Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пай...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 04.01.2018
Оқылды: 170 Печать страницы
Текелі қаласының әкімдігінің қаулысы
 
2017 жылғы 20 желтоқсан                                                                                                                                              № 389
 
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 29 желтоқсанда № 4459 нөмірімен тіркелген.
 
Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған
жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидалары
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Текелі қаласының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
 
2. Жануарлардың Текелі қаласының коммуналдық
меншігіне келіп түсу тәртібі
 
3. Қараусыз қалған жануарлардың Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Текелі қаласының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 
 
3. Жануарларды бағалау, есепке алу
және бекiтiп беру
5. Текелі қаласының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Текелі қаласының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды қала әкiмдiктiң қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
 
4. Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды
пайдалану тәртібі
7.Текелі қаласының коммуналдық меншiгіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
2) аукцион арқылы сату;
3) сауда ұйымдары арќылы сату;
4)жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
8. Текелі қаласының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда қала әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.
 
5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
 
9. Жануарлар Текелі қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтімге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.
12. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді
 
6. Қорытынды
 
13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
 
Текелі қаласының әкімдігінің қаулысына 2017 жылғы 20 желтоқсан
«Текелі қаласының коммуналдық меншіктегі қабылданбаған жануарларды қабылдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 389 қаулысына келісім
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
 
 
 
«Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік месемесінің басшысы
 
 
 
________________
 
 
 
С. Махаев
20 желтоқсан 2017 жыл
 
 
 
 
«Текелі қаласының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
 
 
 
________________
 
 
 
Е. Ахметов
20 желтоқсан 2017 жыл