Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 8

Электрондық пошта: sport@tekeli.gov.kz

Бөлім телефондары: 8(728 35)44552


 
Бөлім басшысы - Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы 1971 жылы 16 ақпанда Текелі қаласында дүниеге келген.
 
1996 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетінің инженер-педагогикалық факультетін кәсіптік-техникалық оқытушы мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Еңбек жолын 1994 жылы Талдықорған қаласында кеден инспекторы болып бастаған.
 
1999-2004 жылдары Текелі қаласының мектептерінде бастауыш әскери дайындық мұғалімі, 2004-2006 жылдары «А.Абдрахманов» ЖШС жұмыс істеген.
 
2006-2008 жылдары «Текелі қаласының спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, 2008-2009 жылдары Рудничный поселкесіндегі №7 орта мектебінің директоры лауазымдарын атқарды.
 
2009-2012 жылдары «Текелі Кондитер» ЖШС директоры болды.
 
 2012 жылдан - «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

 


 

Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы: Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Бас маман: Ұлтарақов Әділет Батырбекұлы

 


«Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, қалалық бюджеттен қаржыландырып, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару міндеттерін орындайтын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2012 жылдың 08 мамырындағы №139 Алматы облысының Текелі қаласының әкімдігінің қауылысының негізінде «Текелі қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөліну жолымен қайта құрылып «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылған.
Алматы облысының Әділет Департаментінің Текелі қаласындағы Әділет Басқармасымен 2012 жылдың 15 маусымында тіркелген, заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен туралы куәлік 199-1907-23-ММ.


 

Азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
Сейсенбі 10.00 – 18.00 13.00 – 14.30
Сәрсенбі 10.00 – 18.00 13.00 – 14.30
Бейсенбі 10.00 – 18.00 13.00 – 14.30
Сенбі Демалыс
Жексенбі Демалыс