Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2018 жылдың 2-тоқсанына
 
«Текелі қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 2 тоқсанда атқарылған жұмысы бойынша ақпарат
 
Алматы облысының Текелі қаласында салынатын 40 пәтерлі тұрғын үйге және 40-пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және көкалдандыру құрылыс жұмыстарына сметалық жоба құжаттары дайындауға келісім шартқа отырылды.
Сонымен бірге Текелі қаласындағы орталық аурухананың сейсмиқалық төзімділігін күшейту құрылыс жұмыстары қадағалануда.
 
2018 жылдың 3-тоқсанына
 
«Текелі қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 3 тоқсанда атқарылған жұмысы бойынша ақпарат
 
«Текелі қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші тоқсанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018-2021 жылдар аралығында, 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындалып мемлекеттік сараптамаға өткізіп қорытындысы бойынша Астана қаласының «Строй Продуктив» ЖШС жеңімпаз аталды.
 
Сонымен қатар Текелі қаласына «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», мен «Орталық кітапхана мен Мұражай», нысандарының құрылысына «Алматы облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінен жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін қосымша қаражат сұрастырылды.
 
Текелі қаласының орталық ауруханасының сейсмикалық төзімділігін күшейту құрылыс жұмыстары аяқталып қолданысқа берілді.
 
2018 жылдың 4-тоқсанына
 
«Текелі қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 тоқсанда атқарылған жұмысы бойынша ақпарат
 
Алматы облысының Текелі қаласында салынатын 40 пәтерлі тұрғын үйге және 40-пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және көкалдандыру құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сараптама қортындысы алынды.
 
Сонымен бірге Текелі қаласындағы Амфитеатр құрылысына сметалық жоба құжаттарын мемлекеттік сараптаманын қортындысы алынды.
 
2019 жылға 40 пәтерлі тұрғын үйге, 40- пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және көкалдандыру құрылыс-монтаж жұмыстарына ЖСҚ дайындау үшін Облыстық құрылыс басқармасынан қаражат қарастыруларын сұрастырдық.
 
2019 жылға 40 - пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс монтаж жұмыстарына, 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және көкалдандыру құрылыс жұмыстары сонымен қатар қалалық орталықтандырылған жедел басқару (ЦОУ) құрылыс салуға, қаражат қарастыруға облыстық құрылыс басқармасына өтінім берілді.
 
Алматы облысының Текелі қаласында салынатын Әкімшілік ғимаратына сметалық жоба құжаттарын дайындауға мердігермен келісім шартқа отырылды.
 

2019 жылғы 1-тоқсанда

Текелі қаласы бойынша төтенше жағдайлар бойынша оқу жаттығу өткізілген іс-шараға қатысты.
 
Текелі қаласында салынатын барлық құрылыс жұмыстарына техникалық анықтама шарттары дайындалып өткізілді.
 
Сонымен бірге 7-20-25 бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.