Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін баға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 12.05.2016
Оқылды: 413 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2016 жылғы 28 наурыз № 2-8
 
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2016 жылғы 5 мамырда № 3800 нөмірімен тіркелген
 
 
Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін
бекіту туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менісов Бақытжан Запировичқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менісов Бақытжан Запировичқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                                                       Текелі қалалық мәслихатының
сессиясының төрағасы                                                             хатшысы
____________ А. Қожабек                                                            ____________ Н. Калиновский