Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ » Қаламыздағы спорттың дамуы

Қаламыздағы спорттың дамуы

Қаламыз бойынша дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысуға болатын 49 спорттық объекті бар, оның ішінде 1 спорт сарайы, 1 спорткешені, 1 стадион, 2 бассейн, 10 спорт залдары, 26 жазық ғимарат, 20 спорт алаңы, 1 теннистік корт, 1 туризм және өлкетану орталығы, 1 күрес залы, стрит воркаут алаңы, 1 велотрек және т.б.

Қалада олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебі (ОРМБЖМ) жұмыс істейді, онда 15 спорт түрлері бойынша, оның ішінде 3 түрі ұлттық, 759 адам жаттығады.

2014 жылдың желтоқсан айында «Балалар және жасөспірімдер туристік және өлкетану орталығы» ашылды, орталықта 12 үйірме бойынша 585 бала жаттығады.

2015 жылы воркаут стритпен айналысуға гимнастикалық қалашық ашылды тағы басқа ВМХ (бээмикс) пен айналысуға велотрек ашылды.

2018 жылы "Набережный" спорттық-ойындақ қалашығы және "Батыр" күрес залы ашылды.

Қалада әр-түрлі облыстық, қалалық және Республикалық деңгейдегі Спартакиадалар, Біріншіліктер мен Турнирлер өткізіледі. Қаламызда футбол және бокс федерациялары жұмыс атқарады.

Спорт мектебінен басқа қалада спорт түрлері бойынша секциялар мен клубтар жұмыс істейді. Облыстық мүгедектер спортының бөлімшесі және жоғары спорт жетістіктері мектебінің филиалы жұмыс істейді. А. Кивилев атындағы мамандандырылған облыстық веломектебінің текелі филиалы жұмыс атқарады. Бүркітбай Файзулланың жетекшілігімен қоғамдық негізде ұлттық спорт қызығушыларының клубы жұмыс істейді. Бірнеше жыл бойы «Штурм» мотоцикл клубы жұмыс істейді. Қалалық мәдениет үйі жанында «Тау мерген» клубында балалар: дзюдо, карате шинкиокушинкай және қоян-қолтық ұрыспен айналысады және шахматтың әуесқойлар клубы жұмыс істейді.