Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 03.06.2016
Оқылды: 413 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМ
 
20 мамыр 2016 жыл № 5-24
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2016 жылғы 30 мамырда № 3859 нөмірімен тіркелген
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2016-2018
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 44-286 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 29 желтоқсанында № 3650 тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарында № 2 (3265), 2016 жылғы 15 қаңтарында № 3 (3266) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған)), Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 ақпандағы «Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 47-301 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 16 ақпанында № 3721 тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпандағы № 9 (3272) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған)), Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 2-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 4 сәуірінде № 3769 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 15 (3278), 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 (3279), 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 17 (3280) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған)) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2016-2018 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  1. кірістер 3212507 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер 204542 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 7579 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7819 мың теңге;
трансферттер түсімі 2992567 мың теңге, соның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 1261454 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 814123 мың теңге;
субвенциялар 916990 мың теңге;
  1. шығындар 3223988 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу 458507 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер 458507 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5910 мың теңге;
  2. бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 475898 мың теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 475898 мың теңге.».
  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ф. С. Мырзахметова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қалалық мәслихаты                                                  Текелі қалалық мәслихатының
сессиясының төрағасы                                                        хатшысы
__________ Л. Төлеуханова                                                  _________Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы «Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 5-24 шешіміне келісімі
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының экономика және                                    Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                               Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Сванқызы
 
20 мамыр 2016 жыл