Бөлім заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды орындайды:
1) қала қаржысын басқару аясында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын белгілеуге қатысу;
2) қалада мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру;
3) бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және қолда бар ақшалай қаржыны басқару жөнінде шешімдер қабылдайды;
4) жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды;
5) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді;
6) бағдарлама әкімгерлерінің жылдық соммаларын әр айға бөлуіне және
қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;
7) мемлекеттік мекемелерге бюджеттік қаражатты жұмсау үшін міндеттемелерді қабылдауға рұқсат береді;
8) бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;
9) шараларды қаланың әкімдігіне басымдылық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, ұсынуға қатысу;
10) жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;
11) жүйені және толық жинауды ретке келтіруді қамтамасыз ету;
12) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алулар процессін, сондай-ақ қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізген сатып алулардың қорытындысы мен жиынтығын талдайды;
13) мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіріп және мониторингін жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарын барлық түрлерін қалыптастырады;
15) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және заңды тұлғалардың деректер базасы тізілімін құрастырады;
16) қаланың жекешелендіру және мемлекеттік коммуналдық меншік қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
Бөлімнің негізгі қызметтері:
1) Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеті туралы шешімдерінің жобасын және оны жүзеге асыру жөніндегі қала әкімдігінің қаулыларын әзірлеуге қатысу;
2) қалалық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және жетілдіру;
3) бюджеттің орындалуын талдау, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және қалалық бюджеттің қолда бар ақшалай қаржысына басшылық жасау;
4) Текелі қаласының аумағында коммуналдық меншікті және мәселелері бойынша мемлекеттік мүддесін беру;
5) бюджетті орындау, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару және салық төлеуші - жеке тұлғалар төлейтін жергілікті салықты жинау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
6) жергілікті бюджет қаржысының мақсатты және үнемді жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
7) қала мекемелерімен жасалатын мемлекеттік сатып алу ауқымында мониторинг жүргізу;
8) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес орындалатын өзге де міндеттер.