барлығы - 18 қараусыз жер , ал 2017 жылға қараусыз қалған - 27 жер телімі үйге қызмет көрсетуге есепке алынған және «Текелі қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ жіберілді.

Техникалық байқау актісі (бұзу актісі) 36 дайындалып меншік йелеріне берілді.

Текелі қаласының дамуы мен қайта құру бағдарламасының артықшылығы, тұрғын аудандарда жаңа құрылыс кешендерін салу болып отыр. 2017 жылда жеке жалпы саны – 8 үй, 1290  шаршы метр тұрғын үйлер игерілді жалпы соммасы 51785000 мын теңге құрайды.

Сәулеттендіру ережесін сақтамағанын және бұзғанын қадағалау мақсатында апта сайын құрылыс нысандары аралануда. Барлық салынып жатқан құрылыстар  бақылауда.