Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ » Міндеттері мен мақсаты

Міндеттері мен мақсаты

Бөлімнің негізгі мақсаттары:

1) құрылыс қызметінің аясында мемлекеттік саясаты жүргізу;
2) қала аумағында әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыталған құрылыс және басқа бағдарламаны, құрылыс кешені мен инфрақұрылымен жүзеге асырады;
3) тұрғын үй қорын жөндеуге және қайта келтіру бағдарламасын дайындауға қатысу;
4) қала аумағында құрылыс кешенін дамытуды реттеу және болжау, сараптау, зерделеу;
5) құрылыс саласында интеграциялық процесстерді күшейту;
6) құрылыс материалдарын өндіру индустриясын дамыту;
7) жергілікті құрылыс - монтаждық және жөндеу - құрылыстық кәсіпорындарын дамыту шарттарын ұйымдастыру;

Бөлім бекітілген заң тәртібімен келесі міндеттерді жүргізеді:

1) құрылыс саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) қала аумағында құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін жасау жөнінде ұсыныстарды дайындау;
3) қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуында кешенді бағдарламаларды дайындауға, құрылыс индустриясының кәсіпорындарын және тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жасауда қатысады;
4) қала құрылысы және құрылыс саласында Текелі қаласының әкімімен қабылданатын шешімдердің жобасына құжаттарды, негіздемелерді, ұсыныстарды дайындауда қатысады;
5) қала құрылысы және құрылысты жетілдіру бойынша, ғимараттардың көтеру жөнінде шараларды жүргізеді;
6) жаңа құрылыс нысандарының кезекші жоспарларын жүргізу жөнінде жұмыстарды қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын нысандарды жобалауға, жасауға, күрделі жөндеге өткізілетін байқауларда қатысады;
8) құрылыс – монтажды жұмыстарды жөндеуге мердігер ұйымдармен келісім – шарт жасайды;
9) бекітілген келісім – шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қаржыландыруды жүргізеді;
10) бекітілген келісімдік міндеттерді мердігерлердің орындауын қөамтамасыз етеді;
11) құрылыс қызметі субъектілері құрылыс мерзімі мен сапасын, жоспарлау ережесін сақтау жөнінде шараларды жүргізеді;
12) салынған нысандарды пайдаланымға өткізу жөнінде жұмыстарды жүргізеді;
13) қала аумағында құрылысқа, қайта құруға және күрделі жөндеуге жататын ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік нысандардың, жобалық-жоспарлық құжаттарының келісімін қарауды жүргізеді;
14) тұрын үй – азаматтық, өндірістік, коммуналдық бағыттағы құрылысы аяқталған нысандарды пайдаланылымға өткізу жөнінде қабылдау комиссия жұмысында қатысады;
15) Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда қатысыды.