Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының ШЕШІМІ 22 желтоқсан 2015 жыл № 44-286

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының ШЕШІМІ 22 желтоқсан 2015 жыл № 44-286

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 06.01.2016
Оқылды: 492 Печать страницы

Текелі қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

22 желтоқсан 2015 жыл № 44-286

 

Алматы облысының Әділет департаментінде

2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3650 нөмірімен тіркелген

 

 

Текелі қаласының 2016-2018

жылдарға арналған бюджеті

туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2016-2018 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  1. кірістер 3052144 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер 207145 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 9169 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3626 мың теңге;

трансферттер түсімі 2832204 мың теңге, соның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1103084 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 812130 мың теңге;

субвенциялар 916990 мың теңге;

  1. шығындар 3046234 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5910 мың теңге;
  2. бюджет тапшылығы (профицитi) 0 теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 0 теңге.
  1. 2016 жылға Текелі қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 2199 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2016 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Мырзахметова Ф. С.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  5. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қалалық мәслихат Текелі қалалық

сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы

 

___________ Э. Иманбердиева ___________ Н. Калиновский

 

 

 

Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 44-286 шешіміне келісімі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Текелі қаласының экономика және Мырзахметова

бюджеттік жоспарлау бөлімі» Файзагүл

мемлекеттік мекемесінің басшысы Сванқызы

 

22 желтоқсан 2015 жыл

қала бюджеті 2016-2018