Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

1. Бөлімнің негізгі функциялары:

1) адам өмірі мен толык қанды өмір сүру ортасын, қаланың тұрақты дамуын ұйымдастыру;
2) құрылыс қызметінің аясында мемлекеттік саясаты жүргізу;
3) қала аумағында әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыталған құрылыс және басқа бағдарламаны, құрылыс кешені мен инфрақұрылымен жүзеге асырады;
4) тұрғын үй қорын жөндеуге және қайта келтіру бағдарламасын дайындауға қатысу;
5) қала аумағында құрылыс кешенін дамытуды реттеу және болжау, сараптау, зерделеу;
6) құрылыс саласында интеграциялық процесстерді күшейту;
7) құрылыс материалдарын өндіру индустриясын дамыту;
8) жергілікті құрылыс - монтаждық және жөндеу - құрылыстық кәсіпорындарын дамыту  шарттарын ұйымдастыру;

2. Бөлім бекітілген заң тәртібімен келесі міндеттерді жүргізеді:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) қала аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін жасау жөнінде ұсыныстарды дайындау;
3) қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуында кешенді бағдарламаларды дайындауға, құрылыс индустриясының кәсіпорындарын және тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жасауда қатысады;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында Текелі қаласының әкімімен қабылданатын шешімдердің жобасына құжаттарды, негіздемелерді, ұсыныстарды дайындауда қатысады;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылысты жетілдіру бойынша, қала құрылыстары мен ғимараттардың сәулет – көркемдік және конструктивті шешімдерінің сапасын көтеру жөнінде шараларды жүргізеді;
6) жаңа құрылыс нысандарының кезекші жоспарларын жүргізу жөнінде жұмыстарды қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын нысандарды жобалауға, жасауға, күрделі жөндеге өткізілетін байқауларда қатысады;
8) құрылыс – монтажды жұмыстарды жөндеуге мердігер ұйымдармен келісім – шарт жасайды;
9) бекітілген келісім – шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қаржыландыруды жүргізеді;
10) бекітілген келісімдік міндеттерді мердігерлердің орындауын қөамтамасыз етеді;
11) құрылыс қызметі субъектілері құрылыс мерзімі мен сапасын, жоспарлау ережесін сақтау жөнінде шараларды жүргізеді;
12) салынған нысандарды пайдаланымға өткізу жөнінде жұмыстарды жүргізеді;
13) қала аумағында құрылысқа, қайта құруға және күрделі жөндеуге жататын ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік нысандардың, жобалық-жоспарлық құжаттарының келісімін қарауды жүргізеді;
14) тұрын үй – азаматтық, өндірістік, коммуналдық бағыттағы құрылысы аяқталған нысандарды пайдаланылымға өткізу жөнінде қабылдау комиссия жұмысында қатысады;
15) Текелі қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, азаматтардың, кіші және орта бизнес субъектілерініңң өтініштерін қарауда қатысып, қойылған мәселелер бойынша қорытындыларды ұсынады.

 

44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру