Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

Бөлімнің негізгі мақсаты
- білім беру бөлімінің жүйесіндегі білім берудің мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейін және жағдайын зерттеу;
- білім беру бөлімі мекемесінде басшы және педогогикалық кадрлармен қамсыздандыруды зерделеу,мұқтаждығына болжам жасау;
- білім беруді ұйымдастыруда материалдық - техникалық базаны дамыту және сақтау;
- қалалық білім беру мекемелерін оқулықтармен және МОҚ-мен қамсыздандыруға анализ жасау;
- білім беру бюджетін жобалау бойынша ұсыныс енгізу,білім беру жүйесінде экономикалық механизмді жетілдіру;
- жаңа ақпараттық білім беру технологиясын жасау және әзірлеу;
- білім беру қызметкерлерінің басшыларының және педогогикалық
кадрлардың біліктілігін көтеру;
- білім беру жүйесінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау бойынша құжаттарын дайындау,құрметті атақтарға кандидаттарды ұсыну.
Бөлімнің негізгі  міндеттері:
Қала  аумағында  мектепке дейінгі және орта білім беру аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
қаланың мемлекеттік білім беру мекемелері мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;
ведомствоға қарасты ұйымдарды және  материалдық-техникалық базасын  дамыту.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес:
қаланың білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын  құрады және жүзеге асырады;
білім беру жүйесіне қатысты ұсыныстарды дайындайды;
экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарлары мен  білім беру бюджетінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасы заңдарының,  жоғары орналасқан мемлекеттік ұйымдарының  басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады;
білім беру жүйесінің  жағдайын талдауды жүзеге асырады;
қаланың оқу-тәрбиелік мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының  торабын дамыту және  тиімді орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды;          
материалдық-оқыту базасын нығайту мәселелерінде ұйымдарға көмек көрсетеді;
орта білім беруді жүзеге  асыруға қажетті шараларды қамтамасыз етеді, балалардың орта білімді толық  алуына дейін есебін жүргізеді;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қамқорлық ұйымдастырады, осы балалардың мектеп- интернаттарға жіберілуіне жәрдемдеседі;
кәмелеттік жасқа толмаған балалар істері жөнінде комиссиясы  жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, мектептердің негізгі саты түлектерін жұмысқа орналастыру және кәсіби білім беру мәселелерін шешеді;
мемлекеттік мекемелердің кадрлармен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
педагог-кадрлардың біліктілігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, қалалық және республикалық біліктілік көтеру конкурстарына жібереді;
оқушылар мен білім беру саласының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
медициналық мекемелермен бірлесе отырып, балалардың өмірін қорғауды  және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін шаралардың орындалуына және жағдайларының қадағалануына бақылау жүргізеді;
мектептердің әкімшіліктерімен, кәсіби ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен оқушылардың жазғы демалысы мен еңбегін, бос уақыттарын  ұйымдастырады;
қоғамдастықты білім беру мекемелеріне қажетті көмек  көрсетуде олардың мәселелерін шешуде іске тартады;
 қалада балалармен көпшілікке арналған жұмыстар ұйымдастырады;     
азаматтар  ұсыныстарын, арыздарын және шағымдарын қарастырады, жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдайды, олардың негізделген өтініштері мен заңды талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, қалалық білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының қызметіндегі азаматтар хабарлаған кемістіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.