Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2018 жылдың І жартыжылдығына
 

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына Текелі қаласының бюджет кірісі жоспар бойынша 120403,0 мың теңге түсті 1738701,3 мың теңге 101,1% орындалды. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша 21 түрі артығымен орындалды.

Облыстық бюджеттен 954051,0 мың теңге субвенциясы алынды және нысаналы трансферттері 607146,0 мың теңгені құрады.

Жинақ жоспары бойынша салық түсімі 134909,0 мың теңгені құрап, нақты түскені 147069,1 мың теңге, 109,0%-ға орындалды.

Жинақ жоспары бойынша салықтық емес түсімдер 2327,0 мың теңгені құрап, нақты түскені 6100,5 мың теңге, 262,2 %-ға орындалды.

Жинақ жоспары бойынша негізгі капиталды сатудан түсімдер 21970,0 мың теңгені құрап, нақты түскені 24334,7 мың теңге, 110,8%-ға орындалды.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына Текелі қаласының бюджет шығындардың бөлігі 96,3%-ға орындалды. Жоспар бойынша 1614299,0 мың теңге, игерілген соммасы 1553935,2 мың теңге. Игерілмегені 60363,8 мың теңге (оның ішінде: жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер 10011,5 мың теңге), мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнем – 9921,6 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнемі – 3747,5 мың теңге, әлеуметтік төлемдерді алушылардың нақты санның азаюы – 231,3 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 822,0 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 416,2 мың теңге, нақты көрсетілетілген қызметтер үшін жасалған төлем – 775,7 мың теңге, шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін уақытылы ұсынылмаған – 8617,0 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар – 22638,0 мың теңге, келісім-шарттар жасалмаған – 4667,2 мың теңге, қазынашылық органына төлемдерді кеш ұсынылғаны – 2381,6 мың теңге, жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындамау – 7,5 мың теңге, есептік айда қаражатты игеру қажетілігінің жоғы – 5396,4 мың теңге, тауарды жеткізбеу – 518,6 мың теңге, басқа шығындар – 223,2 мың теңге.

2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына бюджеттік бағдарламма әкімшілігінің орындауы:

Қала әкімінің аппараты – 79,5% (игерілмеген 11792,2 мың теңге: мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнем – 4063,0 мың теңге, шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін уақытылы ұсынылмаған – 2197,5 мың теңге, еңбек төлемі бойынша үнем – 508,9 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 421,3 мың теңге, келісім-шарттардың кеш жасалуы – 4600,0 мың теңге, басқа шығындар – 1,5 мың теңге ).

Рудничный ауылдық округ әкімінің аппараты – 85,3% (игерілмеген 1807,1 мың теңге: көше жарықтануы – 535,0 мың теңге, (мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 235,5 мың теңге, орындалған жұмыстар актілері, ұсынылған шотқа сәйкес – 299,5 мың теңге) санитария, орындалған жұмыстар актісі ұсынылмаған – 80,1 мың теңге, асфальт жолдарын ағымдағы жөндеу жұмысына – 937,0 мың теңге, (мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 142,0 мың теңге, шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін уақытылы ұсынылмаған – 795,0 мың теңге) мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 71,2 мың теңге, еңбек төлем қоры бойынша үнем – 49,4 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 67,3 мың теңге, басқа шығындар – 67,1 мың теңге).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 95,8% (игерілмеген 22025,5 мың теңге: апаттық тұрғын үйлерді бұзу, орындалған жұмыстар актісі ұсынылмаған – 4303,0 мың теңге, шамды қайта өңдеу, батарея, орындалған жұмыстар актісі ұсынылмаған – 235,0 мың теңге, 30 ішкікварталдық аудандағы санитарлық тазалау, қазынашылық органына төлемдерді кеш ұсынылғаны – 2381,6 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі, “Алматы облысы Текелі қаласы кәріз жүйесінің қайта жөндеуі” нысан бойынша техникалық қадағалауды өткізу – 2900,9 мың теңге, “Алматы облысы Текелі қаласы қалалық хауызға инженерлік-коммуналдық жүйесінің құрылысы” ЖСҚ-ға, орындалған жұмыстар актісі жоқ – 400,0 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі, 22 темірбетонды жаяу жүргінші баспалдақтары ағымдағы жөндеу жұмысы – 2000,0 мың теңге, аулалардың асфальт төсеніштерін ағымдағы жөндеу, жұмыстар орындалмаған – 565,2 мың теңге, «Алматы облысы Текелі қаласының аумағын кеңейтумен қалалық зираттың қоршауына күрделі жөндеу» жұмыс жобасы бойынша кешенді ведомстволық сараптама дайын емес – 306,9 мың теңге, «Металлург» ықшам ауданының жылу магистральдық желілерін қайта құру, техникалық қадағалаудағы жинақ – 70,4 мың теңге, тұрғын үйді сатып алу екі лоты бойынша өткізілмеген конкурс – 8737,0 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 22,3 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнемі – 89,1 мың теңге, басқа шығындар – 14,1 мың теңге).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 96,1% (игерілмеген 5568,0 мың теңге: әлеуметтік төлемдерді алушылардың нақты санның азаюы – 90,2 мың теңге, еңбек төлемі бойынша үнем – 87,5 мың теңге, есептік айда қаражатты игеру қажетілігінің жоғы – 5375,5 мың теңге, басқа шығындар – 14,8 мың теңге).

Кәсіпкерлік бөлімі – 96,4% (игерілмеген 248,7 мың теңге: еңбек төлемі бойынша үнем – 207,5 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 36,4 мың теңге, басқа шығындар – 4,8 мың теңге).

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі – 96,4% (игерілмеген 300,5 мың теңге: мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 236,3 мың теңге, еңбек төлемі бойынша үнем – 63,3 мың теңге, тауарды жеткізбеу – 70,0 мың теңге, басқа шығындар – 0,9 мың теңге).

Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 97,3% (игерілмеген 137,9 мың теңге: мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 58,8 мың теңге, еңбек төлемі бойынша үнем – 13,3 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 62,0 мың теңге, басқа шығындар – 3,8 мың теңге).

Ветеринария бөлімі – 97,5% (игерілмеген 216,4 мың теңге: еңбек төлемі бойынша үнем – 18,0 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 157,5 мың теңге, нақты көрсетілген қызмет көлеміне төленген төлем – 12,0 мың теңге, есептік айда қаражатты игеру қажетілігінің жоғы – 20,9 мың теңге, тауарды жеткізбеу – 8,0 мың теңге).

Білім бөлімі – 97,50% (игерілмеген 17335,4 мың теңге: ЛМК кабинетті жеткізу – 13901,0 мың теңге (қаржылық бақылау инспекиямен конкурс тоқтатылды, қайта жрияланды 30.05.2018 ж., мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемі – 54,0 мың теңге,еңбек төлемі бойынша үнем – 2401,4 мың теңге, тауарды жеткізбеу-сынып журналдары – 510,6 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 172,3 мың теңге, келісім-шарттар жасалмаған – 115,0 мың теңге, әлеуметтік төлемдерді алушылардың нақты санның азаюы – 141,1 мың теңге, басқа шығындар – 40,0 мың теңге).

Мәслихат аппараты – 98,2%.

Ауыл шаруашылық бөлімі – 98,3% .

Сәулет және қала құрылысы бөлімі – 98,4%.

Құрылыс бөлімі – 98,5%.

Жер қатынастар бөлімі – 98,8%.

Қаржы бөлімі – 98,9.%

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 99,6%.

Ішкі саясат бөлімі – 99,8%.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 99,9%.

2018 жылдың 1 шілдесіне кредиторлық берешегі – 5287,4 мың теңге құрады, оның ішінде: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша – 58,7 мың теңге – уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, ауыл шаруашылық бөлімі бойынша 443,0 мың теңге - жоспардан тыс іссапар шығындары, білім бөлімі бойынша – 4785,7 мың теңге оның ішінен – 408,9 мың теңге - жоспардан тыс іссапар шығындары, тарифтерді арттыруынан жылумен қамту қызметі – 4376,8 мың теңге;

2018 жылдың 1 шілдесіне дебиторлық берешегі жоқ.