Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2017 жылдың VI тоқсанына
 

2017 жылдың 4-5 қазан күндері Текелі қаласының ұжымдары арасында спорт сарайында шағын футболдан «Кубок Акима» Турнирі өткізілді. Аталған іс шараға 12 команда қатысты, І орынға ие болған Текелі қаласының Ішкі Істер Бөлімінің командасы. 

2017 жылдың 7 қазан күні Текелі қаласының 65 жылдығына арналған қала тұрғындары арасында армрестлингтен, гір көтеруден және арқан тартудан жарыстар өткізілді.
 
2017 жылдың 7-8 қазан күндер аралығында Текелі қаласының 65 жылдығына арналған кикбоксингтан(фулл-контакт) 2004-2011 ж.т. юниорлар арасында Чемпионаты өткізілді.
 
2017 жылдың 12-13 қазан күндері красный камень, Талдықорған қаласында 2001-2004 жылы туылған балалар арасында Маутинбайктан Облыстық Біріншілік өткізілді.
Касымгали Нуржан- ІІ орын,
Мирошников Данис – ІІ орын,
Кучебина ангелина – ІІІ орын(қыздар арасында).
 
2017 жылдың 13 қазан күні Текелі қаласының № 8 орта мектебінің алаңында пробация қызметінің тіркеуіенде тұрған адамдардың қатысуымен секіру, гір көтеру, турникке тартылу және футболдан спорттық жарыстар өткізілді. 
 
2017 жылдың 14-15 қазан күндері Текелі қаласының 65 жылдығына арналған VІ дәстүрлі каратэ шинкиокошункайдан Чемпионат өткізілді. 
 
2017 жылдың 20-24 қазан күндері Текелі қаласында әйелдер арасында стритболдан Алматы облысынң Чемпионаты өтті. Текелі командасы ІІІ орығңа ие болды.
 
2017 жылдың 25-29 қазан күндері Жамабыл ауданынң Ұзынағаш кентінде әйелдер арасында волейболдан Алматы облысының Чемпионат өтті. Чемпионатқа Текелі командасы қатысты.
 
2017 жылдың 27-31 қазан күндері Талдықорған қаласында ерлер арасында стритболдан Алматы облысынң Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Текелі командасы қатысты.
 
2017 жылдың 26-28 қазан күндері «Металлург» орталық алаңында қыздар арасында 2017-2018 жылғы оқушылар Спартакиадасының шеңберінде шағын футболдан жарыс өткізілді.
 
2017 жылдың 1-3 қараша күндері № 1 орта мектептің спортзалында мұғалімдер арасында шағын 2017-2018 жылғы мұғалімдер Спартакиадасының шеңберінде шағын футболдан жарыс өткізілді.
 
2017 жылдың 1-5 қараша күндері Жамабыл ауданынң Ұзынағаш кентінде ерлер арасында волейболдан Алматы облысының Чемпионат өтті. Чемпионатқа Текелі командасы қатысты.
 
2017 жылдың 10 қараша күні Текелі қаласында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы асясындағы «Рухани Керуен» жобасын іске асырып, Діни бірлестіктер арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
1 орын – Керімбек атындағы Текелі қаласының мешіті.
2 орын – Святая троица
3 орын – Источник жизни
 
2017 жылдың 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президенті күніне арналған ұжымдар арасында волейболдан жарыс өтті. 
Жарыс нәтижесі бойынша:
         І орын - «Текелі »  командасы;
         ІІ орын - «№5 орта мектебі» командасы;
         ІІІ орын - «Текелі  қаласының білім бөлімі» командасы;
 
2017 жылдың 6-15 желтоқсан күндері №1 орта мектеп спортзалында қала ұжымдар арасында шағын  футболдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Текелі қаласының Чемпионаты өткізілді.
Жарыс нәтижесі бойынша:
         І орын - «Текелі қаласының білім бөлімі »  командасы;
         ІІ орын - «УССО» командасы;
         ІІІ орын - «Текелі  қаласының кәсіптік колледжі» командасы;
 
2017 жылдың 1-5 желтоқсан күндері Текелі қаласында әйелдер және ардагер-әйелдер арасында стритболдан Алматы облысының Чемпионаты өтті. Әйелдер 3 орын, ардагер-әйелдер 2 орындарға ие болды.
 
2017 жылдың 7-12 желтоқсан күндері Жамабыл ауданынң Ұзынағаш кентінде ерлер арасында волейболдан Алматы облысының Чемпионат өтті. Чемпионатқа Текелі командасы қатысты.
 
2017 жылдың 8-12 желтоқсан күндері Талдықорған қаласында ерлер арасында баскетболдан Алматы облысынң Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Текелі командасы қатысты.
 
2017 жылдың 15 желтоқсан күні Текелі қаласының мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ардагерлер арасында шахматтан жарыс өткізілді. (Фото 24,25)
 
2017 жылдың 23 желтоқсан күні Текелі қаласының спорт сарайында қала ұжымдар арасында баскетболдан Ел Ордасы – Астананың 20 жылдығына арналған Турнир өткізілді.

2017 жылы «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір мемлекеттік қызмет көрсетілді «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру».

Мемлекеттік қызмет стандарты «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығымен бекітілген.

«Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты және регламенті жазылған тақтайшалар орналасқан.

2017 жылда 8 мемлекеттік қызмет көрсетіліп және 5 семинар-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетудің мерзімін бұзушылық болған жоқ және мемлекеттік көрсетілген қызмет кезінде қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы Б. Тұғылбаев