Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 31.05.2016
Оқылды: 395 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2016 жылғы 29 сәуір № 4-18
 
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2016 жылғы 23 мамырда № 3842 нөмірімен тіркелген
 
 
Текелі қаласы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және біріңғай жер
салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Б. Б. Есболатов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қалалық мәслихаттың                                                      Қалалық мәслихаттың
сессиясының                                                                   төрағасы хатшысы
____________ Э. Иманбердиева                                       __________ Н. Калиновский