Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2018 жылдың І-тоқсанына

 
Мектепке дейінгі білім беру туралы
Текелі қаласында 5 балабақша (4 мемлекеттік б/б, 1 жекеменшік б/б) жұмыс атқаруда, қамтылған бала саны 870.
Мектептер жанындағы 7 шағын орталықтарда 150 бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі тәрбиемен барлығы 1339 бала қамтылған, қамтылуы 98,5 % құрап отыр (2016 жылы 88,1 % құраған).
2018 жылдың наурыз айында 0-6 жасқа дейінгі балалардан балабақша кезектілігінде 618 бала тұр, оның ішінде 0-3 жасқа дейін-611, 3-6 жасқа дейін - 7.
 
Жалпы орта білім беру
Қалада 5876 орынды 8 жалпы білім беру мекемелер жұмыс істейді.
Жалпы білім беру бағдарламасын ІІІ тоқсанды табысты аяқтаған оқушылар саны- 2531, оның ішінде 1072 үздік және 1459 оқу екпінділері. Білім сапасы -62 %. (2016-2017 оқу жылында білім сапасы -59 %).
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау педагогикалық тәжірибені дамытуға бағытталған іс-әрекеттерді, мұғалімдердің зерттеушілік әлеуетін ынталандыру мен білім беру жүйесіндегі нәтижеге бағытталған жаңа жағдайларда оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруды көздейді.
Қаңтар айында өткен облыстық пән олимпиадасынан 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оны ішінде ІІ орынды-4 оқушы, ІІІ орынды-12 оқушы алды.
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде » республикалық конкурсының облыстық кезеңіне 16 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Ақпан айында №6 ОМ базасында қалалық «Жырлайды жүрек» М.Мақатаев оқулары өтті.
2018 жылдың 01 ақпанда №1 ОМ базасында «Келешектің кемел жазуы: латын әліпбиіндегі тарихи құжаттар» атты семинар өтті.
Ақпан айында Республикалық «Дарын» ғылыми жобасына №4 ОМ 11 сынып оқушысы Маулен Айсулу «Алғыс хат», №3 ОМ 11 сынып оқушысы Нургалиева Рамина ІІІ орын жүлдегері атанды.
20 наурызда облыстық «Үздік инновациялық қазақ тілі мен әдебиеті сабағы» байқауында №3 ОМ мұғалімі Жесекбаева Г.К.- ІІ орын, №8 ОМ мұғалімі Джасымбекова Г.А. - ІІІ орын иегерлері атанды.
Наурыз айында өткен облыстық «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» байқауында №6 ОМ мұғалімі Тугамбаева Г.Н. жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
28 наурызда №4 ОМ базасында «Латын әліпбиі: Бүгіні мен ертеңі» атты қалалық семинар ұйымдастырылды.
30 наурыз күні №8 ОМ базасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» қалалық байқауы өткізілді. Аталған шараға 8 мектептен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - №1 ОМ мұғалімі А.Жұматаева;
І орын - №8 ОМ А.Любченко ;
ІІ орын - №6ОМ С.Матвеева және №7ОМ Г.Чукубасова;
ІІІ орын - №2 ОМ Г.Жұмажанова иеленді.
Номинация бойынша: «Креативті ұстаз» О.Еготинцева (№3 ОМ), «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын Р.Стамбекова (№5ОМ), «Шығармашыл ұстаз» номинациясын О.Бахтиярова (№4ОМ), иеленді.
30 наурызда облыстық «Үздік логопед» байқауында №4 ОМ логопеді Бердиева А.Ж. ІІ орынды иеленді.
Пән олимпиадасы 30 наурызда ЖМУ базасында жаратылыстану-математикалық бағытта 6 мұғалім қатысты, оның ішінде №5 ОМ математика пәні бойынша Шаяхметов Жандос І орын, №4 ОМ биология пәні мұғалімі Уразова Г.Б. және физика пәні мұғалімі Жаманкулова С. ІІ орынға иеленді.
Облыстық «Үздік география пәні мұғалімі» байқауында №8 ОМ география пәні мұғалімі Андасова Асем «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен марапатталады.
Наурыз айында өткен Республикалық «Жырлайды жүрек» М. Мақатаев оқуларында №5 ОМ 10 сынып оқушысы Тлеухан Жансая жүлделі І орын,
(жетекшісі Құмашбаева А.Б) иегері атанды.
 
Ұлттық бірыңғай тестілеуді сапалы өткізуді ұйымдастыру
Барлығы мектеп бітірушілер саны - 199, онын ішінде 123 қазақ тілінде, языком, 76- орыс тілінде.
ҰБТ –ге қатысатын мектеп бітірушілер саны - 125 (62,8%), олардың ішінде «Алтын белгі» үміткерлер саны -13(№3ОМ-1, №4 ОМ-3, №5 ОМ - 4 , №8 ОМ-5), «Үздік аттестат» -13 ( №1 ОМ-1, №3 ОМ-1, №5ОМ-9, №6 ОМ-2).
Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын зерделеу мақсатында ай сайын «Ustadi», «Достық», ҰТО оқу орталықтары кітапшалары бойынша қалалық сынымалы тестілеу өткізіледі. Нәтижелері бойынша мониторинг жургізіледі.
Мектептерде ҰБТ –ге дайындық бойынша косымша сабақтар жүргізілуі ұйымдастырылған.
2018 жылдың қаңтар және наурыз айларында қала әкімінің орынбасары С. Болысбайұлының қатысуымен ҰБТ-ге дайындық бойынша мектеп бітірушілер және олардың ата-аналарымен сұхбаттар өткізілді.
 
Кәмелет жасына толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі 2017-2019 жылдарға өңірлік іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып 2017-2018 оқу жылдарына арналған қалалық ішкі істер басқармасымен бірлескен жоспары бекітілген.
2018 жылдың І тоқсанында қалалық ІІБ-нің есебінде 12 жасөспірім тұр. Оның ішінде 5 мектеп оқушылары, 7 колледж студенттері, 6 сәтсіз отбасы саны тіркелген.
2018 жылдың І тоқсанында өткен жылдың желтоқсан айынан ауысқан 1 қылмыс- бұзақылық (2017 ж. І тоқсаны бойынша 5 қылмыс) тіркелген.
Үнемі «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» атты рейдтік және алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Өткен мерзім бойынша 17 рейдтік және профилактикалық шаралар, 2 семинар, 1 «дөңгелек үстел» өткізілді.
Ай сайын жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Текелі қаласының әкімдігінің жанында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның 6 отырысы өткізілді. Жасөспірімдерге қатысты өз балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналық міндеттерін дәлелді себепсіз орындамаған ата-аналарға қатысты 4 материал қаралды
 
 
Бөлім басшысы З.Игембаева